Сол жағы (шығыс), оң жағы (батыс) және орталығы гунтмоның өзіне тиесілі болды, олардың барлығы "Гуньмоның жоғарғы билігіне тәуелді" еді. Ордасы Қытайдың Чанани қаласынан 8900 ли, Вынсудан (Ақсу) солтүстікке қарай 610 ли, Іле өзенінің оң жағалауындағы Чигу қаласында орналасты.