Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Индустрияландыру: Қазақстанның тау-кен металлургиялық өнеркәсібі

3365
Индустрияландыру: Қазақстанның тау-кен металлургиялық өнеркәсібі - e-history.kz
Индустрияландыру күніне орай NDH порталы Қазақстандағы өнеркәсіптің қалай дамығанын көрсетуді шешті.

Бірақ бәрін бір материалда көрсету мүмкін емес болғандықтан, еліміздің тау-кен металлургиялық өнеркәсібінің 2017 жылы қалай дамығанын көрсетеміз

Бұқаралық санада «индустрия» бірнеше саланы қамтиды. Олардың ішінде тау-кен қазу өнеркәсібі, карьер қазу, өңдеу өнеркәсібі, электр беру, мұнай-газ секторы, бу беру және ауаны баптау, сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және одан әрі тарату. Дүниежүзілік банк құрылыс саласын да индустрия қатарына қосады. Қазақстанда өңдеу өнеркәсібіне ғана маңызды рөл бөлініп қоймай, сонымен қатар индустрияландыру барысында оның бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға септесетін құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да шаралардың жиынтығы ескеріледі.

Индустриалдық объектілер өз көрсеткіштерін шын мәнінде көбейгенін көрсетеді. Мысалы,  KAZ Minerals Plc компаниясымен мыс кенін, «Казцинк» ЖШС-де қорғасын-мырыш кенін, АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да болат өндірудің, сонымен қатар «АРБЗ» ЖШС-де фасондық прокат өндірудің өсуі есебінен тау-кен металлургия кешені нәтижелерінің жақсаруымен қамтамасыз етіледі.

KAZ Minerals 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 193,3 мың тонна мыс өндірді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есеге жуық артық. 2016 жылдың дәл сол кезеңінде компания 98,6 мың тонна мыс өндірген. Өнім көлемі өсуінің мол үлесі Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғайға келеді. Ақтоғай комбинатында тек үшінші тоқсанның өзінде ғана 31,2 мың тонна мыс өндірілген, қыркүйекке қарай бұл сан 64,2 мыңға дейін көтерілді.

 

«Казцинк» ЖШС-нің де амбициялары мол. Оның мақсаты минималды қаражат

шығындай отырып бес басты әлемдік кәсіпорындар қатарына ену және сол орынды тұрақты ұстап тұру. Олардың өндірістері тұрақты өсуде. 2015 жылы металл мырыштың өндірісі 2015 жылы 304500 тонна, 2016 жылы – 305478 тонна құрады. Өзінің кеніш базасынан күміс өндіру де қомақты өсімді көрсетеді. 2015 жылы өз базаларынан  3653712 тонна күміс өндірсе, 2016 жылы бұл көрсеткіш 4798163 тоннаға жетті.

«АрселорМиттал» АҚ инвестициялық бағдарламаға көп көңіл бөледі. «АрселорМиттал» компаниясының бас директоры Парамжит Калон компанияның өршіл инвестициялық жоспарын таныстырды. Инвестициялар заводтар мен комбинаттарды жаңғыртуға бағытталды. 2016 жылы жетінші агломерациялық машина қайта жөнделсе, биыл – алтыншысы қайта жөнделді. Келесі жылы бесінші агломашинаны жаңарту жоспарлануда. Қазіргі уақытта ауа жылытқыштарды жаңарту басымдылықта. Корпорацияның жоспары одан да әріге кетеді, төрт-бес жылдан кейін жылына 5 миллион қатты болат өндіруге қол жеткізу жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, шамамен 2016 жылдың ортасында басталған шикізат құнының әлемдік өсімі жағдайға оң әсер етті.

«Қазақмыс» корпорациясы өз көрсеткіштерін жете бақылап, олардың үздіксіз өсу жағдайын қолдап отыруға тырысады. Осы жылдың басынан бастап қазан айының аяғына дейін компания катодтық эквиваленттегі 169,4 мың тонна мыс өндірген, бұл былтырғы жылдың көрсеткішінен 6 мың тоннаға артық. 2017 жылы «Казахмыс» фабрикалары 21,8 миллион тонна кен өңдеген. 

Индустриалдық объектілердің табысты жұмысының маңыздылығы Қазақстан өнеркәсібінің дамуында ғана емес, сонымен қатар әр компания көптеген жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Еңбек қауіпсіздігі компания басшылығының басты назарында, сондықтан жұмысшылар өнеркәсіп қауіпсіздігі мен еңбектің қорғалуы бойынша алаңдамауларына болады.     

Егер Қазақстандағы 2016 және 2017 жылдардың бірдей кезеңі аралығындағы кен өндірудегі айырмашылыққа көз жүгіртсек, темір, мыс, қорғасын-мырыш кендерін, боксит өндірудің өскенін көреміз. Тек құрамында алтын бар кен өндіру ғана теріс тенденция көрсетті. Егер 2016 жылы 3,07 млн т. құрамында алтын бар кен өндірілсе, 2017 жылдың дәл сол кезеңінде бұл көрсеткіш 2, 71 млн т. ғана жеткен.

Қазақстанда өнеркәсіп тек шикізат өндіру жағынан ғана дамып жатқан жоқ. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, қазақстандық инженерлер, ғалымдар мен кәсіпкерлер Қарағанды қаласында тау жынысы сынамаларын зерттеу жөніндегі Қазақстандағы тұңғыш зертхананы жасауға күш-жігерлерін салуда. Зертханада халықаралық деңгейге сәйкес геохимиялық талдау жасауға мүмкіндік болады. Австралиялық мамандар зертхана жасауға көмек көрсетеді. Австралиялық ұйым геохимиялық зерттеулер жасау жөнінен әлемдік көшбасшы ретінде танылған. Жобаны келесі жылы іске асыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Бұл бағдарлама 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаның логикалық аяқталуы. Бұл бағдарламаны әзірлеуге Мемлекет басшысының ресми жарлықтары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы негіз болды. 

Бағдарлама Қазақстандағы индустриалдық дамудың көптеген аспектілерін қамтыды. Өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін экспортқа шығаруға бұрынғысынша көп мән беріледі. Ресей, ЕАЭО және Орталық Азия, Ауғанстан, Иран, Кавказ елдері, Қытайдың батыс бөлігі сияқты жақын орналасқан өңірлер қазақстандық тауарларды экспорттауға ең қолайлы аймақтар болып саналады.

Мақаланы дайындау барысында төмендегі сайттардың материалдары қолданылды:

  1. https://www.arcelormittal.kz/
  2. http://www.kazakhmys.kz/ru/
  3. http://www.kazminerals.com/ru/
  4. http://kazzinc.com/ru
  5. http://kidi.gov.kz/
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?