Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Хронология

Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан

1970-1980 жылдардағы Қазақстан

Байқоңыр ғарыш айлағынан алғашқы жасанды жер серігі ұшырылды


Трансқазақстан магистралының құрылысы аяқталып, Мойынты-Шу желісі тұрақты пайдалануға берілді


Дінмұхаммед Қонаев Қазақстан Коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды


КСРО экономикасын реформалауға талпыныс жасалынды

Сегізінші бесжылдықтың (1966-1970 жылдар) қорытындысы көрсеткендей  реформа ішінара табысқа қол жеткізді. Қазақстанда сол жылдарда жалпы қоғамдық өнім  1,5 есеге өсті. Өнеркәсіптік өндіріс 1,6 есеге артты. 

Шымкент доңғалақ жөндеу зауыты іске қосылды.
Мәскеуде «Жас Тұлпар» ансамблінің негізінде мәскеу ЖОО-да оқып жатқан қазақ жастарының алғашқы бейресми ұйымдарының бірі пайда болды

Басында оның қатарында 800-ге жуық студент болса, соңыра қоғам айтарлықтай толықты. «Жас тұлпардың» ұйымдастырушылары әрі белсенді мүшелері М. Әуезов, Б. Тайжан, А. Қадыржанов, С. Ақатаев, К. Тілеуханов, М. Тәтімов, М. Балтабаев, С. Байкенов, М. Сембин, М. Айтқожин және басқалар болды. Мұндай бірлестіктер кейін Ленинградта, Киевте, Алматыда, Одессада, Ригада, Павлодарда, Қарағандыда, Ақмолада, Семейде, Шымкентте және басқа қалаларда құрылды.