Астанада ақын Берімбай Ысқақұлының 80 жылдығы аталып өтілді (Фоторепортаж)
Бөлісу:
Астанада Монғолия жазушылар Одағының мүшесі, ақын, сазгер, ұлағатты ұстаз Берімбай Ысқақұлының 80 жылдығына арналған "Елдің құны елінде" атты еске алу кеші өтті. Кешке Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғалымдары, қоғам қайраткерлері мен ақынның қаламдас достары, ұрпақтары, студенттер қатысты.
Шығармашылық кеште ақынның үш кітабының тұсауы кесіліп, ел ағалары құттықтауларын жеткізді. Гүлмира Сарина, Аллажар Қайбарұлы, Ықылас Ожайұлы, Өзгеріс Шерікбай, Дінисламбек Жайлаудай т.б өнер майталмандары өнер көрсетіп, ақын Берімбай Ысқақұлының шығармашылығынан өлең-жыр оқылды.
Бөлісу: