Бөлісу:
Көшпелі өмірдің қалыптасуы Сақ дәуірінен-де арыда болса керек. Себебі ғалымдар Сақ кезңіне жататын, қазба деректерге негізделіп, оларда кездесетін «Аң стилінің" және қолөнер бұйымдарын жасау техникасының қалыптасуы, осы жұрттың көшпелі өмірге ауыспай тұрғанда басталған болуы мүмкін деген болжамайтады. Бұл болжамға әсіресе, Ілияс Есенберлин мен Х. Алпысбаев табанды болған екен. Шыныменде осы қолөнер мұйымдарын жасауға қатысты бірде бір деректің әліге дейін табылмауы, мысалға алтын, күміс балқытатын немесе жан-жануарлардың бейнесін салатын қалыптар мен құрлығылардың кездемпеуі. Осымен қоса көп деректер, көшпелінің осыдан бұрында өзгелерден оызық мәдениет пен өркениет ошағы болғанын дәлелдейді.
Содан бері көшпелілер деген ешкімге ұқсамайтын, ешкімді қайталамайтын тарихы мен мәдениеті бар ел жасап келді. Қазақ журналистикасының белді қайраткері, түріролог, жазушы, Ақселеу Сейдімбековтің «Қазақтың ауызша әдебиеті» атты еңбегінде Көшпелілердің болмысы туралы немістің этнографы Альберд Вебер: «Ат үстіндегі көшпелілер дүниенің кеңдігін таныды. Олар ежелгі дүниенің ұлы мәдениетке ие елдерін жаулап алды. …Үстем нәсіл ретінде олар дүниеге ерлік пен трагедиялық сананы қалыптастырып, оны эпос түрінде паш етті. …Сөйтіп өмірдің мән-мағынасына қатысты сол кездегі тарихы соқталы істердің бәрінде-де трансцендентті әмбабап дінді, философияны және тәртіпті қалыптастырды». деген пікірін келтірген. Осындағы трансцентһдентті әмбебап дін дегенге тоқталатын болсақ, «Қазақтың ауызша тарихында» Неміс ғалымдарының өкілі Альберд Вебердің Көшпелілер даласында біздің заманымыздан бұрынғы 15 ғасыр көлемінде Құлзым теңізінің маңында (сол кездегі Каспий теңізі) осы адамзат өркениетінен алғаш болып, о дүние мен пәни туралы, жәннат пен дозақ туралы уағыздаған Заратуштра (Зората) дәлірек айтқанда, бүгінгі біз айтып жүрген Зорастризмның түп қазығы екенін және ол көршілес өркениеттерде кейіннен пайда болған барлық діндердің негізі болғанын мойындағаны туралы ситатты келтірген екен. Осы бүгінде таралып отырған діндердегі осы тақырыптардың ұқсастығы Дін тарихын жаңа ерадан бұрыннан бастап атартып, өзгелерге иегінің асытымен қарайтын өзге жұрттардың осы дәлел алдында көшпелінің даласы туралы қайта ойлануына тура келеді.
А.Вебердің айтқанындай «Үстем нәсіл ретінде» дүниеге шын ерліктің, досына адал, жауына қатал мәрт көңілдің болмысын танытқан едік. Алайда, біздің даңғыл көңіліміз өзгелердің жымысқылығымен әділетсіздікке ұшырады. Күні сол кезден тартып, өзгелер Көшпелілерге деген тарихи қианатын бір тоқтатқан емес. Оған Сақ жеріен жасалған Парсы мен Ескендір Зұлһарнайынның шабуылдары, Ғұндардің Батысқа ауып көшуі, Түркілердің ыдырауы, Араб қосынының түрік даласындағы балбалдарды құртуы, жазуын жоғалтуы, бәрін айтпаған да күні кешегі Кеңестің түркі балаларын дәстүр мен дін, ділдер айыра жаздауы анық мысал бола алады. Жер бетіндегі бір іргелі мадениеттің ұмытылуы оның жадын жоғалтуынан асқан ашынарлық не бар. Біз жадымызды жоғалтқан жоқпыз, өзгелер жағынан жоғалтылды. Көшпеліні соғысып алудың қиынын сезген соңғы ел тарихтағы бізге қаратылған ең ауыр қиянат мәңгүрттендіруді жасады. Ол біздің түгелге жуық қырылғанымыздан да ауыр, әрі үрейлі болды. Көзінен көшпелінің оты жанған жандардың өзінің кешегісі туралы ештеңе-де елестете алмауына тең келетін трагедия бола ма!
Ақселеу Сейдімбек осы еңегінде қазақ тарихының сол зобалаңдардан аман қалған лира-эпостық жырларын, аңыз-ертегілерін, мифтерін көшпліге тән ерекшеліктігі тарих ретінде көрсетеді.
Өзгелер үшін біздің тарихты көзден ғайып, көңілден ұмыт ету өздерінің тарихтағы әлсіздігімен жасаған қиянатын жасырып жабумен бірдей. Әрине барлығы емес, Көшпелілер айналасында әуелі біздің сосын өздерінің тырнағы батқан жұрттар.
Дәуірдің тасы осы кезі адамдық ой-сананың жаңаруы мен жаңғыруына тура келіп тұр. Жұлдызшылар мен философтар тұтас адамзат тарихында бұл кез бір жұлдыздың уәкілдік кезеңінен енді бір жұлдыз кезеңіне алмасу мезгілі деп жорамалдап отыр. Осыдан бұрынғы мезгіл біздің бағымызға болыспаса да біз болашақтан үміткерміз! Көшпелілердің мәрт жүрегі мен дарқан көңілі болашақтан үміткер!
Есхат БОЖАН
Дереккөзі: http://baribar.kazjur.kz
Бөлісу: