Меморандум ғылыми-практикалық конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, құжаттамалық көрмелерді ұйымдастыру және өткізу, өндірістік тәжірибені жүргізу, ақпараттық қызмет көрсету және ұйым қызметінің түрлі аспектілері бойынша консультативтік кеңес сияқты ортақ жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруға септігін тигізеді.
«Қазконтент» АҚ-ның «Қазақстан тарихы» интернет-порталы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты арасындағы ынтымақтастық көп жылдан бері жалғасып келеді, атап айтқанда, мұрағат өз қорындағы сирек материалдармен, бірегей құжаттарымен және мақалаларымен бөліссе, «Қазконтент» медиа-холдингі Мұрағаттың іс-шараларына ақпараттық қолдау көрсетіп отырды. Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының директоры Борис ДЖАПАРОВ Меморандумның маңызы туралы айтып берді:
- «Қазконтент» АҚ мен Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандум мемлекетіміздің тарихи мұрасын, оның ішінде, соңғы ғасырдағы саяси тарихты әрі қарай насихаттауға бағытталған, өйткені, Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық комитетінің, кейіннен Қазақстан Коммунистік партиясының құжаттары, Тәуелсіздік кезеңінің материалдары, сонымен қатар, саяси, мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың: Президент Әкімшілігінің, Елбасының тікелей бағынысындағы министрліктер мен ведомстволардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Дүниежүзі қазақтары құрылтайының, ұлттық-мәдени орталықтардың, саяси партиялардың және басқалардың құжаттары сақталады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты, бізде мемлекеттік сақталымдағы тарихи құжаттарды зерттеудің мүмкіндігі туралы ел жұртшылығының және шетелдік зерттеушілердің толық хабардар болуына мүдделі.
Біз, Қазақстан халқына, әлем жұртшылығына, мемлекетіміздің дамуының түрлі кезеңін көрсететін тарихи материалдар туралы мейлінше көп дерек беруге тырысамыз. Біз бұл бағытта халықаралық конференциялар, өңірлік семинарлар, дөңгелек үстелдер, тарихи-құжаттық көрмелер өткізу арқылы тарихты насихаттаумен байланысты мақсатты жұмыс жүргізіп келеміз.
Мұрағаттық материалдар мен құжаттарды насихаттауға бағытталған барлық жұмыстар, әсіресе, осы Меморандумға қол қойылғаннан кейін тіпті жанданып, белсендіріле түспек. «Қазконтент» АҚ осы күнге дейін бізбен белсенді қызмет жасап келді. Атап айтқанда, «Қазақстан тарихы» интернет-порталы жаңалықтық мақалаларды, ҚР Президентінің Мұрағаты қызметкерлерінің зерттеу материалдарын жиі шығарып келеді.
«Қазконтент» АҚ-ның тарих порталындағы мақалалар тек қана мемлекеттік тілде емес, сонымен қатар, орыс, ағылшын тілдерінде шығатындықтан, оқырмандар аудиториясы кеңейе түседі. Бұл біздің саяси тарихымыздың болашақ зерттеушілері үшін географиялық шекарамызды одан сайын кеңейте түсуге мүмкіндік береді.