1899 жылдың 15 қарашасы күні Қарашүңгіл кен орнында мұнай бұрқағы атқылады. Бұл оқиға қазақ жерінен ең алғаш мұнай өндірілген күн болып тарихқа енді. 1911 жылы Доссорда, Мақатта мұнай алына бастады. 1914 жылы мұнайды игеруге Нобель ұрпақ¬тарының келуі, советтік билік кезеңіндегі, соғыс жылдарындағы саладағы қиыншылықтар баяндалады. Теңіз, Қашаған аса ірі мұнай кеніштерінің табылуы, Каспий құбыры концорциумы арқылы қазақ мұнайының әлемдік нарыққа шығуы, шетелдік инвестиция келуі және бүгінгі мұнай-газ химиясы саласындағы жобалардың келешегі туралы айтылады.
Бөлісу: