Ақтөбеде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың қайтыс болғанына 70 жыл толуына арналған митинг өтті
13.01.2014 1471
14 қаңтарда Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың қайтыс болған күніне 70 жыл толады. Ақтөбеде батыр қыздың мемориалдық кешенінде еске алу митингісі өтті.

Іс-шараны Ә. Молдағұлова атындағы мұражай, мәдениет басқармасы және «Қос шынар» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, деп хабарлайды inform.kz.

Ескерткіш маңына Ә. Молдағұлованың туыстары, студенттер, ардагерлер, қоғамдастық өкілдіктері қатысты. Еске алу митингісіне Ұлы Отан соғысында жандарын қиған батыр қыздарымыздың құрметіне есімдері қойылған 70-ке жуық ақтөбелік қыздар қатысты. Митинг ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.

"Қос шынар" қоғамдық бірлестігінің басшысы Ғалымжан Байдербестің айтуынша, Ә. Молдағұлованың қайтыс болған күніне 70 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған негізгі іс-шара ертең Қобда ауданы Әлия кентінде өтеді. Мұнда батыр қызға арналып ас беріледі.