Бөлісу:
1. 1990 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Компартиясы ОК-нің ХІХ пленумы өтті
2. 1990 жылғы 23 ақпанда «Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы туралы» Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы шықты
3. 1990 жылғы 25 наурызда алғашқы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі депутаттарының демократиялық сайлауы өтті
4. 1990 жылғы 24 сәуірде «Қазақ КСР Президенті лауазымын тағайындау туралы» Заң қабылданды
5. 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды
6. 1990 жылғы шілде – «Азат» азаматтық қозғалысының құрылуы
7. 1990 жылғы 23 мамырда «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Президентінің ар-ұжданын қорғау туралы» Заң қабылданды
8. 1990 жылғы 17 тамызда 1988 жылғы 2 маусымда жойылған Маңғыстау және Торғай облыстары қайта жаңғыртылды
9. 1990 жылғы 25 қазан – «Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының» қабылдануы
10. 1990 жылғы 20 қараша – «Қазақ КСР-індегі мемлекеттік билік пен басқаруды жетілдіру туралы» Заң қабылданды
11. 1990 жылғы 21 қарашада «Қазақ КСР мемлекеттік мекемелері мен Конституциясын жетілдіру туралы» Заң қабылданды
12. 1990 жылғы 11 желтоқсанда «Бауыржан Момышұлына (қайтыс болғаннан кейін) Кеңес Одағы батыры атағын беру туралы» КСРО Президенті М.С. Горбачевтың Жарлығы шықты
13. 1991 жылғы 17 наурызда КСРО тағдыры туралы референдум өтті
14. 1991 жылғы 23 сәуір – Ново-Огарево кездесуі. «9+1»
15. 1991 жылғы 27 маусымда «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ КСР Заңы қабылданды
16. 1991 жылғы 18-21 тамыз – Тамыз бүлігі
17. 1991 жылғы 21 тамызда «Қазақ КСР Қауіпсіздік кеңесін құру туралы» Қазақ КСР Президентінің Жарлығы шықты
18. 1991 жылғы 23 тамыз – КОКП қызметі уақытша тоқтатылды
19. 1991 жылғы 24 тамызда «Ағымдағы мезгілді бағалау және Республика егемендігін күшейту шаралары туралы» Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы қабылданды
20. 1991 жылғы 24 тамызда КСРО Президенті М.С. Горбачев КОКП ОК Бас хатшысы өкілеттілігінен өз еркімен бас тартты
21. 1991 жылғы 29 тамызда Қазақ КСР Президентінің Жарлығымен Семей полигоны жабылды
22. 1991 жылғы 31 тамызда «Мемлекеттік кәсіпорындар мен одаққа бағынышты ұйымдардың Қазақ КСР Үкіметі қарамағына өту туралы» Жарлық шықты
23. 1991 жылғы 31 тамызда «Қазақ КСР-інде алтын және алмаз қорларын құру туралы» Жарлық шықты
24. 1991 жылғы 31 тамызда «Қазақ КСР сыртқы экономикалық қарым-қатынастарының еріктілігін қамтамасыз ету туралы» Жарлық шықты
25. 1991 жылғы қыркүйек айында КСРО Халық Депутаттарының Бесінші (кезектен тыс) съезі өтті
26. 1991 жылғы 7 қыркүйекте Қазақ КСР Коммунистік партиясы ОК-і таратылды
27. 1991 жылғы 6 қарашада Компартияны билеуші мемлекеттік құрылым ретінде жою туралы жарлық шықты
28. 1991 жылғы 1 желтоқсан – Қазақ КСР Президентін сайлау
29. 1991 жылғы 8 желтоқсанда Белоруссия, Ресей және Украина 1922 жылғы КСРО-ны құру жөніндегі келісімнің заңдық күшінің жойылғандығын мәлімдеді
30. 1991 жылғы 10 желтоқсанда «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауын өзгерту туралы» Заң қабылданды
31. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне кірісті
32. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды
33. 1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматы қаласында Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен 11 бұрынғы одақтас республика басшылары кездесіп, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы туралы декларацияға қол қойды
Пайдаланылған дерек көздер:
1. Внешнеполитические инициативы Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева. Историко-документальное исследование / Нурымбетова Г., Кудайбергенов Р. Вступительные статьи: Селиверстов С.В. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» 2010. – 384 с + 8 вкл.
2. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық / Б.Ғ. Аяғанның жалпы редакциясымен. – Алматы: Раритет, 2010. – 448 б.
3. Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге дейін. Оқиғалар хроникасы: Құжаттар жинағы / Құраст. Б.Ғ. Аяған, Ә.М. Ауанасова, Р.А. Құдайбергенов. Б.Ғ. Аяғанның редакциясымен. – Алматы: Раритет, 2011. І том (1990-1995 жж.) – 320 б.
Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты атынан берілген.
Бөлісу: