1740 – 41 жылдары қолбасшы Сары Манжаның 30 мыңдық әскерінің шабуылы – ойраттардың қазақ жеріне жасаған соңғы ірі шапқыншылықтарының бірі. Кіші жүз шекті-әлімұлының батыры Сейітқұл Құдайқұлұлы мен Орта жүз керейдің биі Құттымбет Қоштайұлы бастаған 9 елші онда қазақ билеушісінің өзін және өзінің қол астындағы халықты ресей бодандығына қабылдау туралы жазбаша өтінішін алып барды.
Ұлы жүз қазақтарын ресей бодандығына қабылдау туралы жарлық 1734 жылдың 10 маусымында шықты. Бірақ Ұлы жүз бен Ресей арасының өте алшақтығына және Орта Азиядағы халықаралық жағдайдың күрделі болуына байланысты орынбор билігі грамотаны тиісті жеріне жеткізген жоқ.