Бөлісу:
Көшпелі қоғамда билік құрған, әлеуметтік қарым-қатынаста ашық көрінген
Қазақтардың ауызекі дәстүрі -халықтың тарихи тәжірибелері, оның дүниетанымы, мұраты мен эстетикасы туралы, ақпараттарының бай қазынасы.
Қазақтардың ежелгі саяси тарихын, хандардың, билердің және батырлардың рөлін көршілес халықтармен және мемлекеттермен қарым-қатынас жасауда қайта құру Шығыстану институты ғалымдарының маңызды міндеттері болып табылады. Бұл жоспарда біз ата-бабаларымыздың бастан кешірген оқиғасы, материалдық тұрмысы, үй жабдықтары, киім-кешектері және қарулануы туралы сан түрлі мәліметтерді қарастыратын ұсынылып отырған баға жетпес ауызекі деректер болып табылады. Қазақтардың сақталып қалған ауызекі дәстүрлерінің арқасында бүгінде біздер тарихты өзіндік халықтың бағасы (ішкі көзқарас) тұрғысынан зерделеу, олардың пайда болуының заңдылығын анықтау, бүгінгі күнге ықпалу ету, қазақ мемлекетінің дамуындағы атақты тұлғалардың қазынасын зерделеу мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Бұл ретте, қазақ тарихындағы көптеген даулы сәттер дастандарды, шежірелерді, әңгімелерді және олең-жырларды шешуге мүмкіндік береді. Бұл жерде біз көбіне археологиялық ғылымның деректерін, XVIII–XIX ғасырлардағы қолжазба деректерін, парсы және түркі тілдерінде жазылған ежелгі жазба материалдарды табамыз.
Ауызекі тарихи дәстүрлерге тарихи жыраулар, батырлық жырлар, тарихи өлеңдер, генеология (шежіре), заңдар, әңгімелер, толғаулар секілді қазақ фольклорларының жанрлары жатады. Мысалы, қазақ ақындарының жырауларында XVII–XIX ғасырлардағы тарихи оқиғалар көрсетілген. Бұл тарихи өлеңдер Абылай, Кеңесары хандардың, Бекет, Исатай, Махамбет және қазақ халқының басқа да лайықты батырларына арналған.
Ауызекі халық шығармаларының дәстүрін батырлық жырлар жалғастырады. Олар үлкен жақындықта осы немесе басқа да оқиғаларды шынайы әндетіп айтады. Оларды зерделеу өте қызықты, себебі ұлттың өткені, халықтың санасында оның қалып қойғаны көрініс табады. Бұл жерде біздер қазақтардың қоғамдық және тұрмыстық қарым-қатынастарын, дәстүрі, дінге сенуі және сол кезеңдерде билік еткен қоғамдық идеалдар туралы нақтылықтарды табамыз.
Тарихи жырларда қазақтардың көршілес халықтармен қарым-қатынасы — соғыстар, одақтық қарым-қатынастар, тұрғындардың рулық құрамы, көшпелі болуға мәжбүр болғандығы жазылған. Біздің күнге дейін жеткен тарихи жырлар негізінен XVII–XVIII ғасырлардағы оқиғаларға қатысты. Яғни, Тәуке ханның билік құрған кезіндегі «Жеті жарғы» заңы, жоңғар-қалмақ соғысы, Төле бидің, Жәнібек, Қасым, Әбілмәмбет, Абылай хандардың тарихтары, Қаракерек, Қабанбай және басқа да батырлардың батырлық әрекеттері жатады.
«Абылай-хан», «Кенесары», «Исатай — Махамбет», «Бекет-батыр», «Олжабай-батыр», «Жабай-батыр», «Қарасай-батыр», «Қабанбай-батыр», «Өтеген-батыр», «Арқалық-батыр», «Қалмақ қырылған», «Аңырақай соғысы» секілді және көптеген басқа да теңдессіз қазақ жыраулары әдетте, ұлы күйзеліс кезеңдерінде жазылды, мысалы, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» уақыты секілді халықтың санасында қалып қойған жоңғар шапқыншылығы.
Тарихи-жыр дастандарының келесі блогы атақты тұлғаларға арналады. Бірінші кезекте хан Абылайға, оның батырларына, билерге, шешендерге арналады: «Абылай-хан», «Абылай туралы жыр», «Калдан Серен Абылайды тұтқынға алғаны», «Сабалақ — Абылай-хан», «Баян-батыр». Бұл жерде өткен кезеңнің тарихы жарық көреді. Сонымен бірге, ақын өзіне хандардың ішкі және сыртқы саясатын бағалауға мүмкіндік береді, біздің алдымызға толықтай көркем суреттемелер ұсынады, ақын табиғаттың суреттерін адамның көңіл-күйімен байланыстырады. Ол әрқашан да қызықты және үлгі болады.
Патша отаршылдығы және Қазақ даласын хандардың билеуін қысқарту кезінде: «Кеңесары — Наурызбай», «Кеңесары», «Кеңесары туралы өлең», «Наурызбайдың өлердегi сөзi», «Саурық батырдың Кеңесары өлiмiн ханымына естiртуі» және басқа да жаңа дастандар туындады. 1782–1797 жылдардағы оқиғалар, Нұралы ханның және Айшуақ сұлтанның басшылық еткен кезіндегі патша қанауына қарсы шаруалардың көтерілісі Сырым батыр туралы жырауда көрініс табады. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының көтерілісі, Науша және Айса батырлардың қатысуымен патша өкіметіне қарсы көтерілісі және қазақ байларының, сұлтандарының, старшиндерінің әділетсіздігі жыраудың басқа блогында көрініс табады.
Тарихи өлеңдер өзінің масштабының және тапсырмларының аз болуынан дастандар мен жырлардан ерекшеленеді. Бұл жерде байтақ жыр жоқ және әңгіме қарқыны жоғары. Тарихи өлеңдер халық өміріндегі нақты оқиғалар жөнінде шығарылды және сол кезеңнің шынайылығын нақты көрсетті. Оған «Қаратаудың басынан көш келеді», «Қапқағылған», «Шаңды жорық" атты тарихи өлеңдер шынайы мысал болып табылады.
Ежелде шежіренің басты функциясы үйлену және құда түсу кезінде, жалпы жауға қарсы бірігу кезінде, ру басыларын сайлаған кезде туыстық байланысты анықтау болып табылады деп саналды. Тек қана шежіреде тарихи әңгімелер, өлеңдер, тарихи тұлғалардың әрекеті мен саяси және мәдени оқиғалар туралы мәліметтер, этнорграфиялық деректер сақталады. Қазақ шежіресі әдетте қазақтың аты, аңызға айналған — Алаш ханы туралы әңгімеден басталады. Ал, шыңғыстықтардың шежіресі Шыңғысханның қиялы туған тарихынан басталады.
Генеологиялық әңгіме — бұл қазақ халқының теңдессіз мәдени және рухани құндылығы, аты әйгілі Алексей Левшин, Владимир Вельяминов-Зернов, Николай Аристов, Николай Гродеков, Петр Рычков, Гордий Саблуков және т.б. белгілі ғалымдар орыс тіліне және басқа да тілдерге аударды. Кейбір шежірлере, мысалы, болыстық басқарушылардың, ақсақалдардың, ақындардың әңгімесінен жинақталған «Қыпшақ шежіресі», «Үш жүз шежіресі», «Түріктер шежіресі», «Ұлы жүз шежіресі» бізге осы зерттеулердің тырысуы арқасында жетті.
Абай Құнанбаев өзінің «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» мақаласында қазақ халқының генеалогиялық әңгімелерін зерделеуге маңызды назар аударды. Соған қарамастан, ол өзінің туысы Шәкәрім Құдайбердіұлына халықтың қазақтың генеалогиясын, оның қалыптасу тарихын зерделеуді тапсырды. 1911 жылы Орынборда шығарылған Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбегі маңызды тарихи зерттеуге ие болды. Ол еңбегінде Ш. Құдайбердіұлы Стамбулға және Меккеге саяхатқа шыққан кезде жинаған материалдарын пайдаланды.
XIX–XX ғасырлардың тоғысында өмір сүрген, қазақ халқының тарихындағы тамаша зерттеуші — оның ауызша шығармашылығы — Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы тарихқа дарынды шежіреші ретінде енді. Бүгінде оның «Хандар, сұлтандар һәм төрелер шежiресi», хан Абылай руының генеалогиясы, «Қазақ түбi», «Қыпшақ шежiресi», «Үш жүз» атты еңбегі кеңінен танымал. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қолжазба мұралары, оның араб графиксында қазақ тілінде жазылған дәптер және кітап нысанындағы жазбалары, — бұл оның қайда және қашан жазған материалдық деректерін, ауызекі халық дәстүріндегі деректерді көрсеткен шежіре, жыр, жырау, дастандар, тарихи өлеңдер. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жазбалары құнды, ол тарихи шынайылықтан ерекшеленеді, генеалогиялық-шежіре стилінде жазылған. Танымал тарихи тұлғалардың тарихын ол қысқа және қызықты етіп жеткізеді. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қолжазбалары Қазақстанның Орталық ғылыми кітапханасындағы жиі кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында және өзінің ұрпақтарының жеке қорында сақталады.
Қазақ хандығын басқарған хандар, сұлтандар және басқа да басшылар тарихты және оның ерлігін жазудағы жыраудың рөлін өте жақсы ұғынды. Сондықтан, әрқашан да ханның қасында хан мен халықтың арасын байланыстыратын рөлді өздеріне алған құрметті адамдар болды, олар ханның ерік-жігерін білдірді, халыққа оның қаулыларын, жарлықтарын жеткізіп, ханға кеңестер берді және халықтың мүддесі туралы айтты. Жыраулардың ішіндегі көрнекілері Бұхар Қалқаманұлы — Абылай ханның кеңесшісі, досы және сыншысы танылды. Оның туындылары бізге Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының баға жетпес еңбегі арқылы жетті.
Халықтың тарихи әңгімелерінде және қазақтардың тарихи-генеалогиялық шығармаларында қазақтардың Дала заңының негізінде жатқызылған заңдар туралы мәліметтер сақталуда. Әдетте, дала заңдары көшпелі түркі тайпаларының дәстүрлі исламға дейінгі құқығына тірелді. Және қазақтардың арасындағы дәстүрге сәйкес тек қана «Қасымханның қасқа жолы», «Есімханың ескі жолы», Тәукенің «Жеті жарғы» заңдарын білген адамдардың билік етуге мүмкіндігі болды. Егер-де жаңа дәуірге немесе оған келіспеушілік білдіруге байланысты бұл заңдар ескірген жағдайда хан ескірген заңның орнына жаңасын шығаруға міндетті болған. Бір сөзбен айтқанда, заң қазақ қоғамының өмірінде жоғары орынға ие болды. Біздің күнге дейін бұл заңдар ауызша баяндау (толық түрде емес) және XX ғасырдың басында Қазақстан зерттеушілерінің еңбегі арқылы жетті.
Ғажап, алайда көптеге жүзжылдықтар бойында және көптеген ұрпақтар арқылы ежелгі жырлар мен әңгімелер бізге көптеген уақыт бойын қолданылып келген сөйлеу айналамын сақтай отырып, тұңғыш шыққан таза күйінде жете білді. Ол суырып салмалардың таң қаларлық санасы және халықтың өзінің өлеңге, жырларға және ата-бабаларының әңгімелеріне деген құштарлығы арқасында орын алды. Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі Шығыстану институтының ғалымдары жүргізген жырларды, дастандарды, жырауларды, халықтық өлеңдерді салыстырғанда, олардың ұқсастығын растады. Яғни, Батыс Қазақстанда жиналған тарихи өлеңдер немесе дастандар, мысалы Абылай ханның құрметіне Оңтүстік Қазақстанның жырауы айтатын сол оқиға айтылады.
Өз кезегінде қазақ жырлары өзінің дұрыстылығы арқылы ежелгі қолжазбаларға жол бермейді. Олар біздің халықтың жазусыз шежіресі. Оларда жазылған оқиғалар соншалықты шынайы, оларға мұрағаттық деректер куә болады.
Ауызекі халық шығармашылығын зерделей келе, біздің тарихымызда халықтың суырып салма, ақындарын есте сақтау туралы бірде-бір маңызды оқиға, бірде-бір тамаша адам қалмағандығын түсінуге тура келеді.
Айтжан Нұрманова, Р. С үлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты
Бөлісу: