Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

XVI-XIX ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің карталар галереясы ашылды

977

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ғылым қызметкерлері күніне орай XV-XIX ғасырлардағы еліміз­дің ежелгі Еуропа және Америка картала­рының галереясы ашылды. Онда аталған жоғары оқу орнындағы Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың көп жылдық ғылыми зерттеу еңбегі ұсынылды.