«Сонымен, «Qazcontent» АҚ «Қиырдағы қазақтар» фильмінің тизерін назарларыңызға ұсынады. «Қазақстан тариxы» интернет-порталының жетекшісі Олжас Беркінбаев пен жоба ұжымы қыруар шаруаны бітіріп, мыңдаған шақырымдарды артқа тастап, өзге елдегі қандастарымыздың тыныс-тіршілігін көрсеткісі келуде», - деді Е.Кочетов.
Деректі фильмнің басты мақсаты шетелдегі қандастарымыздың тыныс-тіршілігін көрсету. Жуық арада фильмнің бірінші сериясы жарыққа шығады, алғашқы тоқтаған ел - Ресей. Моңғолия қазақтары туралы фильмде түсірілім жұмыстарын аяқтап, монтаждалу үстінде. Фильм келер жылы Өзбекстан, Тәжікстан елдерінде жалғасын табады деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың шілде айында ОКҚ-де ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен шетелдегі қазақтардың тариxы мен күнделікті өмірлерін көрсететін ауқымды жобаның басталғанын мәлімдеген брифинг өткен еді. Сол уақыттан бері алыс-жақын шет елдерде түсірілім жұмыстары жүргізілді.