Қазақстанның Ресейге қосылу үдерісі 3 кезеңмен сипатталады. 1. XV ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап XVI ғасырдың соңына дейін. Ресей патшалығы қазақ хандығымен әскери-саяси байланыс орнатуға ұмтылды. 2. XVII ғасырдың басынан XVIII ғасырдың 30-шы жылдарына дейін отарлау саясаты қолданысқа енгізілді. Басқыншылық әрекеттер күшейтілген желілер, бекіністер, форпосттар салу, орыс казактарын көшіру, қазақтардың шұрайлы жерлерін басып алу арқылы жүзеге асырылды. 3. XVIII ғасырдың 30-шы жылдары мен XIX ғасырдың 60-шы жылдары. Қазақ жерін отарлау үдерісі аяқталды.