Кейкі батыр халық жадында мәңгі қалған адам. Кейкі халық сүйген образ. Өзіндік дәстүр ұстанып, шариғат жолында адасқан адам деп айтушы азаматтар кездеседі. Ол кездегі Кейкінің бастан кешкен қайғы-қасіретін көзбен көріп барып ой түюге болар. Кейкі батырдың батырлық бет-бейнесін аша алмай келеміз. Басқа өркениетті елде, басқа халықта Кейкі батыр сияқты халық жадында сақталған, елі сүйген тұлға болса баяғыда-ақ оның әруағын асқақтатып атына елді мекенді де, көшені де берер еді.
Бөлісу: