Қазақстан мен Еуропалық Одақ энергетикалық байланыстар
26.06.2014 2161

Қазіргі таңда Қазақстан энергетика саласында Еуропа компаниялары үш үлкен жобаға ден қойды: 1) Қарашығанақ (халықаралық Karachaganak Petroleum Operating b.v. консорциуымы құрамындағы «Қарашығанақ" кен орнын игеру); 2) Солтүстік Каспий(Agip KCO халықаралық консорциумы құрамындағы «Қашаған» кен орны, ол кейінірек North Caspian Operating Company деген атпен қайта жасақталды); 3) «Теңіз-Новоросийск»(Каспий құбыр консорциумы құрамында) мұнай құбырын салу мен оны пайдалану [1, 269 б.].

Қарашығанақ жобасының негізі 1984 жылы қаланған болатын. Кеңес Одағы тұсында мұндағы жұмысты «Орынборгазпром» жүргізді-де, тәулсіздік алған соң, дәлірек айтсақ, 1992 жылы ҚР жеке меншігіне өтті. Сол жылы жоба бойынша тендр өткізіліп оны британдық BG Group Plc.(36,5%, 2011ж.) және италяндық Eni SpA(36,5%, 2011 ж.) компаниялары жеңіп алды. Ал 1995 жылы Еуропа мен Қазақстанның ұсынысымен жобаға ресейлік «Газпром» қосылады. Дегенімен, көп ұзамай 1997 жылы «Газпром» жобаға қатысу құқығын «ЛУКОЙЛ»(15%, 2011 ж.) компаниясына берді. Осы тұста жобаға америкалық Chevron Texaco(20%, 2011ж.) компаниясы қосылады. Бір айта кетер олқылық жобада мемлекеттік «ҚазМұнайГаз» компаниясы қатысым алмады. 1997 жылы қараша айында ел президенті Н.Назарбаевтің Вашингтон қаласына іс-сапары тұсында консорциум қатысушылары арасында, ақтық Өнімді бөлісу қағидаты келісіміне(ӨБҚК) қол қойылады да ол 1998 жылы бекітіледі. Келісімге сәйкес ӨБҚК мерзімі -40 жыл(1998–2038жж.). Дегенімен 2009 жылдан бері «ҚазМұнайГаз» КПО б.в-мен акциялар сатып алу жөнінде келісімдер жүргізіп, нәтижесінде 10%-дық акциямен Қазақстан жоба қатысушысына айналды [2].

Жалпы 1998–2010 жылдар аралығындағы жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен 6,2 млрд долларды құрады. Ал 2012 жылға дейін аталмыш кен орнында 114 млн.тонна сұйық көмірсутек пен 136 млрд текше метр газ өндірілген екен. Есеп бойынша жобаның таза кірісі 20,7 млрд долларға жетіп, оның 13,2 миллиарды Қазақстан бюджетіне түскен(оның 9,1 млрд салық түрінде, 4,1 млрд- Қазақстан көмірсутек шикізатының үлестік кірісі ретінде) [3].

Ал жоба болашағы туралы не айта аламыз? Көптеген сарапшылар пікірінше келешекте еуропалық компаниялардың Қарашығанақ кен орынын игеру жұмыстарына қатысуы анық болмай отыр. Негізінен жобаға Еуропа тарапынан көп мөлшерде қаржы бөлінді, дегенімен олар жобаның үшінші кезеңін қаржыландыруға құлықты емес секілді. Бұл бірнеше мүмкін қауіп және қолайсыз жағдайлармен түсіндіріліп келеді. Біріншіден, жоба жұмысын бастағанда Қарашығанақ кен орнының қоры асыра болжанған не ол құлдырап бара жатқан өндіріс орнына жатқызылуда деген қауіп бар. Себебі түрлі сылтаулармен КПО б.в өндірістің үшінші фазасын іске қосудан қашқақтап отыр. Екіншіден, батыс компаниялары Қазақстанның жоба қатысуға деген қызығушылығынан қауіптенуде. Олардың пікірінше «ҚазМұнайГаз» тек қана 10 пайызбен тоқтамайды-мыс және жобада үстемдік етуге бар күшін салуға дайын. Меніңше бұл қауіп емес, керісінше қалыпты жағдай. Себебі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елдің басты мақсаты инвестиция тарту болды, сала бойынша жан-жақты мамандар, оның үстіне тәжірибе-де жеткіліксіз еді. Ал қазір біз күн санап біліктілігімізді арттырып келеміз және басты мақсатымыз Қазақстан үшін тиімді саясатты таңдау болып табылады. Бұл тарапта ең бастысы ел ішіндегі тұрақтылық екенін ұмытпаған жөн. Үшіншіден, ҚР газ нарығындағы жағдаймен байланысты. «ҚазМұнайГаз» нарықтағы жалғыз газ операторы стасуына ұмтылуда, егер ол жүзеге асса, еуропалық компаниялар газ тасымалы, оны қайта өңдеу мен, ақша айналымына қатысты мәселелерді шешуде келісімдерге келуге тиіс болады. Болашақта мұндай қауіптер Қазақстандағы, тіпті күллі Орталық Азиядағы ЕО инвестициясының көлемін азайтуы мүмкін [4].

Солтүстік Каспий жобасы («Қашаған» мұнай және газ конденцаты кен орны)- Қазақстандағы шетелдіктер, әсіресе еуропалықтар жұмылдырылған үлкен мұнай-газ жобаларының бірі. Ол тек Қазақстандағы емес әлем бойынша мұнайға бай орын болып табылады. «Қашағанның" дәлелденген геологиялық қоры 5,448 млрд тонна мұнай деп бағаланса, өндіруге болатыны 1,694 млрд тонна мұнайдан кем емес екен.

Аталмыш кен орын Кеңестер Одағы кезінде, дәлірек айтсақ 80 жж. зерттелген болатын. Бірақ мұнай қыртысындағы үлкен қысым мен улы күкіртті сутектің мөлшерден тыс болуы мұндағы жұмысты бастауға мүмкіндік бермеді. Оның үстіне Кеңес Одағында мұндай күрделі кен орнын өндіретін дамыған технология да жеткіліксіз еді. Нәтижесінде, ағылшын-голландық Royal Dutch Shell компаниясының келуімен «Қашаған» кен орны тек 2000 жылы ғана игеріле бастады. Ал көп ұзамай 2001–2003 жылдары «Қашағанның" жанынан бірнеше кен орны табылды: Қаламқас-теңіз(57 млн өндіруге болатын сұйық көмірсутек), Оңтүстік-Батыс Қашаған(6 млн тонна), Актоты(100 млн тонна), Қайран(56 млн тонна).

2001 жылы Солтүстік — Каспий жобасы бойынша халықаралық Agip KCO консорциумы құрылады, ондағы жетекшілікті еуропалық компаниялар алады. Жоба операторы италяндық Eni болады, ал Agip KCO үлесі келесідегідей бөлінеді: италяндық Eni, француздық Total, америкалық Exxon Mobil және, ағылшын-голландық Royal Dutch Shell-де — 18,52%; америкалық Conoco Phillips- 9,26%; жапондық Inpex және қазақ «ҚазМұнайГаз» компанияларында-8,33%. Жоба 2041 жылға жұмыс істейді деп шешілді. Және қазақ басшылығы мұнай өндірісін бастауды 2005 жылға белгіледі. Дегенімен кейінірек анықталған кен орнын игерудегі қиындықтарға байланысты өндіріс мерзімі 2008 жылға ығыстырылды. Ал консорциум Қазақстанға келісім шарттарын орындамағаны үшін 150 млн, АҚШ доллар айыппұл төледі. Кейінірек, 2007 жылы өндірісті жоспар бойынша бастау мүмкін емес екендігі анықталды. Оның үстіне жоба операторы италяндық Eni шығын мөлшерін шамамен алдыңғысынан(57 млрд доллар) 136 млрд долларға дейін өсіру керек деп мәлімдеді. Ал мұнай өндіру 2012–2013 жылдар аралығына дейін ұзартылды. Бұл Қазақстанға келісімді түбегейлі өзгертуге мүмкіндік берді.

Нәтижесінде, 2009 жылдан бастап Eni оператор болуды тоқтатты. Бұрын қолданылған жалғыз оператор моделінен біріккен операциялық компания моделі енгізілді. Сонымен қатар Солтүстік-Каспий жобасындағы үлесін 8,33 пайыздан 16,81 пайызға көбейтті. Сонымен Eni, KMG Kashagan B.V.(ҚазМұнайГаз -дың еншілес кәсіпорыны), Total, Exxon Mobil, Royal Dutch Shell-тің жобадағы үлесі 16,8%,Conoco Philips-дікі 8,4%, Inpex-тікі 7,56% құрады. Ал жоба операторы біріккен North Caspian Operating Company (NCOC) болды [5].

Жалпы Жобаның болашағы мен ондағы қауіптерге үңіле қарар болсақ мұнда бірнеше қиыншылықтарды кездестіруге болады:

— Мұнайды игеру мен өндірудегі технологиялық қиындықтар;
— Нарықтағы мұнай бағасы, яғни егер «Қашағаннан» мұнай өндіре бастаған кезде мұнай бағасы күрт төмендеп кетсе, еуропалық компаниялар еш пайда таппай, бұрынғы қызығушылығын жоғалтып, өз акцияларын басқа халықаралық компанияларға сатуы мүмкін. Бұл қосымша қиындықтар туғызады;
— Қазақстанның аталмыш салаға байланысты ұстайтын саясаты;
Дегенімен, егер жоба іске қосылса, 2020 жылы 150 млн тонна мұнай өндіру болжануда [6].

«Теңіз-Новоросийск» жобасы. 1992 жылы негізі қаланған жобалардың бірі-Қара теңіз жағалауына төтелей тартылған жаңа «Теңіз-Новоросийск» мұнай құбыры. Жылыой ауданындағы «Теңіз» кенішінен Новороссийск айлағына дейін созылған 1510 шақырымнан асатын құбыр құрылысын жүргізу үшін Каспий құбыр консорциумы(КҚК) құрылған болатын. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы мен Ресей Феде¬рациясы, Оман сұлтандығы және ЕО мемлекеттері арасында келісім жасалды. Мұны мұнайшылар Елба¬сының төл жобасы деп те атайды. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен, табандылығымен іске асырыл¬ған нақ осы жоба арқылы «Теңіз» кенішінің «қара алтынын» әлемдік рынокқа төтелей шығаруға дәліз ашылды. Қазіргі таңда жоба үлесі келесідей бөлінген: Қазақстан- 20,75%(«ҚазМұнайГаз» — 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC — 1,75%); Ресей-31%(«Транснефть» АҚ -24%; Компания КҚК — 7%); Chevron Caspian Pipeline Consortium Company — 15%; LUKARCO B.V. — 12,5%; Mobil Caspian Pipeline Company — 7,5%; Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited — 7,5%; BG Overseas Holding Limited — 2%; Eni International N.A. N.V. — 2%; Oryx Caspian Pipeline LLC — 1,75%. Аталмыш жоба бойынша еуропалық инвестиция көлемі 267 млн долларды құрады. Ал соңғы мәліметтерге сүйенсек құбыр арқылы Қазақстаннан 34 миллион 923 мың тонна «қара алтын» шетел ры¬ногына жол тартты. Консорциум басшылары құбырдың механикалық қуаты 2012 жылдан бастап тасымалданатын мұнай көлемін кезең-кезеңімен ұлғайтуға мүмкіндігі барын айтады. Алдын ала болжамдар бойынша құбыр арқылы болашақта 67 млн тоннаға дейін мұнай шетелге шығарылмақ [17].

Қазақстан Еуропа Одағымен тек қана мұнай-газ саласында емес атом, яғни уран өндіру саласында да әріптестігін нығайтып келеді. Қазір Қазақстанда уран әлемдік қорының шамамен 20 пайызы (1,6 млн тонна) бар, ал оны өндіру бойынша еліміз Аустралия, Канадамен бірге алғашқы үштікке кіреді екен. Оған қоса, елдегі Өскемен металлургиялық зауыты атом станцияларына (негізінен Ресей АЭС-на) арналған жылу таблеткаларын шығаратын ірі әлемдік өндіруші. Сонымен бірге елде ең үлкен алты уран кен орны анықталған: Шу-Сарысу аймағы (Қазақстан қорының 60,5% құрайды), Солтүстік Қазақстан аймағы (16,5%), Іле аймағы (6%), Каспий маңы аймағы (1,8%), Балхаш маңы аймағы (0,4%).

2006 жылы Брюссель қаласында Қазақстан мен Еуроатом арасында атом энергиясын бейбіт жолда пайдалану жөніндегі әріптестік келісіміне қол қойылады. Бұл аталмыш саладағы әріптестіктің алғашқы баспалдағы еді. Қазір еуропалық уран нарығындағы Қазақстанның үлесі 3% құрап отыр, ал 2011 жылғы есептен Қазақстан бойынша уран өндірісінің 2010 жылға қарағанда 9% өскенін(19,450 мың тонна) байқауға болады. Сонымен қатар, 2008 жылы «Катко» деп аталатын біріккен қазақ-француз кәсіпорнының негізі қаланды. Ондағы «Қазатомпром» ҰАҚ үлесі 49%, ал «Арева» компаниясынікі 51%-ды құрады. Аталмыш кәсіпорын жылына 4 мың тонна уран өндіреді. 2010 жылы ел перзидентінің Францияға сапары барысында екі компания арасында тағы бір келісім жасалды. Ондағы шарттарға сәйкес 2014 жылы Үлбі металлургиялық зауытында жанармай құрастыру(топливная сборка) іске қосылмақ. Және француз компаниясының болжамына сүйенсек келешекте зауыт қуаты жылына 1200 тоннаны құрайтын өнім шығаруды көздеуде [8].

Қазіргі таңдағы ғаламды толғандыратын басты мәселе энергетика саласы болып отыр. Мұнай тапшылығы әлем алыптарын қосымша шикізат көзін іздеуге талпындыруда. «Қара алтынға» деген сұраныс кей аймақтарда тіпті үлкен саяси толқындар да туғызып келеді. Оның айқын мысалы ретінде араб әлеміндегі шиеленістерді алуға болады. Ал Қазақстан осы байлықтың үстінде отырған ел. Сондықтан да ел ішіндегі тыныштықты сақтау біздің бірден-бір алға қойған міндетіміз.

Перизат Өтебалиева, Әлеуметтік ғылымдар магистрі

                                                             Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. А.Строков, В.Паромонов «Европейское присутствие в карачаганакском проекте Казахстана.1 часть»// Центральная Евразия, 2011 г. http://www.centrasia.ru
2. А.Строков, В.Паромонов «Европейское присутствие в карачаганакском проекте Казахстана.2 часть»// Центральная Евразия, 2011 г. http://www.centrasia.ru
3. А.Строков, В.Паромонов, «Европейское присутствие в карачаганакском проекте Казахстана.3 часть»// Центральная Евразия, 2011 г. http://www.centrasia.ru
4. А.Строков, В.Паромонов «Европейское присутсвие в северо-каспийском проекте Казахстана.1 часть»// Центральная Евразия, 2011 г. http://www.centrasia.ru
5. А.Строков, В.Паромонов «Европейское присутсвие в северо-каспийском проекте Казахстана.3 часть»// Центральная Евразия, 2011 http://www.centrasia.ru
6. А.Строков, В.Паромонов «К оценке энергитической политики ЕС, роли и места в ней Центральной Азии»// Центральная Евразия, 2011 http://www.centrasia.ru
7. А. Строков, В. Паромонов «К оценке перспектив энергетической политики Евросоюза в Центральной Азии: основные сценарии и рекомендации»// Центральная Евразия,2011
8. А.Строков, В.Парамонов «Европейское присутствие в энергетике Узбекистана, Кыргызстана и Таджикистана: общие направления, перспективы и риски», Центральная Евразия, 06.03.2012 г.