Индустриализацияға бағытталған БКП (б)-ның ХІV съезі өтті. Социалистік индустриализацияны жүзеге асыру Қазақстанда айтарлықтай қиындық туғызды. Басты себептердің бірі республиканың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан артта қалғандығы болды. Коммунистік партия мен Кеңес үкіметінің ойынша қазақ халқы дамудың капиталистік құрылысын аттап, феодализмнен социализмге қарышты қадам жасау керек болатын. Халық шаруашылығын, нақтырақ айтқанда өнеркәсіпті қалпына келтіру созылып кетті. 1926 жылдың басында республика 1913 жылғы өнеркәсіптің 61, ауыл шаруашылықтың 82,9 пайыздық деңгейіне ғана жете алды. 1929 жылы үкіметтік және мәдени мекемелердің Қызылордадан Алматыға көшірілуі жаңа "Турки" темір жолымен жүзеге асырылды.