Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда отандық тарих ғылымының алдында тұрған міндеттерге тоқталыпөтті. “Елімізді әлем өркениетінің дербес бөлігі ретінде танытуымыз қажет”, - деді Президент. Сондай-ақ, ғылыми зерттеулер жүргізу, тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру, археологиялық қазба жұмыстарын жандандыру, музей ісін дамыту, шетел мұрағаттарын зерделеу, салт-дәстүрімізді жаңғырту – осы жұмыстың бәрін бір жоспарға келтіру керектігін атап өтті. Осы бағытта отандық ғалымдар қандай жұмыс атқарып жатқанын Л,Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Өмірбай Бекмағанбетов пен Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының кандидаты, доцент Құралай Сейтқазинадан сұрап көрген едік.
Ғалымдардың пікірін назарларыңызға ұсынамыз.
Бөлісу: