Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Хронология

Сақтар (б. з. б. VII-IV ғғ.)
Сақтар – б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар.
 Дарий I "шошақ бөрікті" сақтарға қарсы жорыққа шықты.


Марафон үшін болған шайқаста сақтар парсы жауынгерлерінің ортасында сап түзеп, грек-парсы соғысына қатысты.
Гавгамелах үшін болған шайқаста Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын -- Қос мүйізді) Дарий III әскерін тас-талқан етіп, Азияның билеушісі болды. 

Бірақ ол Орта Азияны - сақтар территориясын басып алуға үш жылын, б.з.д. 331-327 жылдарын сарп етті, яғни Эллададан Үндістанға дейінгі бүкіл Ахеменидтер империясын жаулап алуға оған осыншама жыл қажет болып еді.