Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Хронология

Қыпшақ хандығы (ХІ-ХІІІ ғғ.басы)
Қимақ қағанаты құлағаннан кейін қимақ, қыпшақ, құман тайпалары жайлаған аумақтағы әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына өтті


Бұған дейінгі жазба дереккөздеріндегі «Оғыз даласы» (Мафазат әл-гүз) атауының орнына Деші Қыпшақ (Қыпшақ даласы) атауы келді 


Селжұқтар билеушісі Алып Арслан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға жорық жасады

Селжұқ сұлтаны қыпшақтарды бағындырған соң Жент пен Сауранға жорық жасады. Осы әскери жорық нәтижесінде қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Қорасан селжұқтарына уақытша тәуелді болып қалды. 

Қыпшақтар Женттен кейін Дешті Қыпшақ жеріне дендей енген Атсыздан жеңілді
Моңғолдар басып кірді