Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытындағы тың үдеріс
19.06.2014 3221
Орталықсыздандыру идеясының мəні – шешім қабылдау үшін құқықтар мен қажетті ресурстарды орталықтан өңірлік билік органдарына беру.

Орталықсыздандыру идеясының мəні — шешім қабылдау үшін құқықтар мен қажетті ресурстарды орталықтан өңірлік билік органдарына беру.

ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан
.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту экономикалық өркендеудің, əлеуметтік əл-ауқаттың жəне азаматтық қоғамды қалыптастырудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Сондықтан да болар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың, жергілікті дамудың барлық мəселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейтудің маңызы зор» [1], — деп демократиялық дамудың кезекті белесіне бағыт берді. Ағымдағы жылдың 18 қазанында «Нұр Отан» партиясының XV съезінде қабылданған жаңа саяси доктринасы «Мемлекет пен азаматтар — құқықтары мен міндеттері конституциялық тұрғыдан бекітілген тең əріптестер» [2] — деп анықтауы да осының бір дəлелі іспеттес.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы аталмыш мəселенің логикалық жалғасы ретінде нақты тапсырмалар берді. Бұл тапсырмаларға сəйкес мемлекетімізде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы əзірленіп, ол құжатта жергілікті халықтың өміріне тікелей əсер ететін көптеген мəселелер көтерілді. Мəселен: 1) ауылдар (селолар), кенттер, аудандық маңызы бар қалалар-деңгейлерінде басқару шешімдерін қабылдау кезінде халықтың қатысуын, мүдделілігін жəне жауапкершілігін ынталандыру жолымен жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) арқылы жергілікті маңызы бар мəселелерді шешуде халықтың рөлін біртіндеп арттыру;
2) қалалар-деңгейінде жергілікті халықты толғандыратын ең маңызды проблемаларды шешу үшін басқару шешімдерін қабылдау процесіне халықтың белсенді бөлігін тарту тетігін енгізу;
3) ауылдың, кенттің, аудандық маңызы бар қаланың əкімдерін тағайындау немесе сайлау кезінде мəслихаттардың рөлін кезең-кезеңімен күшейту;
4) жергілікті маңызы бар мəселелерді шешуде басқарудың ауылдық деңгейлерінің қаржылық жəне экономикалық дербестігін кеңейту [3].

Тағайындалған емес, халықтың мұң-мұқтажымен етене таныс, көпшілік қалауымен сайланған басшының саяси мəртебесі биік, беделі зор болары түсінікті жағдай. Мұндағы басты мақсат — халықты мемлекетбасқару ісіне қатыстыру, мұң-мұқтажын жергілікті-деңгейде жедел шешіп, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру болып табылады. Ал сайланған əкімдердің жұмысы өңірдің рейтингісін салыс тыру негізінде бағаланбақ. Яғни, өңірдің əлеуметтік-экономикалық даму-деңгейі мен динамикасы сайланған əкім жұмысының көрсеткіші ретінде анықталады.

Ендігі кезекте осы жергілікті өзін-өзі басқарудың əлемдік тəжірибелеріне шолу жасап көрелік.

Қазіргі уақытта ғылыми əдебиетте жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен орталық билік органдары арасындағы қатынастар негізі болып табылатын ұйымдастырудың əлемдік тəжірибесінде танымал үлгілерін сыныптау барынша жиі кездеседі.

Таблица 1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың төрт базалық моделі [1].

Англосаксондық

Континенталдық

Аралас

Кеңестік

Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландия жəне т.б. елдерде кең таралған

Еуропа (Франция, Италия, Испания, Бельгия) елдерінде ғана емес, сондай-ақ Латын Америкасының, Таяу Шығыс елдернің көпшілігінде таралған.

Германиядағы, Австриядағы, Жапониядағы жəне кейбір социалистік дəуірден кейінгі жəне дамушы елдердегі жергілікті өзін-өзі басқаруды жатқызуға болады

Бұл модель «социализмнің

əлемдік жүйесі» елдерінде, сондай-ақ социалистікүлгіде дамушы мемлекеттердің бір қатарына жақында ғана кең таралған еді. Қазір ол социалистік бағдарды сақтап қалған кейбір елдерде (Қытай, Куба, СКДР), сондай-ақ бұрынғы Кеңес Одағы республикаларынан құрылған кейбіреуінде (Беларусь, Өзбекстан) ғана орын алған.

Бұл модельдің негізгі сипаты формальды автономия жəне жергілікті өзін-өзі басқарудың дербестігі, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қамқоршылық ететін жергілікті жерлерде уəкілетті орталық үкіметтің болмауы болып табылады.

Бұл модельдің ерекше сипаты мыналар: жергілікті жерлерде жергілікті өзін-өзі басқарудың жəне мемлекеттік басқарудың үйлестірілу, сайлау жəне тағайындау, жергілікті өзін-өзі басқарудың белгілі иерархиясы, төмен тұр ған буынның жоғары тұрғанға бағынуы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға өкілетті жергілікті деңгейде арнайы орталық билік өкілінің болуы.

Төменгі аумақтық деңгейдегі мейлінше дербес жергілікті өзін-өзі басқарудың неғұрлым жоғары деңгейден мемлекеттік басқарумен үйлесуін аралас модельге тəн белгі деп есептеуге болады

Бұл модельдің негізгі белгілері мыналар болып табылады: төменнен жоғарыға дейін өкілетті органдардың бірыңғай билігі, өкілетті жəне атқарушы органдар жүйесінің қатаң орталықтандырылуы, оның барлық буындарының иерархиялық бағыныштылығы, муниципалды меншіктің, жергілікті бюджеттердің болмауы.

Қарастырылып отырған əкімшілік реформалар Қазақстан Республикасындағы алғашқы осындай шаралар еместігін ескергеніміз жөн. Мысалы, 2001 жылы тəжірибе ретінде кей ауылдар мен кенттердің, ауылдық округтердің əкімдерінің сайлауы тұңғыш рет ұйымдастырылса, 2005 жылы сынақ түрінде облыстарда, Астана жəне Алматы қалаларындағы кейбір аудан əкімдерінің сайлауы өткен болатын. Сондықтан да, ағымдағы жылда өткізілген ауылдық округтердің, кенттердің жəне аудандық маңызы бар қалалардың əкімін сайлау — мемлекеттік басқару жүйесін реттеуге, оның тиімділігін арттыруға бағытталған шара болып табылады.

ҚР Президентінің Жарлығына сəйкес тамыздың 5–9 аралығында он төрт облыста 2457 əкімнің сайлау науқаны өтті. Нəтижесінде 2454 жаңа əкім сайланды.

Сайлау науқанында əкім лауазымына жалпы 7173 үміткер ұсынылып, оның 6738-і тіркеліп, бюллетеньге 6403 кандидаттың есімі жазылды. Сонда, бір əкім лауазымына 2-ден көп үміткер таласты.

Статистикалық есепке келер болсак, сайлауға 23 ұлт өкілі қатысты. 280 əйел адам əкім лауазымына сайланды, яғни сайланушылардың 11,4%-ы. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 32 адамға артық. Қ.Тұрғанқұловтың мəлімдеуінше, əкім лауазымын иеленген əйелдер Павлодар облысында 6%-ға, Оңтүстік Қазақстан мен, Ақтөбе облысында 3%-ға көбейген.

Əкімдердің орта жасы 47 жасты құрайды. Мамандықтарына көз жүгірт сек, əкімдердің 25,6%-ы педагог, 20,4%-ы ауыл шаруашылығының кызметкерлері, 17%-ы инженер, 14,5% экономист, 11,5% заңгер, ал қалғаны басқа мамандық иелері болып табылады.

Сондай-ақ іс басындағы əкімдерден кандидат ретінде сайлауға 1811 адам қатысып, оның 1747-і өз орнында қалды. Демек, əкім құрамы 28,8%-ға жаңартылды.

Орталық сайлау комиссиясына заңды жəне жеке тұлғалардан 42 өтініш түсті. Оның бəрі қарастырылып, тексерілді. Сайлау барысында ешқандай заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Сайлау кезінде əкімдікке кандидаттардың сенім білдірген 1450 адамы, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардан 242 бақылаушы жəне 559 БАҚ өкілі қатысты.

Қазақстандық үлгі халықаралық тəжірибеге сəйкес келеді, өйткені, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды біріктіретін аралас жүйенің болуы көптеген мемлекеттер үшін сипатты жайт.

Пайдаланылған əдебиеттер мен деректер тізімі:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты \\URLhttp://akorda. kz/ru/page/poslanie-prezidenta-respubliki-kazakhstan-n-a-nazarbaeva-narodukazakhstana 1339760819.
2. «Нұр Отан» партиясының ресми сайты \\URLhttp://nurotan.kz/kz/node/58.
3. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырым да масы \\ URL http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200001287.

Венера Жексембекова
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, с.ғ.д., Астана қ.

Марал Томанова
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PhD докторанты, Астана қ.