9 мамыр күні Қазақстанда және ТМД-ға мүше өзге елдерде Жеңіс күні атап өтіледі. Адамзаттың басына төнген алапат соғыстың аяқталғанына бүгін тура 77 жыл толып отыр.
Неміс әскерінің КСРО-ға шабуылы 1941 жылдың 22 маусымында таңсәріде басталған болатын. Бірінші дүниежүзілік соғыста оңбай жеңілген Германия әскері араға ширек ғасыр салып есін жиып, қайта әлемге айбар шеккен қатерлі күшке айналады. Фашистер 1939 жылы қол қойылған кеңес-герман шартын бұзып, КСРО шекарасына лап берген еді. А дегенде айтарлықтай кері шегінген Кеңес Одағы жүздеген ұлттардан құралған жауынгер әскерінің арқасында жерін қорғап қалуға мүмкіндік алды. Жеңісті жақындатуға Қазақ КСР-ның зор үлесі барын атап өткен жөн.
Бөлісу: