Астанада Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған музыкалық-поэзиялық кеш өтті

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Қазағым-ай» атты музыкалық-поэзиялық кеш өткізді.