Қола дәуірінде адам өзінің табиғатқа тәуелділігін сезінді. Сондықтан қола дәуірінде адамдар табиғат күштеріне, Күнге және отқа табынған. Олар о дүниеге сенді және бұл олардың жерлеу рәсімінде көрініс тапты. Адамдар қасиетті от жамандықтан тазартады деп сенген. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы кезінде Күн мен оттың қасиетті күштеріне сенумен қатар, табыну дәстүрі пайда болды. Себебі бір жерден екінші жерге көшу барысында түнде Ай мен жұлдыздарға қарап, жол бағдарын анықтаған. Сақтар дүниетанымында түрлі жануарлар мен құстарға табыну басым болған. Оларда анимизм, тотемизм және магияның қосындысы болды.
Бөлісу: