Бөлісу:
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Білім беруді тұжырымдамасына, яғни «Орта білім берудің мақсаты терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға білім беру жүйесіне көптеген жаңалықтар енгізуде. қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» сай қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне көптеген жаңалықтар енгізуде.
Білім туралы заңға сай мұғалім оқушыға мемлекеттік өлшем деңгейінен төмен түсірмей білім беруі тиіс, ал нәтижеге жету үшін оқытудың белгілі технологиясын игеру қажет. Осындай сұраныстарға сай оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енуде. Мысалы, академик В.И.Монаховтың технологиясы В.К.Дьяченконың «ұжымдық оқыту әдістемесі», профессор Ж.А.Қараевтың «Деңгейлік саралап оқыту технологиясы» және тағы басқалар.
Қазіргі мектептерде тарих пәнін оқытудың негізгі мәселелерінің бірі оқушылардың білімді өз бетінше игеруі болып табылады. Соған сәйкес мұғалімнің басты міндеті – білімнің жаңа мазмұнынан туындайтын сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру және сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін оқушылардың әрбіреуі тарихи оқиғаларға ғылыми тұрғыдан баға беріп, олардың сабақтастық байланысын түсінуіне жағдай жасау қажет.
Соңғы жылдары заман талабына сай оқытудың жаңа әдіс – тәсілдері іздестіріліп, бағдарламалап оқыту, дамыта оқыту сияқты оқытудың жаңа технологиялары кеңінен тарауда. Сабақты оқушыны ынталандыратындай қызықты әрі сапалы өткізу үшін, ең алдымен тақырыпқа сай оның ұйымдастырылу нысанын дұрыс таңдап алу қажет.
Тарих сабағында оқушылардың ізденісін арттыру мақсатында педагогикалық әдебиеттерде білім берудің төмендегідей технологиялары ұсынылады: дамыта оқыту, модульдік дамыта оқыту, перспективтік оқыту, ірі – блоктік оқыту, проблемалық оқыту және тағы басқалар. Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігі мен ізденушілік қасиеттерін қалыптастыру және дарыту мәселесіне педагогтардың, психологтардың көптеген еңбектері арналған. Мысалы, белгілі ғалым Сократ оқыту үрдісінде оқушылардың ізденімпаздығын арнайы басқарып отырудың керектігі туралы айтқан. Кейіннен бұл қағидалар Я. А. Коменский, А. Дистервег еңбектерінде дамытылды. Сонымен қатар, М. Н. Скаткиннің, И .Есимовтың, И. Я. Лернердің, М. И. Шамованың зерттеулерінде бұл мәселеге айтарлықтай көңіл бөлінді.
Оқу сапасын арттыру үшін пән мұғалімі оқушы бойындағы танымдық, ізденушілік, дамытушылық қасиеттерді дәріптеу үшін күнделікті сабақтарда жаңа технологияларды төменгі сыныптан бастап пайдалану керек. Осы мақсатта төменгі сыныптарда оқушының логикалық ойлауын дамыту негізінде «Сыни тұрғыдан ойлау» жобасы стратегияларын қолданған тиімді. Сыни тұрғыдан ойлау – ол американдық ғалымдардың идеялары негізінде құрылған жоба. Сыни ойлау дегеніміз оқушының қоршаған ортаға, ақпарат әлеміне, өзінің іс - әрекетіне сын тұрғысынан қарауын етілдіру деген сөз.
«Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының стратегияларынпайдалану жаңа оқу материалындағы оқиға мен құбылыстарды оқушылардың өздерінің байқап, талдауларына жағдай жасайды. Демек, білім даяр күйінде берілмей, оқушылардың өздерінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, оқушылардың ізденушілігі мен дербес ойлауын дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында тарих сабақтарын түрлендіріп өткізу керек. Дәстүрден тыс сабақтарды, мысалы, жарыс, ойын, КТК, пікір – сайыс, сот сабақтарын өткізген жөн. Жоғарыда айтылған дәстүрлі емес сабақтарды өткізу негізінде оқушылар іздену жұмыстарымен шұғылданған уақытта келесі іс - әрекет түрлерімен айналысады:
· Оқушының ізденуі арқылы тест құрау;
· Тақырып бойынша модель құрау;
· Эксперимент жүргізуі, талдауы;
· Тірек конспектімен жұмыс;
· Жаңа метериалды сызба – нұсқа ретігнде көрсетуі;
· Сөзжұмбақ жаза білуі;
· Өз бетімен оқулықтан тыс әдебиеттерді оқи және пайдалана білуі.
Белгілікті озық технологияларды сабақта қолайлы әрі оқу үрдісін тиімді пайдалану үшін көптеген әдістерді, олардың мүмкіндіктерін білу, меңгеру қажет. Оның өзіне тән ерекшеліктер бар:
· Әр сыныптағы білім деңгейі бір – біріне ұқсамағандықтан, бірдей әдістерді қолдану дұрыс нәтиже бермейді;
· Сыныптағы әр оқушының қабілетін жеке дара зерттеп, айқындау керек;
· Әр мұғалім негізгі әдіс – тәсілдерді, өз пәнін жетік білуі қажет;
· Сабақ жоспарын сынып деңгейіне сай жоспарлауы;
· Осы сабаққа ең қажетті әдіс – тәсілдерді тиімді пайдалану керек.
Оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы оқушыларды ғылыми жұмыстарғабаулы, өз ойын еркін жеткізе білетін салауатты тұлғаны қалыптастыру жолындағы шығармашылықтың мәні өте зор. Ал шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет, қабілет іздете білу – мұғалімнің алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі болып есептеледі. Осы салада Ж.Қараевтың технологиясындағы оқу үрдісінде мыналарға мән берілген:
· Оқушыларға сенімділік білдіру;
· Пәнге деген қызығушылығын артыру;
· Оқушының өз біліміне сеніп, одан әрі дамытуы;
· Өзіндік шығармашылық деңгейге көтеру.
Ж.Қараевтың технологиясының тиімділігі – жаңа тақырыпты оқушылар ізденіс үстінде өздігімен меңгеруі. Жаңа тақырыпты оқушылар ізденіс үстінде өздігімен меңгеру барысында берілген жұмыстың мақсатын анық түсіну, сол жұмыстың оқушылармен еркін, өздерінің қалауымен орындалуын, қосымша тарихи әдебиеттерді пайдалану және тағы басқа қағидаларды ұстанған жөн.
Бимақанова А.Н.
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)
Әдебиеттер:
1. Қазақстан республикасының 2015 – жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егеменді Қазақстан, 28 – желтоқсан, 2003 ж.
2. «Қазақстан мектебі» ғылыми – педагогикалық журналы. № 12, 2002 ж.
3. Б. Әбдіғұлова «Білім берудегі жаңа үрдістер» // «Қазақ тарихы» журналы, №5, 2005 ж.
4. М. Валиева «Білім беру технологиялары және оларды оқу – тәрбие үрдісіне енгізу жолдары» /Әдістемелік нұсқау/.
5. З. Қарабаева «Жаңа педагогикалық технология негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру» // «Қазқстан тарихы» әдістемелік жрнал, № 12, 2004 ж.
Бөлісу: