Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Хронология

Түргеш қағанаты (704-756 жж.)
Үш Елік қаған билік құрған кезең

Түркештер көсемі Үш Елік қаған Батыс Түрік қағанатындағы қытай императорының адамын шеттетіп, өз билігін орнықтырды. Ол Жетісудан Бөрі Шадты қуып шығып Ташкенттен Тұрфанға және Бесбалыққа дейінгі жерлерде өз билігін орнатты. Оның бас ордасы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші ордасы Іле өзені бойындағы Күнгіт қаласы болды. Үш Елік елді әрқайсында 7 мың сарбаздан бар 20 түтікке бөлді.


Сақал қаған билік құрған кезең 

Түргештер мемлекетінің ішінде бірлік болмады. Мемлекеттің сыртқы саяси жағдайы күрделі болды. Олар батыста соғдилықлықтармен бірге арабтарға қарсы күрес жүргізді. Ал оңтүстіктен Тан династиясы үлкен қауіп төндірсе. шығыстан ортаазиялық түріктер шүйлігіп тұрды.

Сулық қаған билік құрған кезең



Арабтар түргештерді талқандап Бұқараға кірді
Қарлұқтардың Жетісуға қоныстануы

Қарлұқтар Алтай мен Тарбағатайдан Жетісуға қоныс аударды. Түргеш қағандары өзара тартыс және арабтармен арада болған ұзақ соғыстың салдарынан бұрынғы қуаттарынан айырылдықтан оларға айтарлықтай қарслық көрсете алмады. 


Түргеш қағанаты қарлұқтар тегеурініне шыдамай құлады