ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы қазақтар саны
05.09.2013 3200
Қазіргі Қазақстан аумағына жуық өлкеде мекендеген қазақтардың саны мен үлесіндегі өзгерістер: 1897 ж. 3392,7 мың қазақ болса, 1914 ж. 3963,5 мың, 1915 ж. 4205,2 мың, 1916 ж.

Қазіргі Қазақстан аумағына жуық өлкеде мекендеген қазақтардың саны мен үлесіндегі өзгерістер: 1897 ж. 3392,7 мың қазақ болса, 1914 ж. 3963,5 мың, 1915 ж. 4205,2 мың, 1916 ж. 3908,8 мың, ал 1917 ж. 3615,1 мың болып, 1897-1917 жж. 222,4 мың адамға немесе 6,8%-ға ғана өскен, бірақ 1915-1917 жж. 590,1 мыңға, немесе 24 %-ға кеміген, халықтың 1/4-і жойылған. 

1897-1914 жж. өз жеріндегі қазақтар үлесі 81,1 %-дан 58,8 %-ға төмендеп, орыстардыкі 11%-дан 29,6 %-ға, өзге ұлттардікі 7,9 %-дан 11,6 %-ға өсті. Қазақтар санының күрт төмендеуіне табиғи өсімнің төмендеуі, 1916 ж. көтерілісті басып жаншу кезіндегі жүз мыңдаған қазақтардың қырылуы және империя аумағынан сыртқа қашуы себеп болды. Славян халықтарының саны мен үлесінің өсімі қоныс аударулардың жалғасуына байланысты болды.

Қазақтар жинақы орналасқан және негізгі көпшілік мәртебесін сақтап қалған Ішкі Орда (1897 ж. 96,5%-дан 1917 ж. 84,3%-ға) мен Маңғыстау уезінде (1897 ж. 93%-дан  1917 ж. 82,7%-ға) де азайды. Қазақтар Ақмола және Жетісу облыстарында жартысына да жетпеді (тиісінше, 40,5% және 42,4%), үш облыста: Сырдария, Торғай және Оралда  жартысынан сәл ғана асты (тиісінше, 59,7%, 58,2%, 52,5%); Семей облысында – 67,3%-ды құрады. Қазақтар үлесінің қысқаруы Ақмола облысының Петропавл, Көкшетау уезіндері мен Орал облысында ерекше байқалды (тиісінше, 25%, 24,1%, 25,3%).

А.И. Құдайбергенова – т.ғ.д., доцент