Ұлттық зиялылардың саяси платформасының қалыптасуы кезеңі
31.03.2014 4539
XX ғасырдың бас кезінде :Ресейдегі саяси билік нығая түскенімен ол өзіне қоғамдағы демократиялық және радикалдық күштер тарапынан, әсіресе ұйымдаскан оппозиция тарапынан ашық сынға түсе бастады.

Европадағы саяси ахуал Ресей империясында либералдық және революциялық қозғалыстардың пайда болуына ықпал eттi. Патша өкіметіне қарсы оппозициялық негіздегі саяси күштер бipiгiп, ел билігіне идеялық балама топтар құрылабастады. Олар негізінен саяси партиялар турінде пайда болды.

Осы кезеңде құрылған оппозициялық партиялардың бағдарламаларынан абсолютті монархияның саяси жүйесіне демократиялық институттарды енгізу, самодержавиелік билікті конститутциялық тәсілдермен тежеу, саяси билікті төңкеріс жасау арқылы құлату сияқты көзқарастар көpiнic тапты. XX ғасырдың басында либерализм мен консерватизм идеяларын ұштастырған «Бейбіт жолмен жаңару партиясы», мемлекеттік мәселесінде парламенттік басқару жүйесін енгізуді ұсынды. Оларды қолдаған либералдық негіздегі "Конститутциялық демократиялық (кадеттер) партиясы" саяси билікке тіпті төңкеріс жасау арқылы қол жеткізіп, демократиялық жолмен социалистік жүйені орнатуды енгізуді ұсынады бағдарламалық мағынада насихаттады. Большевиктер партиясы, социалистік талаптармен қатар демократиялық институтардың Ресей мемлекетілік ерекшеліктеріне сай болуын жақтаған социалист-революционерлер партиясы (эсерлер) құрылды.

Қазақстанның Ресей бодандығына етуіне байланысты хандық  билік жойылып, қазақ қоғамының өмipi әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге ұшырап, аймақ капитаистік қатынастар ауқымына тартылды. Алайда империя отарындағы Қазақстанның орталықтан шалғай орналасуы, көшпелі өмip салты қазақ халқын Ресейдегі саяси өмірден алыс етіп, саяси белсенділік танытуға кедергі келтірді. Әйтседе Ресей қалаларында білім алып, орыстың алдыңғы қатарлы мәдениеті мен саяси ықпалын сезінген қазақ зиялылары кейбір оппозициялық партиялардың ықпалымен Қазақстанда саяси ой-пікірді дамытып, демократиялық идеяларды насихаттай бастады. Қазақ   зиялыларының саяси көзқарастарының қалыптасуына әcipece кадеттер партиясының әcepi болды.

Кадеттер партиясының өзі қазақ зиялылары тарапынан қолдау тапты. Қазақ зиялылары кадет партиясының құрамына еніп мүшелікке eніп, бағдарламасын мойындады. Қазақ зиялыларының рухани жетекшісі Әлихан Бөкейханов 1906 жылы кадеттер партиясының Орталық комитетіне мүше болып сайланды. Осыған қатысты С.Асфендияров былай деп жазды: "Қазақтың буржуазиялық интелигенттері орыстың буржуазиялық интеллигенттерімен (кадеттермен) одақ болды. Ә.Бөкейханов кадет партиясының кіндік (орталық) комитеттің мүшeci болды. I, II Мемлекет Думаларына қазақ атынан депутат болып сайланған Ә.Бөкейханұлы, М.Тынышбайұлы, А.Бірімжанұлы, Б.Қаратайұлы, А.Қалменұлы т.б кадеттер басқарған прогрессивтік блокқа кірді. Партиясыз "мұсылман фракциясы" деген де болды /4, 97б./.

Кадет партиясының бағдарламасында парламенттік басқару жүйесінің негізгі идея ретінде көpiнic табуы қазақ зиялыларын өзіне тартты. Қазақ оқығандары парламенттік басқаруға үміт артып, оның болашағын қазақ мемлекеттігі идеясымен байланыстырды. Осы мақсатта 1905 жылы желтоқсанда Ә.Бөкейханов басшылығымен Орал қаласында кадет партиясының казак қоғамындағы филиалы құрылды.

Осы тарихи оқиға жайында зерттеуші В.Григорьев мынандай пiкip айтады: "Баяғы бipiншi орыс революциясының қызған шағында-ақ Оралда бас қосқан Ә.Бөкейханов, Б.Сыртанов, Ж.Сейдалин және басқа да интеллигенция өкілдері өздерінің ресейлік пікірлестерінің көмегімен ұлттық буржуазияны, ауыл-аймақтың игі жақсылары мен зиялы қауымын жедел түрде елдің саяси өміріне араластыруды, қазақ қоғамының капитализмге қарай шапшаң дамуына бағытталған шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін партия құрып алуды көздеді. Кадеттер партиясының орталық комитеті бірқатар себептерге байланысты Ә. Бөкейханов пен оның төңірегіндегілердің ынтасын қолдай қойған жоқ. Алайда Ә.Бөкейхановтың белсендігіе тәнтіболғандар оны кадеттер партиясының 1906 жылғы екінші съезіне шақырды/3, 41б/.

Кадеттер партиясының идеясын ұстанған қазақ зиялылары Ресейде парламенттік, конститутциялық жолмен мемлекет арқылы болашақта республикалық мәртебесі бар ұлттық автономияға қол жеткізуді көздеді. Алайда бұл мәселе тек идея түрінде қалып қойды. Ceбeбi 1917 жылдан бастап кадет партиясының басшылары Ресейдің мемлекеттік тұтастығын сақтау мақсатында біртұтас теңдік және мәдени автономия ғана беруді ұсынды. Мұндай ұсыныс кадет партиясының шет аймақтардағы қолдаушыларына ұнамады. Партияньщ Қазақстандағы филиалының мүелері мәдени автономияға үзілді-кесілді қарсы шықты. Ә.Бөкейханов кадет партиясының автономия, жер мәселелеріне байланысты бағдарлмалары мен піклеріне наразылық білдіріп, оның құрамынан шығып кетті. Өз ойын Ә.Бөкейханов осыған орай "Мен кадет партиясынан неге шықтым?" деген мақаласында мұны былай түсіндірді: "Кадет партиясы жер адамға мeншiктi болып берілсе жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұрдша көршi мұжыққа сатып, бipaз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді. Кадет партиясы ¥лт автономиясына карсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиылып ¥лт автономиясын тікпек болдық"/2, 42б/.

Ресей университеттерінде білім алған қазақ зиялылары қоғамды өркениетті эволюциялық, демократиялық жолмен дамытуды жақтады. Төңкеріс арқылы саяси билікке жету, социализм орнату идеясын ұстанған большевиктер партиясының саясатын қазақ зиялылары қолдамады. Сондықтан да олар өздерінің ұлттық демократиялық мемлекет құру идеясын іс-жүзіне асыру мақсатында 1917 жылы "Алаш"  партиясын құруға белсене кipicтi.

Сонымен дербес қазақ автономиясы туралы идея қай кезде пайда болды деген сұрақтың жауабын қарастырсақ Автономия құру идеясы қазақ зиялыларының ұзақ жылғы саяси күрестерінің үздіксіз идеялық ізденістерінің нәтижесінде болды деп айтуға болады. Қазақ зиялыларының ұлт азаттығы жолындағы күpeci барысында жаңа құқықтық мағынаға ие болып отырды. Бұл жағдайды Ресейдің отарлау аппаратының шенеуніктері де түсіне білді. Көп жағдайларда қазақ зиялылары өз пікірлерін ашық түрде білдіріп отырды. Мысалы мына құжаттағы дерек осының дәлелі бола алады. Ж.Ақбаев граф Паленге жазған хатында "Сіздің, Қарқаралы республикасының Президенті болғаныңыз рас па?..."/4, 43б./- деген сұрақтың өзi Ж.Ақбаевтың демократиялық республика құру идеясын насихаттағандығы туралы айтуға болады. Дербес автономия мен демократиялық республика идеясын қалыптастыруда Б.Сыртановтың да қатысы болғандығын оның өміріне қатысты деректерден көруге болады.

1905 жылы Орал қаласында Қазақстанның облысының өкілдері қатынасқан съезд болып өтті. Оның делегаттары қатарына Ә.Бөкейханов, Ж.Сейдалин, М.Дулатов. Б.Қаратаев, Б.Сыртановтар болды. Бұл съезде "қазақтыың конституциялық демократиялық" партиясын құру мәселесі қаралған/4, 35б./.

Б.Сыртановтың 1911 жылы "Қазақ елінің уставы" атты еңбегі қазақ елінің болашақ мемлекеттік құрылысы туралы идеясының сол уақыттағы алдыңғы қатарлы идея болғандығын дәлелдейді/46, 88б./. Мысал ретінде мына құжатты келтіреуге болады: "Қоғамдық жарғылардың одан әpi күйреуін – халықтың мәдениет пен өркениет игіліктеріне тарту, 17 қазандағы Манифесті жүзеге асыру... заңдылық пен құқылық құрылыс орнату керек"/4, 44б./

"Алаш" партиясының 1917 жылы 21 карашада "Қазақ" газетінің беттерінде жарияланған бағдарламасының жобасында мемлекеттілікке байланысты, басты мәселе ретінде айтарлықтай орын берді. Бағдарламаның бipiншi тарауы "Мемлекет қалпы" деген атаумен көрсетілді. Тарауда Қазақстандағы мемлекет түpi мына төмендегідей нақты айқын етіп жазылды: "Россия демократическая федеративная республика болады. Демократия мағынасы мемлекетті жұрт билеуі; федерация мағынасы – құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративная республикада әр мемлекеттің ipгeci бөлек, ынтымағы бip болады, әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді" /48/.

Мұның өзi болашақта қазақ мемлекетінің Ресей құрамында қалып, федеративтік құрылыс санатында тең құқықықтық дәрежедегі қатынастарға ие болуы мүддесі көрсетілді /4, 30б./.

Шын мәнінде айтатын болсақ, мұның өзі бүгінгі таңдағы белгілі тарихшы-ғалым М.Қойгелдиев атап көрсеткендей "алаштық интеллигенция ұсынған балама жол қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірбиесін, салт-дәстүрін революциялық әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды эволюциялық жолмен, басқа өркениетті елдердің өмip тәжірбиесін ескере отырып, одан әpi жетілдіре түсуді көздеді. Ең нeгiзгici, бұл жол қазақ еліне өзін-өзі билеуге, сөйтіп өзінің iшкi қоғамдық мәселелерін өзi шешуге, өз атамекеніне өзi ие болуға мүмкіндік беретін жол еді" /50, 362-363б./.

Жоғарыда көрсетілгендей патша өкіметіне оппозицияда тұрған саяси партиялардың бipi большевиктер партиясы болды. 1903 жылы Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясының  II  съезінде  ұйымдастырушылық мәселелерге қатысты тартыста көпшілік дауыс алған, марксизм идеяларымен қаруланған большевиктер партиясы В. И. Лениннің басшылығымен самодержавиенің XX ғасырдың басындағы саяси өмipінe белсене араласып, тарихта айтарлықтай ізқалдырды.

Саяси, мемлекеттік басқару жүйесіндегі билікке қарулы төңкеріс арқылы жетіп, пролетариат диктатурасын орнатуды  көздеген большевиктер партиясының идеяларының қазақ зиялы қауымына әсерінің де болғандығын жасыру тарихқа жасалған қиянат болар еді.

Өйткені қазактың кейбір білімді азаматтары марксистік идеологияны мойындап, большевиктер партиясына мүше болды. Алайда олардың нақты санын дәлелдейтін деректер әзірше кездеспей отыр. Дегенмен 1905 жылы большивиктер партиясының мүшелігіне қазақтардың өткeнi туралы тарихи мағлұматтар зерттеулерден көpiнic тапқан /1, 51б/.

Сондай-ақ С. IIIәpiпoв, Ә.Майкөтов, М.Сералин, С.Көбеев, К.Сүтішев т.б. тәрізді қазақ халқы өкілдерінің социал-демократтар ұйымына кipгeнін, сонымен бipre олардың революциялық   үгiт-насихат icтepiн жүргізгендіктерін теріске шығармайтынын пайымдаулар қазакстандық зерттеушшер еңбектерінен орын алған /52, 144б./. Мұның өзi қазақ өкілдерінің азғана тобының большевиктер партиясына мүше болғандар аз болмағандығын көрсетеді.

