Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
4518
ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы - e-history.kz

Татар халқының қазақ жеріне қоныстана бастауы мәдениет, ғылым, экономика, сауда қатынастарының дамуына үлкен әсерін тигізді. Ресейге Кіші жүз бен Орта жүз қосылғаннан кейін барып қана орыс- қазақ  саудасы жандана түсті. Революцияға дейін көптеген татар халқы ұсақ қолөнермен, халықтың тұрмыстық қажеттіліктерін өтеуге қызмет атқарды. Бірақ негізгі істері сауда болды. Татар көпестері нан, тері, кілем, мата, былғары тауар, дайын көйлектер, кондитерлік тауармен сауда жүргізді. Осы сауда - саттықпен  айналысып жергілікті халықты ығыстыра бастайды. Олардың бастамасымен қалаларда мұсылмандық қауымдар, ал кейін ұлттық мектептер ашылды. Олар діни және мәдени – ағартушылық қажеттіліктерін қанағаттады. Мешіттерде тек қана медреселер емес, сонымен қатар зиялы мектептер ашылып, өзара көмек көрсету мен қайырымды серіктестіктер, клубтар құрылды, алдыңғы қатарлы Петропавл, Орал, Семей қала орталықтарында ұлттық қоғамдық ой қалыптасып мерзімді басылымдар, кітаптар, ұлттық зиялы қауымдығы құрылды. Қазан губерниясының Кайбица ауылының тумысы Мутыгулла Тухватуллин Орал қаласында «Мутыгия» медресесін қалады. Онда 11 жыл бойы оқып, жұмыс істеген татар ақыны Габдулла Тукай.  Бұл оқу мекемесі Қазандағы «Мухаммадия», Уфадағы «Галия», Орындорбағы «Хусания» медресесі сияқты XIX ғасырдың аяқ кезіндегі - XX  ғасырдың бас кезіндегі татар ағартушыларының кадрлік кузницасы болды. Осы медреселерде берілген білім деңгейі мен білім сапасы сол уақыттағы жоғарғы оқу орнының білім деңгейіне сәйкес келеді. Татар капиталы Орталық Азияға терең кіре бастады. Татар көпестері Хусаиновтар, Яушевтар, Абдрашитовтар және басқалары Қостанайда, Ақтөбеде, Ырғызда, Қарабұтақта сауда үйлерін ашты. Қазақстан тарихына татар кәсіпкерлерінің аттары Бирушев, Муратов Акчуриндер, Тюменевтер, Шамсутдиновтер, Давлеткильдеевтер, ағайындар Табеевтер, Валит Янгузаров (Петропавл), Исхак Габдельвалиев әкесі мен баласы Каиповтар  (Верный)  кірді. Бірақ ең үлкен атақты көпестердің арасында Ресейдің революцияға дейінгі Семей қаласының көпестер мен өнеркәсіп әулеті  Мусиндер болған.  Әулеттің ата – бабасы қазан татары Муса Мусин тері өңдеуден бастаған. 1832 жылы қайтардың алдында 92 жас шамасында Садык деген баласына өзінің мүлкін қалдырған. Осы ақшаға Садык Семейде, Аягөзде, Зайсанда дүкендер ашып, үн үгу зауытын салуға тырысты. Садыктың балалары Латиф, Фатых, Салим отбасы байлағын көбейтті. Латиф Мусин 50 кеме пен баржы сатып алып, түгел Ертіс бойында жүк пен жолаушылар кеме жасаумен айналысты. Тау – кен ісімен айналысып, Алтай мен Шығыс Қазақстан кенінде алтын өндірді. Кейін Семейде, Өскеменде зергерлік бұйымдар дүкендерін ашты. Оның қолында Ресейге нанды негізгі тасымалдауы болды. Қаржылары жыл сайын көбейіп 1900 жылы Мусиндер ресей және қазақ банктерінде 2,5 миллиард алтын АҚШ  доллары болған. Мусиндер көптеген қаражаттарын қайырымдылықққа жіберген. XIX ғасырдың 80-шы жылдары Семей облысы қаласында 5 мыңға жуық кедейлер кездесті. Бір жылда бір рет Мусиндер әрбір кедей отбасына  екі қап үн, 40 килограмм қант, шай және тұз, 50 килограмм ет бөліп берген. Мусиндер жанұясы мешіт, мектеп, спорттық кешендер салуға қаражаттар бөлді, мұғалімдерге жалақы төледі, Ресей, Англия, АҚШ сияқты елдерге кедей отбасы балаларын оқуға жіберген. Мусиндер Ресей империясының ең бай деген 150 адам қатарына енді. Революциядан кейін барлық мүлік ұлттандырылды, бірақ үн үгузауыты пен кемелер жаңа билікке көп қызмет атқарған.

Соғыстан кейін татар халқының көшіп – қонуы Орталық Азияның барлық республикаларында өндірістік құрылыстың өсуі әсер етті. Қазақстанда татарлар Қарағанды, Өскемен көмір шахталарына, Теміртау, Жамбыл, Жезқазған, Шымкент қалаларына тау-кен өндірісіне келеді. Татар халқының елдің орталық аймағынан көшіп келуі қазақ жерінің тың игеру уақытымен сай келеді. Далаларда жеке татар совхоздары да пайда болған.

Бұрнағы ғасырларда қазақ халқы іргелес елдермен сауда – саттық жасау арқылы қарым – қатынаста болғаны тарихтан белгілі. Мысалы, Кіші және Орта жүздің ұсақ саудасы түгелге жуық татар көпестерінің қолында болған. Сондай – ақ, қазақтармен бірлесіп, Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Қарабұтақ, тағы басқа елді мекендерде шағын кәсіпорындар ашқан. Ал Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Қазақстанға татар мамандары, дәлірек айтқанда, мұғалімдер мен дәрігерлер жіберілген еді. Бұған тың игеру кезінде келген татар жастарын қосыңыз. Осының барлығы Қазақстанда татар ұлт өкілдерінің тұрақтап қалуына әсер етті.

Бауырлас татар ағайындар еңбекқор әрі саусағынан өнері тамған шебер халық. Құнды металдардан зергерлі, әшекейлі бұйымдар жасауда оларға жететін ұлттар мен ұлыстар сирек. Былғары илеп, одан неше түрлі аяқ – киімдер тігуді өздерінің ежелгі ата кәсібі санайды. Бұл дәстүрлерін әлі күнге дейін сақтап келеді. Шикізат өңдеп, саудамен айналысу жөнінен де ешкімнен қалып жатқан жоқ. Сонау бір замандарда Жайық өзенінің жағасындағы Булгар мен Қазан қалалары ірі сауда орталықтары болғандығы соны айғақтаса керек.

Татар халқының бірте – бірте отырықшылыққа көше бастауы сол өңірлерде құрылыс ісінің дамуына ықпал етті. Мешіттер мен медреселер ашылып, діни тәрбие беру жандана түсті. 

XVIII ғасырдың аяғы Солтүстік Қазақстанның ірі қаласы Петропавл сауда орталығы саналады. XVIII ғасырдың аяғында Петропавлда сауда – саттықпен айналысқан татар көпестері Абдрашитов, Ясупов, Мавлютов, Шакулов. XIX ғасырдың аяғында Петропавл қаласында 100 – ге жуық татар әулетті дворяндар байқалды, татар көпестерінен тұратын 450  адамның ішінде 300-ін татарлар құраған.

Облыс орталығы – Петропавл қаласында да татар ағайындардың ізі сайрап жатыр. 1897 жылы санақ бойынша қала халқы 19688 болса, олардың үштен бірін 6129 татарлар құраған. Олар Петропавл қаласы тұрғындарының үштен бір бөлігін құраған. «Русские в этом городе кажутся совсем чужими, гостем, а не хозяином…», «нищие были после нас единственной кучкой русских среди сборища киргизов и  татар», - деп 1890 жылы Оңтүстік – Батыс Сібірді саяхаттап жүрген уақытында «Естествознание и география» ғылыми – атақты журналдың авторы Носилов жазған.

Табиғатынан саудаға епсекті халық қаланы көпестердің сауда орталығына айналдырады. Май өндіретін зауыттар ашып, оның өнімдерін Францияға жіберіп, алтын медальдарды жеңіп алғандығын айғақтайтын тарихи құжаттар бар. Еуропаның, Азияның елдерінде мал терілерін жөнелткен. Қазаннан, Троицкіден, Орынбордан келіп, тұрақтап қалған Мұхамеджан қажы Дәулеткелдиев, Валит Янгузаров ағайынды Хасан және Құсайын Тюменевтер, Мұратовтар қыш кірпіштен үйлер, мешіттер, дәріханалар, диірмендер, үн үгу орындарын, сауда орталықтарын ашқан. Ол ғимараттардың кейбірі тарихи – мәдени мұра ретінде мемлекеттің қарауына алынған. Сол кездері қалада 6 мешіт, медреселер болған. Баязитовтың тері зауыты, Мұратовтың үн комбинаты, Шамеуддиновтың мануфактурасы жайлы қазір аңызға бергісіз әңгімелер айтылады. [1, 2 б.].  Бұлар мәдени өмірге де белсене араласқан. Жетім – жесірлерге қол ұшын беріп, қарайласып отырған.  Петропавлда татар тегілеріне ірі бес қабатты үн үгу серіктестігі «Мукомол» мен сабын қайнататын зауыт (Мұратов, Тюменев, Дәулеткелдиев), тері мен май зауыты (Акчурин), май ерітетін зауыт (Янгузаров), жүн жуатын зауыттар (Вагапов пен Шафеев) жатты. Үкіметтің жергілікті көпестері жеңілдік жасап, Сібірді татар саудалары орталыққа айналдырды. 1916 жылы осында қазан көпестері – Гафуров, Шамсутдинов, Галеев, Шафеев, Файзуллин; қасым татарлары – Дәулеткелдиевтер, Акчуриндер, Сүтішевтер, Тюменевтер; түмен көпесі Бичурин саудамен айналысты. Барлық сауда мал, жүн, тері, мал шаруашылығы өнімдері татар көпестердің қолдары арқылы өткен. Тауарлар Вена, Париж, Бостон, Берлин, Гамбург, Одессадан Түркия деген жерлердің нарықтарына өткен болатын. Қаланың тауар айналымы 50 000 млн рубльді құраған. Татар көпестері мен кәсіпкерлер өз қаражаттарын қаланы көркейтуге мұқтаждық жасаған. Бірінші дәрежелі көпес Баязитов бірнеше жыл өз қаражатына өртке қарсы команданы мен Петропавлдың тұрмыстық қызметті ұстаған. Тюменев, Акчурин, Дәулеткелдиев қаражаттарына алғашқы халықтық кітапхана ашылды.1917 жылы қала ішінде алты тас және үш ағаш мешіттері (ең алғашқысы 1795 жылы)  татар ақшаларына салынды. Кеңес үкіметі уақытында мешіттер жойылған немесе шаруашылық тұрмысқа айналған. XIX ғасырдың аяғы Солтүстік Қазақстанның татарларын тұрмысын мен мәдениетін дәрігер Ц. Белиловский бұл халықтың тазалығын, қонақжайлығын, білімділігін, ішкі сұлулығын  айқын сипаттаған. Татар үйлерінің өзіндік салынуы, ішкі жиhазымен мен тазалығымен ерекшеленеді. Үйдің ішкі көрінісін  парсы және ташкент кілемдері құрған, жер үстелі, төсек орын, сандық, алтын тасты бұйымдар, ыдыс – аяқ болды. Қабырға Иерусалим мен Константинополь түрлерімен және Қораннан намаз үзінділері  безендірілген [2,19 б.].

1913 жылы Петропавл қаласында екі тілді қазақ-татар басылымы «Ишим даласы» шыға бастады, 1917 жылы «Юл» апта сайынғы Х. Мунасыпов алқасымен жарық көреді. 1919 жылы Г. Исхаки Петропавлда бірнеше уақыт тұрып Ф. Туктаров пен Г. Терегуловпен бірге «Маяк» басылымының 30  нөмерін шығарған. Татар драма театры (1938 жылы үкімет билігімен жабылған) сахнасында М. Файзидің «Иль», «Булат баба», К. Тинчуриннің «Хан қызы», Ф. Бурнаштың «Тагир – Зухра», Шиллердің драмасы «Коварство и любовь», түрік ақыны мен драматургы А. Тарханның «Хиндлы қызы» мелодрамасы қойылды.

Осы жердің татарлары – саудагер халық еді. Саудагерлер мұнда үлкен арлығымен ерекшеленеді. Алты мешіт рухани және діни қажеттіліктерін өтейді. Жергілікті татарлар өте (әсіресе қасым) кішіпейіл, ардақтайды, қонақжайлы халық. Татарлардың отбасылық адамгершілігі қатаң және таза. Әрбір татар адамы білімді. 

Қазақ пен татар халықтары арасындағы байланыс ежелгі дәуірге кетеді. XIX ғасыр ширегінде  Қазақстан мен Татарстан байланыстары күшейіп, нығайды. Өңдіруші күштер және өндірістік қатынастар эволюциясы ауыл шаруашылықта қазақ пен татар халқы саналы түрде жаңа жағдайларға  бейімделу үшін сауаттылықтың керек екенін түсінді.

1552 жылы Қазан хандығының жаулап алынуы, патша үкіметінің қатаң отаршылдығы және орыстандыру саясаты татар халқының жаңа жерлерге қоныс аударуға мәжбүр етті. Еділ маңы татарлары жақсы жерлерді іздеу үшін Орал маңын, Сібірді, Қазақ жерінің солтүстігін, шығысын, оңтүстігін мекендеп келеді. XVIII ғасырдың екінші жартысында татарлардың көп бөлігі Қазақ даласына жақын шекара - Орынборға келеді. Әсіресе мұнда сауда – саттықпен айналысатын адамдар қоныс тепті.

1867-1868 жылдарына қатысты жол жазбаларында атақты орыс суретшісі – баталист В.В. Верещагин былай деп жазды: «Оренбург отличается от прочих городов России только своей полутатарской физиономией, напоминая этим Казань. Его шпицы, минареты и мечети придают этому городу несколько оригинальный вид». «И далее Верещагин отмечал, что попадающие на пути от Оренбурга к Орску «деревни населены наполовину казаками, наполовину татарами, и те и другие люди хорошие, весьма приличные и приятные в отношениях. Они торговали разными изделиями из пуха, «весьма тонкой работы», чулками, косынками и «другой безделицей»[3,70 б.]. 

Бірақ негізгі сауда Орынбордың өзінде жүргізілді. Оның орталығы айырбас сарайы болды. Оған қазақ жерінен жылқы, ірі қара мал, қой, тері, жүн, мақта, ал Төменгі Новгородтан, Қазаннан, Уфадан - өндірістік тауарлар әкелінді [4,29 б.]. Айырбас сарайының салуына дейін мұнда Орынбордың Қарғалы слободкасы (Сейітов) қазақтармен сауда жүргізді. Слободка тек қана татар халқынан тұрып, олардың барлығы саудамен айналысты.

Татар қонысшылары Қазақстанның батыс және солтүстік – батыс аймақтарына келді. Түбірлі халықтың жағынан баспана мен достық  қатынасты тапты. Осылайша Ақтөбеде, Ырғызда, Шалқарда, басқа қалаларда мен ауылдарда татар қауымдары пайда болды.  Керуен жолдарымен қазақ даласы арқылы Бұқара, Самарқанд, Ташкент, Қашғар, Күлджу, Яркенд татара көпестері тиімді тауар айырбастауды және жол серік пен аудармашы ретінде әр түрлі географиялық экспедицияларға қатысқан болатын.

Қызықты мәліметтерді мен аттауларды өзінің «Караванными тропами» атты кітабінда тарих ғылымдарының докторы, профессор В.З. Галиев былай деп жазды: «Россию интересовали не только территория, население, торговля в Казахстане и Средней Азии, она искала наиудобнейшие пути для проникновения в Афганистан, Китай, Индию. И казахские степи служили для этого удобным плацдармом». Халық пен дала билеушілерімен тіл табысу үшін қазақтардың әдет – ғұрыптарын, тілін білетін адамдар қажет болды. Татар мен башқұрлар діни нанымдары мен мәдени – тұрмыстық дәстүр жағынан қазақтарға жақын болды.  

Татарлардың арасындағы жол серіктер мен аудармашылар Қазақ даласын қонақтаған, жиі – жиі сауда  әрекеттерімен айналысқан. Оның бірі - Мұртаза Файзуллин 1807—1825 жж Қазақстанның оңтүстік – шығыс пен оңтүстік аймақтарын зерттеуге экспедицияға қатысты. XVIII ғ аяғында мен әсіресе XIX ғасырда қазақ пен татарлардың  сауда – экономикалық және мәдени – ағартушылық орталығы болып, оңтүстік оралдың қаласы –Тройцк  еді. Ағылшын саясаттанушы А. Беннингсен 1983 жылы Парижде  шыққан «Мусульмане в СССР» атты еңбегінде, ол осы қаланы Қазан, Уфа, Орынбор, Бахчисарай, Баку сияқты мұсылман мәдениетінің ірі орталығы ретінде қарайды. XIX ғасырдың аяғында мен  XX ғасырдың басында Тройцк қаласы халқының жартысын татарлар құрған.  Олар қазақ халқымен тығыз байланыста болып,  бірігіп бірнеше ұсақ өндіріс орындарын ашты. Үлкен қарқынмен өндірістік – сауда жұмыстарын Яушевтар отбасы жүргізді. Олардың Қазақстанның басқа қалаларымен жыл сайынғы тауар айналымы бірнеше миллион рубль құрады. Яушевтардың дүкендері Қостанайда, Петропавлда және де басқа қалаларда ашылды.

Өзінің этникалық отаның тастап, татарлар сияқты басқа бірден бір халық жаңа жерлерді іздеумен бірнеше жүздеген жылдар бойы қозғалмалы жағдайда болды. Ат пен жаяу да өтіп, кең байтақ кеңістіктерді бастан кешірді. Бұлғар мемлекетінің құрылуымен өз жандарында бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып кеткен тәжиребені, өзін және басқалар үшін жақсылық істеуге әрдайым дайын тұратын осы татар мен башқұр халқы еді. Қазақ даласы олардың шексіз жеріне, сауда мен саттық дамытуға үлкен мүмкіншілігі, жергілікті халықтың мейірбандылығы, тілдің ұқсастығы, бір діннің, әлеуметтік және ұлттық мүдденнің жақын болуы әсер етті. 

1752 жылы Есіл өзенінің жағасында Красный Яр урочищесінде қасиетті Петр мен Павел бекінісі салынды. 8- 10 жылдан кейін алтыбұрышты құрылыстың маңында алғашқы әскер өтеп келген солдаттар келеді. Көшпелі халықпен сауда жүргізу үшін айырбас сарайлары, көпестік орындар пайда болады, олардың арасында татар халқы да кездеседі. XVIII ғ 80- жылдары Петропавл бекінісінің айырбас сарайында қазақтар жыл сайын матаға, металлды бұйымға, бидайға, үнға, шайға, қантқа және басқа тауарларға 5000 жылқыға , 4000 ірі қара малға, 10-12 мың қойға дейін айырбастаған.

Бекініс қабырғасында өсіп кеткен алқапты жерлердіқазақтар мен татарлар күнделікті қарым – қатынаста оны  Қызылжар (Кызылъяр) деп атады. XVIII ғ аяғында мұнда татар халқының саны көбейе бастайды.  Қаланың жәрмеңке өтетін жерде бірінші мешіт пен керуен – сарай ашылды. 1786 жылы татарлардың бір топ шаруалары мен қолөнершілері бекіністен 40 шақырым жерде Маулет авылы (қазіргі Мамлютка қаласы) ауылына келеді. 1804 жылы Петропавл қала мәртебесін алады. Осы уақытқа дейін мында екі слобода, екі өлке айқын көрінеді - әскерлік, мында негізінен орыстар тұрған және татарлік. Сауда мен кәсіпкерлікпен шұғылданатын адамдар келді. Олар Қазан, Нижегород және Уфа губерниясынан келген. 1865 жылға қарай Петропавлда 1390 үй болды, оның ішінде 110 кірпіштен жасалған, 7845 адам тұрды.

 

Кикбаева А.И.

(М. Қозыбаев атындағы СҚМУ)

Әдебиеттер:

1.  М. Кәрімов. Ұлттық дәстүрлер нығаюына барлық жағдай жасалған. Ә. Құланбай. Қазақ даласына қалай қоныстаған? Ө. Есқали. Мәулеттен тараған ұрпақ // Егемен Қазақстан, 2005.- №23. 2 б.

2.  Хайруллин Г.Т., Хамидуллин А.Г. Татары. Алматы: Білім, 1998. -128с.

3.  А.Г. Хамидуллин. Татары в Казахстане. Алматы: 1997. - 82с.

4.  Жораева Г.Т. XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ – татар зиялыларының өзара қарым – қатынасы: тарихи талдау. Автореферат... т.ғ.к.-Алматы, 2007. -32с.

5.  Р.Г. Мамлютова – Бикмухамедова. Татары на Севере Казахстана (история и современность). Издательство «Северный Казахстан», Петропавловск; 2004. -204с.

6.  М.А. Морозов. Петропавловск в дореволюционных литературных источниках. Ленинград; 1991 г.

7.  А.Г. Каримуллин. Татары: этнос и этноним. Казань; 1989 г. Татарское книжное издательство.

8.  Болатбаева Л.З. Культурные связи казахского и татарского народов во второй половине XIX начале XX вв.: Автореферат ... к.и.н.- Караганда, 1996.-30с.

9.  Хайруллин Г.Т. История татар. – Алматы, 1998.-178с.

10.  Уразманова Р.К., Чешко С.В. Татары. – Москва: Наука,2001. -520с.

11.  С. Бизақұлы. Татарлар: Ұлттық сана және ортақ түрік мәдениеті // Жас Түркістан, 2003. -№5. -15-18 бб.