Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Астанада танымал тарихшы Ильбер Ортайлының қатысуымен конференция өтеді

1784
Астанада танымал тарихшы Ильбер Ортайлының қатысуымен конференция өтеді - e-history.kz
2018 жылдың 26 сәуірінде Юнус Емре түрік мәдени орталығының ұйымдастыруымен белгілі ғалымИльбер Ортайлының қатысуымен «Түркі әлемі және түркологияның мәселелері» тақырыбында конференция өткізіледі.

2018 жылдың 26 сәуірінде Nazarbayev университетінің қабырғасында Юнус Емре түрік мәдени орталығының ұйымдастыруымен белгілі ғалым, тарихшы, түрколог, профессор Ильбер Ортайлының қатысуымен «Түркі әлемі және түркологияның мәселелері» тақырыбында конференция өткізіледі.

Ильбер Ортайлы– түрколог, тарихшы ғалым, Ресей Ғылым Академиясы шығыстану институтының құрметті профессоры, Халықаралық Османлы зерттеулер комитетінің, Еуропадағы Иран зерттеулері қоғамының, Австрия-Түркия ғылыми форумының, Босния-Герцоговиния, Македония мен Черногория ғылым және өнер академиясы мүшесі.

Астана Юнус Эмре  түрік мәдени орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін конференцияның мақсаты  - қазіргі таңдағы түркология мәселелеріне шолу жасау, өзекті мәселелерін анықтау, бауырлас екі ел арасындағы ғылыми академиялық байланыстарды нығайту, сонымен қатар Түркі әлеміне қатысты ортақ құндылықтарды насихаттау болып табылады. Ортайлы Түркияның тарихын терең зерттеумен қатар қалың көпшіліктің назарын Түркияның тарихына аудартып, жастардың тарихқа  қызығушылықтарын  арттыруда үлкен еңбек атқарған тұлға болып есептеледі.

Шараға  қазақстандық зиялы қауым өкілдері ғалымдар мен түркологтар, осы сала бойынша білім алып жүрген студенттер, сондай-ақ бауырлас ел Түркиядан келетін  бір топ ғалымдар қатысатын болады.

Белгілі ғалыммен өткізілетін конференция 26  сәуірде Астанада, 27 сәуірде Еуразия ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында  өткізіледі. Конференцияда қазақша және ағылшынша синхронды аударма болады.

 Қысқаша өмірбаяны

Тарихшы профессор Ильбер Ортайлы Австрияның Брегенц қаласында Қырым татары жаңұясында дүниеге келген. Екі жасында әке -шешесі Түркияға көшкен. Бастауыш және орта мектепті Ыстамбұлдағы Австрия лицейінде оқыған. 1965 жылы Анкарадағы Ататүрік лицейін бітірген.

Ғылыми карьерасы 

1970 жылы Анкара университетінің Тіл және тарих-география факультетінің тарих бөлімін бітірді. Университетте Шериф Мардин, Халил Иналджык, Мүмтаз Сойсал, Илхан Текелі, Мүбеджел Кырай сияқты танымал ұстаздардың студенті болды. 

Вена университетінде слав және Шығыс Европа тілдерін меңгерді. Магистратурасын Чикаго университетінде әлем дейгейінде танымал тарихшы Халил Иналджыктың жетекшілігімен бітірді. 1974  жылы Анкара университеті саяси білімдер саласында «Танзиматтан кейінгі жергілікті басқару орындары» атты докторлық диссертациясын қорғап шықты. «Османды императорлығы кезіндегі немістердің ықпалы» атты ғылыми еңбегімен 1979 жылы доценттік атаққа ие болды.

1982 жылы университеттердегі қызметінен  өз еркімен кетті.  Осы кезеңде ол Вена,  Кембридж, Берлин, Йерусалим, Оксфорд Париж, Принстон, Мәскеу, Рим, Мюнхен, Страсбург, Йания, София, Киль және Тунисте дәрістер, семинарлар мен конференциялар өткізді.

1989 жылы Түркияға оралып профессор атағына ие болды.  1989- 2002 жылдары аралығында Анкара университеті саяси ғылымдар  факультетінің басқару тарихы кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етті.

2002 жылы ол Галатасарай университетінде,  екі жылдан кейін Билкент университетінде қонақ оқытушы ретінде қызмет істеді.  Қазіргі уақытта Галасарай университетінің заң факультеті мен Билкент университетінің заң факультетінде сабақ береді. Галатасарай университетінің Сенатының мүшесі. Ұлттық және шетел ғылыми журналдары 16-шы және 19-шы ғасырлардағы Османлы тарихы мен Ресей тарихы туралы мақалаларын жариялады. 2005-2012жылдары аралығында Топкапы Сарайының директоры қызметін атқарды.

Ортайлы ағылшын, неміс, орыс, француз, парсы және латын тілдерін меңгерген. Ол 2017 жылы 29 қазандағы Республика күні қарсаңында болатын Президенттік қабылдауда тарихи саладағы Президенттік мәдениет және өнер Гран-при сыйлығына ие болды. 

Маңызды ғылыми жұмыстары

 

 «Танзиматтан кейінгі жергілікті басқару орындары»

«Түркиядағы әкімшілік басқару жүйесіндегі эволюция»

«Түркияның басқару тарихы»

«Османлыда  неміс ықпалы»

«Дәстүрден келешекке»

«Императорлықтың ең ұзақ ғасыры»

«Танзиматтан Республикаға дейінгі жергілікті басқару дәстүрі»

«Ыстанбұл парақшалары»

«Османлы кезіндегі жанұя құрылымы»

 «Қырық қамба сұқбаттары»: Европа және біз»

«Тарихымыз бен біз»

«Ильбер Ортайлы саяхатнамасы»

«Бірлік және даму/ Иттихат уа теракки»

«Түріктердің тарихы: Орта Азия даласынан Европаның қақпасына»

«Түріктердің тарихы: Анадолының даласынан Европаның төріне»

«Жауынгер Мұстафа Кемал Ататүрік».

 

Қосымша ақпарат үшін: 8 777 533 91 30

   Юнус Эмре Түрік мәдени орталығы

 
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?