1929 жылы Алматыда «Востокфильм» түсірген «Соңғы хабар» киножурналы. Режиссер Виктор Туриннің «Түркісіб» құрлысы туралы киножурналы, операторы Ескендір Мұхаметжанұлы Тынышбаевтың жұмыстары баяндалады. 1938 жылы Б. Майлин мен Ғ. Мүсірепов жазған сценарий негізінде түсірілген қазақтың тұңғыш көркем фильмі – «Амангелді», 1940 жылы М.Әуезовтің сценарий негізінде түсірілген «Райхан» фильмі, осы фильмдегі Шәкен Аймановтың тұңғыш ролі, режиссерлік жолдағы туындылары қамтылады. Қазақ кино өнерінде қолтаңбасы қалған режиссерлер мен актерлер еңбегі, Тәуелсіздік жылдарындағы фильмдер мен кино өнерінің қазіргі беталысы айтылады.