Бөлісу:
М.Шоқай 1890 жылы Қызылорда облысы, Сұлутөбе станциясында дүниеге келіп, әуелі ауылдағы мектепте, кейін Ташкентте, Петерборда білім алған. Бірқатар шетел тілдерін жетік меңгерген білімді заңгер кісі болған. 1917 жылы қарашада Қоқанда болған ІV бүкілтүркістандық мұсылмандар съезінде Түркістан автономиясы жарияланғаны мәлім. Жалпы Қоқан автономиясы атанған бұл үкіметтің бірінші Президенті Мұхамеджан Тынышбаев болды. Кейін оның орнында М.Шоқай сайланды. Кеңес үкіметі Түркістан Қоқан автономиясын күшпен таратты. Осыдан кейін М.Шоқай шет елге кетуге мәжбүр болған. Шет елде жүрсе де большевиктермен идеялық күресін тоқтатпады. 1917-40 жылдары аралығында Ыстамбұлда және Берлинде жаңа Түркістан мен Жас Түркістан журналдарын басып шығарып, онда кеңес өкіметінің әділетсіз саясатын бүкіл Батыс елдеріне жария етті. М.Шоқайға зерттеушілік, ағартушылық қызметін уақытша доғаруға тура келді, себебі 1941 жылғы 22 маусымда гитлершілдер Кеңес Одағына шабул жасаған күні әскершілер оны тұтқындаған еді. Сол кезде Францияда жүрген М.Шоқайды Париж түбіндегі Компьен концлагеріне қамайды. Мұстафанның зайыбы Мария Шоқайдың айтуына қарағанда,ол фашистердің КСРО-ға шабул жасағанын естіп, қатты қапаланған. Мұстафа концлагерде екі аптадай отырған. Ол кезде немістер Мұстафа Шоқайды тұтқындағы Түркістандықтармен жүздестіреді. Гитлершілдер оны өздерінің жағына шығарып алуға тырысып бағады. Оның беделін өздерінің насихаттық мақсаты үшін пайдаланып қалуға әрекеттенеді. Алайда М.Шоқай фашизмнің Еуропаның ғана емес, Ресей мен Түркістанның да барлық халықтарына құлдықтың қара бұғауын әкелетінін жақсы түсінген-еді. Сондықтан олармен ынтымақтаса, ауыз жаласа алмауы керек. Ол өзінің үлкен Отанына адалдығын сақтап қалды, концлагеріндегі әскери тұтқындармен кездескенде де олардың рухын көтеруге, болашақ жеңіске деген сенімін шыңдауға күш салады. Ұзақ уақыт М.Шоқайға немістерге қызмет еткен, немістің генералы шеніне дейін көтерілген, "Түркістан легионын" құрушы - деген айып тағылып, жалған лақап таратылды. Ал шын мәнінде М.Шоқай "Түркістан легионын" құрушы көсем емес, себебі: ол жайлы қазір көз көрген қариялар, кезіндегі легионерлер анық айтады. Солардың қатарында кезіндегі легионер, кәзірде ақын Хамза Абдулла, жұбайы Мария Яковлевна Шоқай т.б. бар. Олардың айтуынша М.Шоқай тұтқындарға жағдай жасап, оларды Қызыл әскерге қарсы майданға жібермеуге күш салған. Тұтқынға түскен Түркістандық солдаттардың ауыр, адам аярлық халін көрген М.Шоқай оларды азық-түлікпен, киіммен қамтамасыз етуге көмектескен М.Шоқайдың ауыртпалығы да, азабы да мол қысқа ғұмырында аузынан тастамай кеткен мұңлы да, нұрлы сәттері Әміре Қашаубаевпен кездесуі еді. Алғаш рет олар адал достардың көмегімен Мұстафаның пәтерінде кездескен еді. Мұстафа Әміре даусына тәнті болды. Бұл оның туған жерге деген сағынышы жан жүрегін қатты сыздатқан сәттер еді. Әмірені тыңдап ол алпыс екі тамыры иіп, сайын-сахарасын, оның жұпар исін, жазира-жазық шалқар көлін сезініп, шерін тарқатты. Бұдан біз кейінгі ұрпақ М.Шоқайдың нағыз патриот, Отанын, ұлтын, сүйген азамат болғандығын сезінеміз.
Түркістан легионы жайлы, ондағы М.Шоқайдың рөлі жөнінде зерттеулер баршылық олардың кейбіреулерінде, әсіресе кеңес дәуірінде жазылған еңбектерде М.Шоқайды қаралайтын кезеңдер кездеседі. Ол легионды құрушы емес, оны нақ құрушы өзбек ұлтты Вали Каюм. В.Каюм Шоқайдың көзі тірісінде оның тіршілігіне көп кесірін тигізіп, қайтыс болғанан кейін де Шоқайдың атын жамылып, немістерге біраз қызмет еткен. Ал М.Шоқай болса 1941 ж. 27 желтоқсанда Берлиндегі немістердің ауруханасында қайтыс болады. Шоқайдың қазасы туралы да түрлі деректер кездеседі. Солардың қатарында М.Шоқайдың кітабы да бар. М.Шоқаймен жиырма жылдан аса бірге өткізген өмірін баяндау арқылы оның адамгершілік, қайраткерлік бейнесін көрсетеді. Сол сияқты кітапта М.Шоқайдың легион құруға еш қатысы болмағаны, оның мақсаты Түркістандық тұтқындардың өмірін сақтап қалуға ғана бағытталғаны, ешбір әскери саясат ұстанбағаны, неміс генералы да болмағаны туралы дәлелдер жеткілікті. М.Шоқайдың Түркістандық тұтқындардың алдында сөйлеген соңғы сөзінде "барлық күшіміз" бен қуатымызды Ерікті, Тәуелсіз Түркістанды құру үшін жұмсайық - деген еске түседі. Жеңістің мерейтойы аталып жатқан күндері, осы жеңіске өз үлесін қосқан ұлттық батырымыз жерлесіміз М.Шоқайдың есімін де атап өткен орынды.Тухмарова Ш.К.,
тарих, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы,т.ғ.к.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Бөлісу: