Бөлісу:
Қазіргі таңда Орталық Азия мемлекеттерінде біршама донорлардың қызметін атап көрсетуге болады. олардың ішінде ең ірілері Халықаралық банк (шамамен 400 млн доллар бөліп отыр),Жаһандық ЖИТС, туберкулез және малерия ауруларымен күрес Фонды(GFATM- шамамен 220 млн доллар), Германия (шамамен 180 млн доллар) және Ұлыбританияның халықаралық даму министрлігі(DfID). [1]
Қазіргі таңда Қазақстан пен Еуропалық Одақ арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасып үлгерді. Аталмыш әріптестіктің негізі екіжақты келісімдер, хаттамалар, сонымен қатар «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.
Мәселен, Австрия Республикасымен әріптестік Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі мен Федералдық транспорт, технология және инновация министрлігі, Австрия Республикасы денсаулық сақтау саласы бойынша өзара әріптестік Меморандумын жүзеге асыру негізінде жалғасып келеді. 2012 жылы қыркүйекте Астанада Қазақстан мен Австрия арасында денсаулық сақтау саласының 2-отырысы болды. Австрия делегациясын денсаулық сақтау саласы бойынша транспорт, инновация және технология Федералды Министрінің орынбасары А.Райхардтың басшылығымен келді, ал Қазақстан жағынан денсаулық сақтау вице-министрі А.Д.Құрманғалиева көш бастады. Отырыс барысында электронды денсаулық сақтау жүйесін енгізуге саласы бойынша әріптесіткке аса мән берілген болатын. Сонымен қатар, 7 желтоқсанда австриялық делегация ҚР денсаулық сақтау министрлігі өкілдерімен кездесіп, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққандарды дистанциялық(электронды) бақылау, телемедицина әдісі бойынша қойылған медициналық диагноздарды сараптау, медициналық қызметкерлерді дайындау және біліктілігін арттыру, Австрияның таңдаулы клиникаларында қазақстандық азаматтарды емдеу бойынша екіжақты әріптестікті нығайтуға көңіл бөлінді. Қазақстандық мамандарға Австрия Республикасымен әріптестік денсаулық сақтау саласына инновациялық технологияны пайдалануда керемет мүмкіндіктер ашып отыр.
Ал Бельгия Корольдігімен сала бойынша әріптесітік ҚР президентінің Бельгияға (2010 жылы қараша) және Жоғары мәртебелі Бельгия ханзадасы Филиптің Қазақсатанға (2010 жыл қазан) іс-сапары барысында негізделген болатын. 2011 жылдың ақпан айында ҚР ДСМ, АҚ «Ұлттық медициналық холдинг» және «Healthcare Belgium» арасында әріптестік бойынша біріккен координациялық комитет отырысы өтті. Кездесу барысында, АҚ «ҰМХ» радиологиялық қызмет орталығын құру, радтология, ІТ-радиология және менеджмент бойынша холдинг қызметкерлеріне мастер-класстар өткізу, ЕО жетінші шектеулі бағдарламасына қатысуға мүмкіндік тудыратын экстрокорпоральді ұрықтандыру мен перинатальді зерттеулер бойынша жүргізілетін біріккен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мәселелері қаралды. Аталмыш кездесу Бельгия мен Қазақстан арасындағы болашақта жүзеге аспақ іс-шаралар жоспарын дайындауға мүмкіндік берді.
2012 жылдың сәуірінде Брюссельде онкологиялық дерттерді емдеуде қолданылатын алдыңғы қатарлы технологияларды ендіру, протондық терапия, ядролық медицина, радиохирургияны пайдалану мәселелеріне қатысты кездесу өтті. Жалпы қазіргі кезде Қазақстанның фармацевтикалық нарығында Бельгияда жасалған 96(1,32%) дәрі-дәрмек және 46(0,66%) медициналық құрылғылар мен техникалар тіркелген екен.
Соңғы жылдары сала бойынша мемлекет Франциямен-де қарым-қатынасын нығайтып келеді. 2011 жылдың 31 қаңтарында Париж қаласында Қазақстан ракқа қарсы күрес Хартиясына қосылды. Бұл өз кезегінде елдегі халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға, онкологиялық бағыттағы мамандар дайындауға, аталмыш аурудың алдын алуда біріккен ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік ашып отыр. Сонымен қатар 2012 жылдың ақпан айында ҚР денсаулық сақтау министрі С.З.Қаирбекова мен «Санофи» компаниясының директоры Ю.Лебо арасында онкология саласы бойынша дәрі-дәрмектер мен таргеттік препараттарды тікелей жеткізу туралы Меморандумға қол қойылды. Ағымдағы жылдың 22–26 маусым аралығында Францияның Марсель мен Ница қалаларында «Френцияның денсаулық сақтау жүйесі. Тәжірибе және инновация» тақырыбында семинар ұйымдастырғалы жатыр. Аталмыш семирнар барысында қатысушылар Ниццадағы «СанЖорж», «Bonneveine», көпсалалы жеке «Clairval» клиникасы секілді елдің ірі медициналық мекемелерін аралап, олардың жұмысымен таныспақ.
Ал 2012 жыл 23–24 қазан аралығындағы ҚР президенті Назарбаевтің Чехияға ресми іс-сапары барысында екі елдің денсаулық сақтау министрліктері арасында медициналық ғылым мен денсаулық сақтау саласы бойынша өзара әріптестік келісіміне қол қойылған болатын. Сонымен қатар Қазақсатан Чехияның алдыңғы қатарлы клиникаларымен тәжірибе алмасу мақсатында үнемі іс-шаралар ұйымдастырып келеді.
Қазіргі кезде Германия Федеративті Республикасының денсаулық сақтау жүйесі әлемдік масштабта танылған. Сондықтан Қазақстан сала бойынша аталмыш мемлекетпен өте тығыз қарым-қатынас орнаған. Мәселен 2011 жылдың басында № 036 бюджеттік бағдарлама аясында қазақстандық науқас бүйрек ауыстыру үшін Гамбург-Эпендорф қаласындағы университеттік клиникаға жіберілген болатын. Университет-деңгейінде қара болсақ, С. Д. Асфендияров атындағы ұлттық медицина университеті Ганновер қаласындағы Еуропалық жаратылыстану ғылымдары Академиясымен әріптестікті жалғасытырып келеді. Одан өзге екі тарап та тәжірибе алмасу мақсатындаекі елде өткізілетін түрлі семинарларға қатысып отырады, жоғары дәрежелі кездесулер-де ұйымдастырылып келеді. Мысалы, 2012 жылдың қазан айында ҚР денсаулық сақтау министрі С. З. Каирбекова және Тюрингия мен Бавария құрметті консулы Райнхольд Креммелмен кездесіп, өзара түсіністік Меморандумы шеңберінде медициналық қызметкерлер біліктілігін арттыру, Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты мен Мюнхен техникалық университетінің Медициналық факультеті арасында ғылым, дәрігерлердің медициналық сақтандыру, білім беру және т.б. секілді денсаулық сақтаудың маңызды салаларында екіжақты әріптестікті жандандыру мәселелсін талқылаған болатын. Ал 2012 жылдың 10–13 желтоқсан аралығында ҚР денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері Берлиндегі Шаритэ медициналық кешеніне іс-сапармен барып, тұрғындарға онкологиялық көмек көрсету бағыты бойынша тәжірибе аласты. Аталыш сапар барысында онкология бойынша алдыңғы қатарлы мамандармен кездесулер ұйымдастырылды, оның бірі- Берлин қаласындағы Шаритэ медициналық кешенінің балаларға арналған онклогия және гематология бөлімінің директоры, профессор Гюнтер Хенцемен болған отырыс. Қазір профессор Г. Хенце ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің балалар онкологиясы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып табылады.
Қазіргі таңда ҚР фармацевтикалық нарығында Германиядан шыққан 707(9,71%) дәрі дәрмек пен 1087 (15,63%) медициналық құрылғылар мен техника тіркелген.
Мұнан өзге, Қазақстан Республикасы ЕО көптеген елдерімен екіжақты қарым-қатынасты нығайтып келеді. олардың қатарына Италия, Финляндия, Швеция, Польша, Латвия, Литва, Эстония, Хорватияны ерекше атап өтуге болады. [2]
Перизат Өтебалиева, Гуманитарлық ғылымдар магистрі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Региональная секторная стратегия. Здравоохранение Центральная Азия// BfwZE, 06.01.2010
2. Информация о международном сотрудничестве МЗ РК со странами Европейского Союза за 2011—2012 гг., Министерство здравоохранения РК, 25.12.2012
Бөлісу: