Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Өмір мектебі» трилогиясының тарихи шындығы 2- бөлім.

2408
«Өмір мектебі» трилогиясының тарихи шындығы  2- бөлім. - e-history.kz
Карантин күндері Qazaqstan Tarihy порталы қазақ әдебиеті классиктерінің еңбектерін оқуды әрі қарай жалғастырады

Кезекте Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» трилогиясының екінші кітабы, кітап негізінен автордың өткен ғасырдың басындағы ауылдағы тұрмыс-тіршілігіне арналған. Бұл кітапта С.Мұқановтың Мағжан Жұмабаевты, Сәкен Сейфуллинді, Әбілқайыр Досовты, Абдолла Асылбековты және басқаларын кезіктірген оқушы кезі туралы сөз болады

«Өмір мектебінің» екінші кітабында Сәбит Мұқанов тек адамдар туралы ғана емес, сонымен бірге сол кезде Қазақстан аумағында әрекет еткен тұтастай ұйымдар туралы да пайымдайды. Сондай ұйымдардың бірі «Үш жүз» партиясы, алашордалықтар бұл партияны Алаш орданың бітіспес жауы деп атаған. Айта кетерлігі, «үшжүздіктердің» өздері партияаралық қатынастардың отына май құйып отырған. 1918 жылдың мартынан бастап май айына дейін Петропавлда шыққан «Үш жүз» газетінің бірнеше номері Торсан үйіне де келген еді. Со газеттің сегізінші номерінде «Алаш» партиясында жүрген қу табандардың мұрындары қанап, жарға құлады» деген бас мақала шықты. Мақаланың авторы Көлбай Төгісов «Алашорданың» басты адамдарын сыбай жамандап, былай деген:

«Қазақтан шыққан қара албасты Ғалихан (Бөкейханов С. М.) 31 декабрьде. 1917 жылда I ) Омбы қаласына келіп, маңдайша, табалдырығы жоқ, шірік ағаштан кереге, уық жасап, қиқайтып, шаңырақсыз, қатты бір соққан желден жығылатын Алаш партиясы атты отay жасап кетті... Семейдің списогін алып қарасақ, өңшең арам құзғындар, қастарына күздігүні адасып қалған соқыр тырнадай қылып, кемиек Халел Ғаббасов қуды алып, алаш партиясының керегесін жайған...» […] «Алаш партиясында жүрген қу табандардың үндері өшті, тістері сынды, мұрындары қанады, адам қатарынан жарға құлады»  

Осы жерде С.Мұқанов «Үш жүз» партиясының  қызметі туралы есейген шағында  нақтырақ біле түскенін айтады. Көрген материалдарының негізінде партия өзін ұлтшылдарға жатқызды, ал саяси бағыты бойынша эсерлерге жақын болды деген қорытынды жасайды. Дегенмен, «Үш жүз» партиясы ұзақ жасамады, Советтермен тығыз қарым-қатынаста болғаны үшін, 1918 жылғы чехословактардың ереуілінің ізін ала бере, партиялықтардың көбі Колчак үкіметінің қолына  түсіп, оның басшылары, олардың ішінде К.Төгісов те бар, атылады. 1918 жылғы Чехословак ереуілінің оқиғалары С.Мұқановтың әңгімелерінде бірнеше рет кездеседі. Қаруланған ақ гвардияшылардың чехословак эшелоны Петропавлға келгеннен кейін олармен Ақ әскерлерінің басшыылығы байланысып, олармен бірге бір түннің ішінде төңкеріс жасалады. Төңкеріс нәтижесінде қызылдар мен оларды жақтаушылар жаппай тұтқындалады. Сондай рейдтердің бірінде ұстаз Кәрім Сүтішев пен совет басшылығының жастар қанатында лауазымды қызмет атқарған он сегіз жасар Хафиз Базарбаев ұсталады. Ақыр соңында Сүтішевті аттың құйрығына байлап, екі жағынан екі салт атты қан жоса болған, өлімші күйдегі ұстазды дүрелеп, қала көшелерімен айдап отырады. Х.Базарбаевтың тағдыры одан да сорақы еді: оны темір бағанаға байлап, үстіне керосин құйып, өртеп жіберген. Хафиздің өліміне еріксіз куә болған жұрт оның өлер алдындағы «Пролетарлық революция жасасын!» деген соңғы сөзін естиді. «Өмір мектебінде» С.Мұқановтың «Алаш орда» партиясы мен алашордалықтарға деген жеккөрінішін байқауға болады: «Алаш орда тек қазақтың бектері мен байларын жақтап, Колчакқа жағынады» немесе «Колчактың асыранды итіндей шәуілдегенмен, Алашорда «үкіметі», материалдық жағынан да, әскер беруден де Колчакқа айта қаларлықтай жәрдем көрсете алған жоқ». Алайда, Сәбит Мұқанов елде Совет билігі орнасымен-ақ Әлихан Бөкейханов Қарқаралыда шұғыл жиын жасап, онда: «Демек, Совет билігін құлатудың жалғыз жолы – оған қызметке тұрып, ішінен шіріту керек» деген.

С.Мұқановтың пікірінше, Әлихан коммунистердің өз ішіне Алаш лидерлерін кіргізбейтінін түсінген, сол себепті алаш жастарының белсенді рөліне үміт артқан. Мұғалімдер курсында оқып жүрген кезінде С.Мұқанов көптеген тарихи тұлғаларды өз көзімен көрген. Солардың бірі Алаш орда облыстық комитеті төрағасының орынбасары болған алашордалық Ережеп Итбаев. Ол онымен Қази Торсановты іздеп жүргенде соның кабинтеінде жолыққан. «...маған таныс Қазидың қарама - қарсысында танымайтын шоқша қара сақалды, қалың қара мұртты, қара кескінді, кішкене денелі біреу отыр, екеуінің ортасындағы кішірек столға арақ және ол-пұл жеңіл закуска қойылған»,-деп жазады автор. Айта кетерлігі, Е.Итбаевтың ресми өмірбаянында оның 1918 жылдан кейінгі өмірі туралы қандай да бір ақпарат жоқ, бірақ Сәбит Мұқанов атақты алкоголик Итбаев кейін араққа күйіп өлді деп жазады. Сәбит өзі оқу оқып жүрген кезінде сол курстардың директоры болған Мағжан Жұмабаев туралы көп жазған. Алайда, бұл жәйт Сәбиттің Мағжан шығармашылығын халыққа қарсы және контрреволюцияшыл деп сынауына еш кедергі жасамаған, Сәбитке қосымша табыс – туысының үйінде аула сыпырушылықты да тауып берген осы Мағжан еді. Сәбиттің курсына Мағжан төрт сабақтан (дінтану, қазақ тілі, педагогика мен орыс тілі) дәріс берген. Сәбит үлгілі оқушы болған, оның үстіне Мағжанға конспекті жасауға көмектесіп отырған. Бірақ, көп ұзамай Мағжан мен Сәбиттің ара қатынасы шиеленісе түседі. Оған себеп – Сәбиттің өлең жазу өнері болады. Мағжан оның өлеңдерімен алғаш танысып, махаббат пен айтыс туралы өлеңдерін ұнатады, бірақ ауыл кедейлерінің өмірі туралы өлеңдерін сынға алады: «Ойлан, Сәбит! Сенің өлеңдерің үкіметке қарсы бағытталған. Сен: «Үндемеген үйдей пәледен құтылады», «Тек жүрсең – тоқ жүресің» деген екі алтын ережені ұмытқан шығарсың. Мына өлеңдеріңді өрте, ал махаббат туралы қанша жазсаң да, жаза бер. Және өтінем, менімен қайымдаспа. Саған және де Алаш орда туралы ойлану керек. Қазақ халқының болашағы - сонда. Егер сен нағыз қазақ болсаң, өз өлеңдеріңді міне осыған арна»,-дейді. Совет үкіметі орнағаннан кейін М.Жұмабаев туған ауылына кетеді, бірақ С.Мұқанов оқитын курсқа қазақ тілінен дәріс оқу үшін қайтадан шақыртылады. Сәбит Мұқанов группаластарын кешкілікте жатақханада жиналып Мағжанның қызметін талқылайтындарын айтады. Олар «оның әлі де қаруын тастамағанын, Совет үкіметіне қарсы әлі де күресін тоқтатпағанын, ыңғайлы сәтін тауып курсанттарға буржуазиялық-ұлттық идеяларды беруге тырысып жүргенін» атап өтеді.

Сәбит Мұқанов Абдолла Асылбековты жақсы таныған. Ол Асылбековты жұрт оң қолынң бас бармағының астындағы саусақ тәріздес өскін үшін «Алтыбармақ» деп атайтынын, баяндамаларын ешқашан да шпаргалкамен оқымағанын, ақтардың тұтқынында сүзекпен ауырып, өліп қала жаздағанын, жапон интервенттерімен соғысқанын еске алады. Мұқанов өз естеліктерінде қазақ батыры, «байлардың бітіспес жауы» аталып кеткен Амангелді Имановтың қазасы туралы да жазады. Атап айтқанда, ол 1916 жылғы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысының басшысын алдап қолға түсірген торғайлық алашордалықтардың арамзалығын айтады: «Сол кезде, қазақтан шыққан қызыл партизандардың көсемі және командирі Аманкелді Имановты, Торғай қаласында алашордашылар қапысын тауып тұтқынға алыпты деп естідік. Біз — большевиктер Имановты жаудың қолынан құтқарудың шарасын қарастырдық. Сол кезде, Троицкий мен Торғайдың аралығындағы крестьян селоларынан Таран дейтін қызыл партизан шығып, кедей және батрак крестьяндардан қызыл отряд құрғанын естігеміз. Аманкелдіні жау қолынан бір құтқарса сол құтқарады деген үмітпен арнаулы кісі жібердік. Таран біздің, хатымызды алады да, қалың отрядпен Торғайға аттанады. Аманкелдіні және жергілікті советтің бар адамын абақтыға жауып, үкіметті қолына алған алашорда, Таранның келе жатқанын естиді де сасады. Оны да алдап ұстаудың шарасын қарастырады. Бұл жұмысқа алашорда Аманкелдінің «орынбасарын» жұмсамақ болады. Ол — Аманкелдіні алашордаға ұстап берген сол шпион екен. Таран оны біледі екен, өйткені, ол бұрын Аманкелдіден Таранға бірер рет хат апарып беріп, Тараннан Аманкелдіге хат әкеліп, араларын жалғастырып жүрген екен. «Таран сенсе осыған ғана сенеді» деп жориды алашордашылар. Сонымен, орынбасар Торғайға жақындаған Таранның алдынан шығады да, «сіздің келе жатқаныңызды естіп, батыр қарсы алуға жіберді, кішкене қалада орын аз болғандықтан, бүгінше бастықтары ғана келсін де, отряды жақын жердегі ауылға қона тұрсын деді» дейді. Бұл сөзге сенген Таран, отрядын жақын ауылдарда қалдырады да, кейбір басты командирлері мен өзі Торғайға келеді. Алашордашылдар оларды ұстап алады да, сол түні Аманкелдіні де, жолдастарымен Таранды да атады!..» 

Әбілқайыр Досовпен алғаш кездескенде оның ұзын бойы, кең йығы мен жалпы батырдыкіндей алып тұлғасы Мұқановтың көзіне түседі. Ол кезде Сәбит Петропавлдағы мұғалімдер курсында оқитын, ал Досов қазақ даласын әлемдегі жағдаятпен таныстырып, жастарды пандық Польшамен күресу үшін совет жауынгерлерінің қатарына қосылуға шақырған алғашқылардың бірі болатын. Оның үндеуінен шабыттанған Мұқанов еріктілер қатарна жазылмақшы болады, алайда Досов оны қатарға қабылдаудан бас тартады: «Жоқ, біз ені майданға жібермейміз. Сен осы жерде керексің»,-дейді. Кейінірек Әбілқайыр Досов Сәбит Мұқановты үйіне шақырып алып, өз қаупін егжей-тегжейлі түсіндіреді.

Өз естеліктерінде Сәбит бұл күнді тебірене еске алады. Ол Досовпен танысқанына аса бақытты болған. Кейін Досов Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы ретінде НКВД-ның Ерекше үштігінің құрамына енген, бірақ қазақ интеллигенциясының көпшілігі сияқты 1937-1938 жылдардағы репрессиядан құтыла алмады. Сәбит Мұқанов Угар Жәнібеков атымен танылған Мұқатай Жәнібеков туралы да әңгімелейді. Алғаш танысқан кезде Угар уездік милиция батығы болып істеген және Михаил Калинин Қазақстанға клгеен кезде Сәбитке соның вагонын күзетушілер құрамына кіруге көмектескен. Калининмен Угар алғаш рет 1912 жылғы сәуірдегі ереуілге қатысқаны үшін өмір бойына каторгаға жер аударлған кезінде танысқан. Михаил Калининмен болған кездесуге Сәбит Мұқанов кітабының тұтас бір тарауын арнаған. Сәбит Калининмен қазақтардың салт-дәстүрі, ауылдардағы таптық күрес, кедейлердің жағдайы туралы сөз қозғаған. Мұқанов гармоньда қазақ пен орыстың ән-күйін тартқан, Калининнің өзін ықыласпен тыңдап, рахаттан күлгенін есіне алады.

Сонымен бірге автор қоғам қайраткері әрі журналист Мұқан Әйтпеновтың ұлымен де таныс болған. М.Әйтпеновтың пролетариат диктатурасын мойындамағаны белгілі, ол қазақтарды бай мен кедейг бөлмеуге шақырған, бірақ Сәбит оның революционерлерді жақтағанына сенімді. Содан да болар Колчак үкіметі кезінде Әйтпеновты ақ гвардишылар жиі тоқтатып тұрған. Мұқанның Мұхаметжан деген ұлы Пресновтағы азық-түлік отрядында қызмет етіп жүрген кезінде Сәбит оған бір рет көмектескен екен. Айта кетерлігі, Мұхаметжан бай-құлақтардың ереуілі кезінде қаза болған.

Естеліктерінде Сәбит Мұқанов жиі еске алатын тұлға – Смағұл Сәдуақасов. С. Мұқанов оны ұлтшыл деп айыптайды. Сәдуақасовтың басты идеясы мынадай болатыын: «Қазақстан қазақтардыкы болуы керек, орыстың қарашекпенділерін кері қайтару керек, ал олардың жерлері мен поселкілерін байырғы халыққа беру керек». Ол осы  ойын 1922 жылғы ақпанда өткен Екінші бүкілқазақстандық партконференцияда да өрбіткен, алайда, Мұқановтың пікірінше, делегаттар тарапынан қолдау таппаған. Тіпті, Угар Жәнібек сөйлеп болғаннан кейін оны залдан қуып шыққан: «Бұл - бетін бояған Бөкейханов. Екеуінің тарауы басқа болғанмен, түйісуі бір. Оның үстіне, бұл Бөкейхановтың жалғыз қызы Лизаға осы жолы Семейде үйленіп қайтты. Бөкейхановтың қайда екені де бізге мәлім. Совет өкіметіне құралды қарсылық жасаған ол, Колчакпен, бас - қолбасшысы барон Унгернмен, атаман Анненковпен қолдас болды да, Қызыл Армия ақтарды жеңгеннен кейін, тығылып қалды. Қайда тығылды сонда? Өзінің туған өлкесі — Тоқырауын өзенінің маңына. Оған ең жақын қала - Аягөз екі жүз елу шақырым. Көшпелі ол араға Совет өкіметінің тәртібі әлі орнап болған жоқ. Бірақ, біз Бөкейхановты да табамыз. Оған дейін, мына Садуақасов сияқты құйыршықтарын аяусыз қырқуымыз керек».

Сәбит Мұқанов өмір бойы Сәкен Сейфуллинмен дос болған, оны өзінің ұстазы және ең жақын досы деп санаған. Естеліктерінде ол Сәкенмен алғаш танысқан күнін еске алып, былай деп жазады: Фаэтон ішінде отырған адам жерге түсті «Әуелі көріп алайын» деген оймен түскен адамға жақындаңқырадым. Оның «ортадан жоғарылау» деп шамалаған бойы тіп-тік екен. Басы көтеріңкі. Кеудесі шалқақ. Кескін көзіме алғаш шалынғаны, аса қою қияғы ұзын қара - сұр мұрт. Кескініне бедірейіп қарауға ұялдым да, жанапайлап ілгері өтіп кеттім. Ол мені елемегендей, қараған жоқ. Кескін - кейпінен есімде қалғаны — көзді, мұрынды, сұрғылттау өңді, сұлу кісі сияқты. Ол кезде сәнденіп киіну салты жоқ. Ал мына кісінің үстінде әдемі тігілген драп пальто, сол драптан жиегін бұрыштандыра тіккен кепка...» Сол күні Сәкеннің атқосшысы Сәбитке оның бір көрмеге мейлінше тәкаппар кісі болып көрінуі мүмкін екенін, ал ұнатқан адамына одан кішіпейіл жан жоқ екенін айтады. Кейін Сәбит онымен жақын танысып, ақынды тағы бір рет зерделей қарайды: «Жақын жерден айқын керсем: кейін қайырған шашы толқынды қара - бұйра екен, шекесі толық, маңдайы кең, кеше мөлшерден артық қоңқақ сияқтанған мұрны бүгін қырланған, мөлшерлі, эдемі қалыпта, кешегі қалың, ұзын мұрты, бүгін қоюлана, ұзара түскен сияқты. Жалпы бейнесі, еркек жынысының ең сұлуы...» Орынбордағы рабфакта оқыған кезінде Сәбит Ахмет Байтұрсыновтың 50 жылдық мерейтойыын болдырмауға қатысқан. Рабфак студенттері екіге бөлінеді: біреулері мерейтой иесіне портфель сыйлауға ниеттілер болса, екіншілері қанаушының мерейтойын тойлауға қарсылар. Сәбит, әрине, соңғыларының қатарында болады. Сол жылдары белсенді советтік жастар арасында, олардың ішінде Сәбит Мұқанов та бар, Ахмет Байтұрсыновтың әкесі Торғай уезінің ықпалды байы Байтұрсын Шошақұлының 1885 жылы ояз бастығын соққыға жыққаны үшін Чукоткаға айдалып кеткені туралы белгілі болатын. Ол кезде Ахмет қазақ балаларына арналған орыс мектебінде оқитын. 1905 жылғы революцияға дейін ол Ақтөбе, Қарқаралы, Қостанай уездерінде бала оқытқан, кейін қазақ зиялыларының тобына қосылып, ұлт бостандығы идеясын ұрандатқан. Оның қазақ әліпбиі мен грамматикасын жасауын барша жұрт қолдағанымен, «Алаш орда» партиясына жетекшілік еткенін оған кешірмеді. Алаш идеясы құлағаннан кейін Байтұрсынов Мәскеуге барып, Владимир Лениннің қабылдауында болып, амнистияға қолжеткізеді. 1920 жылы Коммунистік партия қатарына қабылданып, коммунистерге қарсы шықпауға сөз береді, алайда, С.Мұқановтың ойынша, сөзінде тұрмаған. Осы аралықта мерейтой жақындай түсседі. Мұқанов өзімен мүдделестерд жинап алып, кездесуге барады: «Біз мерейтой кешіне алдын ала дайындалдық – шіріген қырыққабат пен өзге де көкөністерді газеттерге орап алдық, бұлар баяндамашы Смағұл Садуақасовқа деген «сыйымыз»... Садуақасов Байтұрсынов туралы сөз бастай беріп еді президиумға қарай шіріген көкөністер борай жөнелді. Жиынның шырқы кетіп, салтанатты мерейтой болмай қалды»

«Өмір мектебінің» екінші кітабында Сәбит Мұқанов тамаша хирург, Ұлы Отан соғысына қатысушы Баязит Баширов туралы да сөз етеді. Сәбит онымен рабфакта оқыған: «Қадимше көп оқыған, жадитше аз оқыған, орысшаға шорқақ адамның біреуі Баязит Баширов... Елден біз Орынборға онымен бірге аттанғамыз. Сонда ол, поезд үстінде, күнделік бес уақыт намаздың біреуін де қаза қылмай оқып келген. Біздің мінгеніміз жалпылық вагон да. Және, пассажирдың көпшілігі оқуға келе жатқан жастар. Олар Баязитті мазақтап, намазына бөгет жасай берген соң, ол жоғарғы полкаға шығып кетті де, сондағы багаждардың арасында жасырынып оқитын болды. Көріп қалған біреулер оны саждаға жығылып жатқан жерінен жұлып алса, ол полкасына шығып қайта оқиды. Рабфакта да Баширов сол әдетін тастаған жоқ. Жатақханада жастар мазақтай берген соң, ол намазын атқораның ішіне барып оқып жүрді. Соншалық діншіл адам Рабфакта бір жыл оқып, медицина техникумына көшті де, оны бітіргенде, барып тұрған атеист болып шықты».

Сәбит пен Абдолла Асылбековты бірнеше рет шайға шақырғанғ тамаша ән салатын кішкентай бойлы, бидай өңді арық қыз Алма Оразбаева туралы, орыс болып кеткен неміс оқытушы Карл Безин, қазақтың музыкалық қазынасын жинақтаушы Александр Затаевич туралы да жеке тоқталып өткен жөн.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?