Самодержавиені революциялық жолмен құлатып, жұмысшы-шаруа мемлекеттік орнатуға бағытталған социал-демократияның идеяларын бүкіл қазақ халқының, зиялыларының қолдауы мүмкін емес еді. Ceбeбi зиялы қауым өкілдерінің қоғам алдына қойған мақсаты тәуелсіздікке қол жеткізіп, теңдік пен өзін-өзі билеу сияқты ұлттық мүддені іс-жүзіне асыру болатын.

Большевиктер партиясы ұлттық-мемлекеттілік құрылысты жақтап, жалпы ұлт мәселесінде әр ұлтқа өзін-өзі басқару құқығы берілетіндігі туралы айтқанымен, Қазан төңкерісінен кейін оны ұлттық мүддеде тек сөз жүзінде ғана болмаса, ic жүзінде шешпеді.

Ресейдің оппозициялық партияларының барлығы бірдей қазақ қоғамына ықпал ете алмады, қазақ зиялылары тарапынан қолдау таба қойған жоқ. Социалистік талаптармен қатар демократиялық институттардың Ресей мемлекеттілік ерекшеліктеріне сай болуын ұсынған В.И.Чернов бастаған эсерлер партиясының бағдарламасы қазақ зиялылары үшін жат болды. Бұл партия халықтың  шаруалар құрайтын Ресейде  Европа  үлгісіндегі социалистік идеялар қажетсіз, сондықтан орыс топырағында тарихи дамуына сай келетін ұлттық социализм орнатуды ұсынды /53, 19б./.

Эсерлер партиясы мемлекеттік мәселеде конституциялық республиканы орнатуды жақтайтын көзқарасты ұстанды. Әйтсе де бұл идея қазақ мемлекеттілігі үшін, қазақ халқы үшін қолайсыз деп қабылданды. Өйткені қазақ зиялылары қазақ қоғамында Ресейдегі тәрізді "ұлттық социализм орнатуға кажетт" деп ұқты. Ceбeбi жоғарыда атап көрсеткеніміздей, қазақ халкының егемендікке, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылысы қазақ зиялыларының ұлттық автономияға қол жеткізуге күpecyiнe әкеліп соқты.

Сонымен көп партиялардың арасынан қазақ зиялылары екі партияның: кадеттер және большевиктер партиясының бағдарламасын таңдады. Сондай-ақ партия болып құрылмағанымен патша өкіметіне оппозицияда тұрган қозғалыстар өз көзқарастарымен ерекшеленді. Бұл ұлттык мүддені, өзін-өзі басқару т. б. мәселелерді шет аймақтардағы халық атынан шешуге мұсылман фракциясы да ұмтылыс жасаумен болды.

Бipiншi орыс революциясы кезеңінде Ресей мусылмандарының қоғамдық-саяси белсенділігі бipiншi Мемлекеттік Думада бүкіл империя мұсылмандарының мүддесін қорғау қажеттілігінен туындаған мұсылмандардың парламенттік фракцияньщ құрылуы да айқын көрсете алды /4, 50б./.

Бірінші мемлекеттік Дума жұмысының күн тәртібіне XX ғасырдың басында аса өзекті әpi мұсылман елдері үшін маңызды жер болып табылатын, азаматтық теңдік, ар-ождан  бостандығы  секілді  маңызды өзге де мәселелер қойылды.

Мұсылман фракциясы мемлекеттік Думадағы басқа да саяси партиялармен қарым-қатынас мәселесінде идеялық жағынана кадеттер фракциясына жақын тұрды /55, 97б./.

Ресейдегі ресми билікке оппозицияда болған саяси партиялармен, қозғалыстармен мұсылман фракциясы бipre болды. Алайда фракция автономия мен жер мәселесінде ерекшеленіп, солшылдық көзқарас танытты. Олар Думада белсендилік танытып, оның құқықтарын кеңейте түсуді, заң шығару iciмeн қатар үкіметті де Думаның құзырлығынатапсыруды талап етті /56, 15б./. Өкінішке орай саяси өмірде күштер тең болмады, империяда әлі де болса самодержавиенің  билігі   күшті  болды. Оған дәлел ретінде 1906 жылы 9 шілдеде II Николайдың Дума жұмысын тоқтату туралы жарлықа қол қоюын айтуға болады. Ақырында небәрі 72 күн қызмет аткарған Ресей парламенті өз жұмысын тоқтатты. Мұсылман фракциясының Мемлекеттік Дума арқылы саяси мәселелерін шешу жөніндегі үміттері ақталмай қалды.

Екінші Мемлекеттік Думада 35 мұсылман депутаттарының барлығы бірінші Думадағыдай бip фракция төңірегіне топтасты. Дегенмен, назар аударарлық жағдай, бұл жолы мұсылман депутаттары "Ресей мұсылмандары одағы" және "Трудовиктер" бағдарламасын қолдаушылар болып eкiгe бөлінді. "Ресей мұсылмандары одагының" бағдарламасын қолдаушы мұсылман депуттаттары мұсылман фракциясына бipiктi. Қазақ депутаттары осы фракция құрамына енді /2, 57, 68бб./. Қазақ халқының атынан сайланған өкілдердің арасында  Ш.Қосшығұлов, Т.Нүрекенов, Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Т.Алдабергенов болды /3, 58б/

Фракция бюросының төрағасы болып Уфа губерниясының өкілі, отставкадағы офицер, әpi земство қызметкері Мухамедкәрім Бигулов сайланды. Қазақ депутат Бақытжан Қаратаев бюро мүшесі болды. Мұсылман фракциясының бағдарламасы "Ресей мұсылмандары одағы" бағдарламасының негізінде жасалды. Фракция бағдарламасын дайындауға қазақ депутаттарынан өкіл ретінде А.Бірімжанов қатысты. Бағдарламада фракцияның мақсаты мен міндеттері айқындалды. Онда әcipece, экономика, дін, мәдениет, сондай-ақ мемлекеттік құрылыс мәселесіне үлкен мән берілді. Ресей мұсылман азаматтарының құқығы мәселесі бойынша бірқатар реформаларды іс-жүзіне асыруда империяның барлық тұрғындары дініне, ұлтына, жынысына қарамай тең құқықта болсын; әpбip азаматқа ар-ождан, дін бостандығы берілсін делінді.

Мемлекеттік құрылыс мәселесі жөнінде мұсылман фракциясы өз бағдарламасында конститутциялық парламенттік монархия жақтайтындығын білдірді.

Фракция құрамындағы қазақ өкілдері мемлекеттіліктен гөрі сол кез үшін аса өзекті, өткір болып саналған жер мәселесін көтерді. Олар қазақ халқының өз жеріне толық ие болып, оны пайдалану және билеу құқығына жетуі көкседі. Олар Ресейдің қол астындағы жер-судың бей-берекет таланып, бөлшектеніп жатуының өзі елдің берекесін  қашырып, дағдарысқа тipeп, құрдымға кетіретіндігін түсінді. Сондықтан да зиялылар, әcipece Бақытжан Қаратаев қазақ халқының жерін үлкен саяси мәселе ретінде қойды. Бұған Б.Қаратаевтың жер мәселесіне қатысты Екінші Думада сөйлеген сөзі дәлел бола алады. Қазақ халқының қамын ойлаған қазақ азаматы үлкен саяси мінбеде былай деп мәлімдеді: "Жергілікті халықтың мүдделерімен есептеспей келген қоныстандыру қалай дегенмен де әділетсіз болып табылуға тиіс. Ол қашан да күштінің әлсіздің қанауы деп кабылданбақ. Сөз жоқ... қырғыз-қайсақ деп аталатындар, әлі дамудың төменгі сатысында тұрған қауқарсыз халық... оларға зорлық көрсетудің ешқандай жөні жоқ... қырғыздарды орныққан орындарынан, поселке, деревня құрап отырған үйлерінен жаппай қуып шығарумен айналысып отыр... Мемлекеттік Дума өздері ішкі Россиядағы... 130000 помещиктің мүддесін қорғау үшін шаруаларды қоныстандыру арқылы қорлап отырған қырғыз-қайсақтардың, әрдайым шаруалардың жерге деген мұқтажын қанағаттандыру мақсатымен жеке иеліктегі жерлерді күштеп тартып алу ниетіндегі барлық оппозициялық фракцияларға аяныштықпен қарайтынын есте ұстайтын болсын" /4, 59/.

Б.Қаратаевтың бұл сөзі біріншіден, мұсылман фракциясының патша өкіметіне қарсы оппозицияда болғандығын дәлелдейді; екіншіден, қазақ зиялыларының жер мәселесін шешуге ұлттық мүдденің үстем болуын талап еткендіктері айқын көрінеді; үшіншіден, қазақ жерінің мемлекет меншігінде болуын қадағалайтын, жерді сатуды ұлтты сатумен бірдей мағынада түсінген қазақ зиялыларының көзқарастары айқын сезіледі.

Мұсылман фракциясы, соның ішіндегі қазақ зиялылары ұлттық мемлекеттілік туралы мәселені арнайы қозғамаса да Ресей империясының әкімшілік басқару жүйесін қатаң сынға алып, билеушілердің жағымсыз жақтарымен заңсыз әрекеттерін нақты көрсете білді.

Мұсылман фракциясының қазақ мүшелері, әcipece Б.Қаратаев қазақ жерінде ұлттық прогресс пен өркениетті демократиялық мемлекетті орнату жолдарын іздестірді. Соған жету жолдарының бipi отырықшы өмір салтына көшу деп түсінді. Сонымен бipre олар адам құқығын қорғау, ұлттық езгіні жою абсолюттік монархияны-самодержавиені құлатып, буржуазиялық-демократиялық мемлекеттілікті орнатқанда ғана мүмкін екендігіне көз жеткізеді. Мұның өзі мұсылмандық фракцияның қазақ өкілдерін ұлттық мемлкеттілік мәселесін терең түciнe білгендігін көрсетті.

Қорыта айтқанда, XX ғасырдың басында Ресейдегі самодержавиелік шексіз билікті сынға алып, оның келеңсіз жақтары мен жөнсіздіктерін ашық айтатын демократиялық жэне радикалдық топтар қазақтың озық ойлы зиялылары арасында пайда болды. Олар елдегі 1905-1907 жылдырдағы бipiнш орыс революциясының сабақтастығын саяси мақсаттарында стәті пайдаланды. Ресейде патша өкіметіне оппозициядағы саяси партиялар мен қозғалыстар қалыптасты. Империя отарлаған Қазақстанда да мұндай саяси оқиғалардан шет қалмады.

Қазақ зиялылары Ресейдің кейбір оппазициялық партияларының ықпалымен Қазақстанда саяси ой-пікірлер мен көзқарастарды дамыта отырып, самодержавиеге карсы әрекеттерге идеялык белсенділік танытып жетекгші бола білді. Кадеттер партиясының жолын ұстаған қазақ зиялылары болашақ қазақ мемлекеттілігі туралы мәселені күн тәртібіне шығарды. Болашақ қазақ мемлекеттігі тәуелсіз, демократиялық федеративтік республика түpiндe болуы жөнінде идеялық бастау алды. Мемлекеттік Думадағы мұсылмандық фракция Қазақстанда азат, егемен, азаматтарынының құқығы мен бостандығы бар мемлекет құру идеясын да көтере білді. Әйтсе де өркениетті дамуды, тәуелсіздікті аңсаған қазақ зиялыларының қазақ мемлекеттілігі тұрғысындағы ой-пікірлері идея түрінде ғана тарихта қалды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Тухмарова Ш.К.

Әдебиеттер тізімі:

1.  Хасанаева Л.М. Қазақ мемлекеттігін жаңғырпту үшін күрес: түрлі көзқарастар мен саяси қозғалыстар тарихынан (ХХ ғасырдың алғашқы ширегі). –Алматы,2002.  98-б.

2.  Хасанов М.К. «Кокандская автономия» и некоторые ее уроки//Общественные науки в Узбекистане. 1990. №2.

3.  Нүрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы,1995. 140-б

4.  Исмаилов Х. Туркестан в эпоху двух революций//История СССР, 1990. №5.

5.  Хасанов М.К. «Кокандская автономия» и некоторые ее уроки//Общественные науки в Узбекистане. 1990. №2.