Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Хронология

Монғол дәуірі

Алтын Орда (ХІІІ ғ.-ХV ғ.ортасы)

Ұлы жыршы Кетбұғы өмір сүрген кезең

КЕТБҰҒА (шамамен 1150-1225 ж.), жырау, күйші-композитор, аңыз кейіпкері. 14 ғасырда жазылған «Шаджарат әл-атрак» («Түрік шежіресі») атты кітаптағы деректер мен ел аузындағы аңыздар бойынша, Дешті Қыпшак әмірі - Жошы хан аң аулап жүріп қаза тапқанда, Шыңғысханға қаралы хабарды жеткізуге ешкім батпайды. Сонда Кетбұға бас кетер ауыр міндетті өз мойнына алады. Әуелі: «Теңіз бастан былғанды, кім тұндырар, а, ханым, Терек түптен жығылды, кім тұрғызар, а, ханым», — деп Шыңғысханды қаралы хабарға әзірлеп алады да, баласы Жошының өлімін күймен естіртеді. «Ақсақ құлан-Жошы хан» күйі осылай туыптымыс. Бізге Кетбұғаның осы күйі және күй шығарар алдында айтқан бірнеше жол өлеңі ғана жетті. Басқа әдеби не музыкалық шығармасы сақталмаған. Алайда ұрпак аузынан Ұлығ (ұлы) жыршы деген атақ алған Кетбұғанын өз кезінде шығармалары халық арасына кең тараған, көшпелілер арасында сөз өнерінің дамуына ерекше ықпал еткен көрнекті тұлға болғандығы байқалады. 15 ғ. аяғы мен 16 ғасырдың алғашқы ширегінде жасаған Доспамбет жырау Кетбұға биді кұрметпен аузына алады, оның сөздерімен өзінін таныстығын білдіреді. Халық өлендері мен аңыз әңгімелерде де Кетбұға ел қамқоры, дана ақсақал ретінде бейнеленген. Ол туралы аңыздар қырғыз фольклорында да бар.  

Моңғол империясында Құлағу ұлысы пайда болды

Төленің ұлы Құлағу бастаған моңғол әскері Бағдадты басып алып, Иран мен Иракты бағындырды.