Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада "Қазақ даласындағы Оғыз тарихи мұрасы" атты фотокөрме өтті

1362

Астанадағы Ұлттық музейде «Қазақ даласындағы оғыз тарихи мұрасы» атты фотокөрменің тұсаукесері өтті. Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігі, Бозоқ мем­ле­кеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, Қызылорда облысы әкімдігі мен тарихи-өлкетану музейі және Астанадағы Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының ұйымдастыруымен өтті.  

Көрмеге Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Парламент депутаттары, Қазақстандағы дипломатиялық корпус өкілдері, тарихшы ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысты. 

Фотокөрмеге оғыз тарихи ескерткіштерінің 30 фотосуреті және Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан Сырдария оғыздарының материалдық мәдениетін қамтитын ҮІІ-XI ғғ. Жанкент, Күйіккескен, Сортөбе, Асанас қалашықтарынан табылған 56 археологиялық жәдігер қойылды.