Бөлісу:
Әдебиет және музыка оның айқын жасаушы болды. Діни догма мен тыйымдар бейнелеу өнер және театр мәдениетінің дамуын тоқтатты.
Әдеби процестер екі бағыт бойынша жүрді: ауызша шығармашылық және жазба әдебиеті. Ауызша шығармашылық ақындардың айтысы, дастандар, батырлық және лиро-эпикалық поэмалар, ертегілер, мақал мен мәтелдер және т.б. түрінде дамып отырды. ХІХ — ХХ ғ. басында көптеген айтыстарда (сайыстарда) Жанақ, Шөже, Ақан Сері, Сүйінбай, Жамбыл, Сара Тастанбекова, Әсет Найманбаев, Біржан сал, ақындар әзілқойлық, тапқырлық, суырып салмалығымен, дәстүрлерді, салттарды, тілді терең білуімен ерекшеленді.
А.Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы болып табылады. Ол (1845–1904) Семей облысы Шыңғыс тауларында тобықты руының старшындар отбасында дүниеге келді. Алғашқы білімін үйде жалданушы молладан алды. Содан кейін Абай Семей имамы Ахмет-Ризаның медресесіне жіберілді. Алайда әкесі Абайдың қалада оқуын аяқтауға бермей, оны ауылға қайтарып, ру басының соттық және болашақ әкімшілік қызметіне дайындай бастады. Абай ұшталған шешендік, өткір тілдік және тапқырлық масты қару болған, сөз сайысын жүргізудің тәсілдерін меңгерді. Соттың істі қарауы қазақтар құқығының негізінде жүріп отырды. Абай жиырма жыл бойы шығыс, ақындардың халық поэтикалық шығармашылығын және орыс классикалық әдебиетін зерттеді. 1886 ж. 40 жасындағы Абай өзінің «Жаз» өлеңін жазды, келесі жиырма жылы поэтикалық қызметте өтті.
Абай қазақ қоғамындағы барлық жаңаның, ілгеріңдінің тасымалдаушысы болды. Оның ойынша әрбір ойшыл адам қоршаған, ақиқатқа өзінің саналық қатынасын орнатуы керек еді. Ол адам қоғамын игі, парасатты, ілгеріңді дамып жатқанын көргісі келді. Әрбір адам осыған өзінің үлесін қосу керек. Сондықтан Абай пасаттылар қатарында болуына тілек білдірген барлық адамдарды: «Күніне немесе аптасына бір рет, немесе айына бір рет өзіне есеп бер, осы уақыт бойы өмірде өзін қалай ұстадың, игі мен, ақылға тән істерді жасадың ба?» деп ойлауға шақырды.
«Сана, ғылым, еркіндік» адамды биіктетін қоғамның ілгеріңді дамуына ұмтылу Абай шығармашылығында басты бағыттардың бірі болды. Әрбір адамның адамгершілік қоғамға қызме ету жолын Абай Құнанбаев қоғамның мктериалдық және рухани игіліктің жетістік пен гүлдену құралы ретінде ең алдымен еңбекте көрді.
ХІХ ғ. екінші жартысында патшалық саясаттың отарлау және феодалдық езгінің күшеюі нәтижесінде халықтың, қазақ шаруалардың кедейленуі өте тез жүрді. Қазақтардың көбі жұмыссыздықтардың қатарын толтыра бастады. Абай қазақтардың осы бөлігін ойлап, оларды жалдамалы еңбектен жатсынбауына шақырды.
Абайдың бүкіл шығармашылығы әрекетсіздікке ымыраспаушылық идеяларына толы. Оның ойынша адам мінезі қиыншылықтарды жеңу күресінде ғана нығаяды. Ақын қоғамдық өмірдің қазіргі жағдайлары бойынша халықта өз еңбегін толық қолдану мүмкіндігі жоқ екенін түсінсе-де, ол халықтың шығармашылық күшіне сенді.
Абай әшкереулеші өлеңдерінде көптеген еңбектенушілер және үстем азшылық арасындағы антагонистік қайшылықтарды ашты.
Абайдың демократиялық позициясы старшындар мен билердің қызметіне деген қатынасты анықтады. Билердің құқықтары патшалықпен қысқартылса да, олардың қолдарында маңызды сот билігі жинақталған, ал қазақ шаруашалардың көбі олармен істес болды. Билердің көптеген сұрақтары бойынша шешімі патшалық әкімішіліктің мүдделерін айқындады.
Билер тұрғындардың қараңғылығын, білімсіздігін пайдаланып, бұдан пайданы алуға ұмтылды, Абайдың сөзімен айтқанда негізінен халықты «ақымқа қылды».
Халықтың мүддесі Абайға жақын және түсінікті болды. Оны қоршаған адамдарда, өзінің жақындары және оқушыларда ол халыққа риясыз адалдық пен оның мүдделерінің қорғауын бағалады. Өмірден ерте кеткен ұлы Әбдрахман туралы қайғырып, Абай оның жақсы қасиеттерін (ерілігін, адалдығын, игілігін, білімге құштарлығын) атап өтті, ол «кедейлердің қорғаушысы, абырой мен, ақиқат үшін күрескер болды» деп атап өтті.
Қазіргі қоғамның қайшылықтары Абайдың дін басыларға деген қатынасында айқындалды. Дінге сенуші адам болып, «әділдік пен махаббат құдайға тән» деп сеніп, ол саол уақытта Қазақстандағы дінге қызмет етуші адамдар — моллалар, ақиқат пен абыройдан алыс екенін көріп отырды. Олардың көбі өздерінің лауазымын сатып алып, оны жеңіл табыс ретінде пайдаланды. Қазақтардың арасында көбі намазды да білмейтінін көріп, Абай былай жазған: «Менің ойымша, қазақтарды нағыз мұсылман деп атауға болмайды». Оның мұсылмандық дін басыларына деген қатынасы — дінді қорғаушыларды «зиянды алдаушылар» деп атаған Шоқан Уәлихановтың айтқан сөзіне ұйқас. Абай халықтың ауыр өмірін көріп, әділсіздікті әшкерелеумен шектелмей, осы әділсіздікті түзетуге бағытталған белсенді әрекеттерді талап етті.
Еңбектенушілер өмірінің жақсарғанын Абай қоғамның экономикалық негізінің өзгеруінде көрді. Абай қазақтардың ілгеріңді дамуын егін шаруашылығы, қолөнер және сауданың дамуымен байланыстырды. Экономика дамуының осы үш бағыты қазақ ағартушыларының әрдайым назары болып табылады, оның ойынша халық соған үйрену керек.
Қазақстандағы тұрғындардың көбі мал шаруашылығымен айналасуды жалғастырса да, Абай келешектегі экономикалық дамуын егін шаруашылығының кеңеюі және жақсартуымен байланыстырды, себебі ол қазақ даласының ауа райы жағдайының кездейсоғына аз ұшырайды.
Абай қолөнердің экономикалық дамуында маңызды орнын анықтай отырып, былай айтқан: «Қолөнерді үйрену қажет», себебі «қолөнер әрқашан қолда қалады және өз қолымен жасаған алдаусыз сатып отыратын қолөнерші қазақтардың арасында ең үздігі». Сол уақытта ол адал қолөнершілердің жасаған тауарларын өткізу кезінде жолдарында пайда болған қиыншылықтарды көрді. Үлкен жамандықтардың бірі алыпсатарлар болды — олар қолөнершідердің тауарларын арзан баға бойынша сатып алып отырды. Алыпсатарлар, ақша-тауарлық қатынастардың дамуымен пайда болды.
Абайдың ойынша сауданың келешектегі дамуы мен кеңеюі Қазақстан экономикасы дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Ол өзбек саудагерлері жайлы құрметпен айтып отырған. Қазақтар олардың көптеген тауарларын сатып алып отырды және малға да айырбастап отырды. Абай сауданы халық арасындағы қатынас құралы, қоғамның өндіргіш күштерінің даму түрткісі ретінде қарастырды, сондықтан оның Қазақстанда келешектегі дамуының белсенді насихаттаушысы болды. Халық мүдделерін демократиялық тұрғыдан қорғай отыра, Абай әрқашан қоғамның ілгеріңді даму жолдарын іздеп отырды, бірақ істі халықтың игі қызметіне мүдделі адал билеушілер келеді деп санап, мәселеге, ағартушылық позициядан келіп отырды.
Абай билеушілер мен халық арасындағы қайшылықтарды шешу жолын таба алмады, ол қоғамның, заңнның, тұлғаның өзара байланысын соңына дейін таба алмады, бірақ заңның әділдігіне сенді.
Төрешілердің парақорлығы мен пайдакүнемдігін, моллалардың надандығын береке жолындағы үлкен зұлымдық деп санады, осы зұлымдықты жеңе алатын негізгі күшті Абай ғылым мен, ағартушылықта көрді.
Абайдың жастарға оқу мен білімге махаббаты дағдыландыруға ұмтылуы ең алдымен надандық пен қараңғылыққа байланысты қазақ қоғамының бейбақтастығын әшкерелеуде өз көрінісін тапты.
Қазақ қоғамының өмірін зерттеп отырып, Абай оның бейбақтастығын тек бірігу арқылы ғана жеңуге болады деген шешімге келді. Әрбір адам өз тағдырының иесі болса да халық тағдыры бар. Қоғамнан тыс өмір сүру немесе одан жақсы болу мүмкін емес.
Абайда Ресейде тұратын басқа халықтармен өзара қатынасына нақты көзқарас бар. Құрмет, достық және теңқұқылық оның негізгі қағидаттары болды. Қазақ ақсүйектерінің басқа халыққа деген жек көрінішті және мысқылды қатынасты халыққа дағдыландыруға ұмтылуы оны ызаландырды. Қазақтарға басқа халықтар алдында даңдайсу себептерінің жоғын көріп, ол басқа халықтарды жақсы жақтан сипаттайтын қасиеттерді әрқашан іздеп отырды. Абай басқа халықтарды сыйлай отыра, қазақтарды олармен араласуға шақырды.
Барлық халықтар үшін бейбітшілік және өзара түсінушіліктің қажеттігін мойындап, ол осы жағдайларда ғана қоғамның негізгі күштері — ғылым, озық идеялар, мәдениет толық дами алады және бүкілхалықтық береке болатынына сенді.
Кеңес кезеңінде қазақ әдебиетінің негізін қалаушы болған ХХ ғ. басында С. Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б. Майлин, А.Әуезов өздерінің алғашқы өлеңдерін жариялады.
ХІХ — ХХ ғ. басы қазақ халқының музыкалық мәдениетінің көтерілу кезеңі болды. Композиторлар Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Нұрпейісова, Тәттімбет, Қазанғап, Сейтек, Ихлас мәңгі күйлерді ойлап шығарды. Бүкіл қазақ даласы Біржан сал, Ақан сері, Мит, Абай, Балуан шолак, Жаяу Мұса, Мәди, Ыбрай, Естайдың және т.б. әндерін айтып жүрді. Халық композиторлардың шығармашылығы адамның туған өлкеге махаббатын бейнеледі, табиғаттың сұлулығын жырлады, өзінде өнегелі және эстетикалық құндылықтарын алды. Бұл қоғамда әлеуметтік қуарттылығының өсуін, қарапайым адамдардың бейбітшілік пен амандықта өмір сүру тілегін сақтады. Осылай, Құрманғазының «Кішкентай» атты алғашқы музыкалық шығармасы Исатай мен Мехамбеттік көтерілісіне арналды, ал 1916 ж. оқиғалар Дина Нұрпейісованың «Он алтыншы жыл» күйінің пайда болуына себеп болды. Егер Ыбрыдайдың «Гәкку» әні махаббатың әнұраны болса, Мұхиттың «Зәуреш» әні академик А. Жұбанов анықтауы бойынша нағыз «Реквием». Абай мен жаяу Мұсаның әндері еуропалық музыкалық мәдениет элементтерінің қанықтылығымен ерекшеленді.
ХІХ ғ. басында қазақ баспасөзі пайда болды. 1870 жылы 28 сәуірде «Түркістан уәлаяты» газетінің алғашқы нөмірі шықты. Ол қазақ және өзбек тілінде жарияланып отырды. Оның беттерінде Шоқан Уәлиханов туралы материалдар, 1870 ж. манғыстау қазақтарының көтерілісі және тағы басқа оқиғалар басылып отырды.
1911 ж. жарыққа «Айқал» алғашқы қазақ журналы жарыққа шықты, оның 4 жылғы басылымдары үшін 88 нөмір шықты.1913–1918 жж. «Қазақ», «Айқап» газеттері шығып отырды, «Қазақ" газетә қоғам өмірінің бүкіл жақтарын жарықтандырып отырды. Олар қазақтардың отырықшы өмір салтына және енгін шаруашылығын мәдениетін иеленуіне ауысу үшін болды, сонымен қатар көшпенділікті теріске шығармай, әйел және ұлттық сұрақтарды көтерді, медициналық, агрономикалық білімді таратты, Бүкіл қазақтар съезінің шақырылу идеясын қолдады.
Қазақ авторлардың кіьап басылымдары кеңейді. Петербург, Казань, Орынбор, Ташкентте Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Әбубәкір Диваевтің және т.б. шығармалары шықты. 1912 жылы Семей қаласында қазақ тіліндегі кітаптардың басылымдарына негізделген «Жәрдем» типографиясы құрылды. Қазақ төңкерісіне дейін қазақ тілінде 700-дей кітаптардың атаулары басылып шығарылды (қайта басып шығаруды есептемегенде).
Осылай, өзгерістер қазақ қоғамының мәдени өмірінің бүкіл жақтарын қамтыды.
Алайда рухани құндылықтар мен мәдениеттің жетістіктері халыққа толық жетіп отырған жоқ. Халықтың жаппай сауатсыздығы, мәдени-ағартушылық мекемелердің аз болуы, патшалықтың отарлық саясаты байқалды.
© ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов ат. тарих және этнология институты
Авторлық ұжымның келісімсіз басқа веб-ресурстарда материалдарды қолдануға рұқсат жоқ.
Бөлісу: