Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Қазақ даласы мен Сібір: көрнекті тұлғалар бейнесі» тарихшылар байқауы

3394
«Қазақ даласы мен Сібір: көрнекті тұлғалар бейнесі» тарихшылар байқауы - e-history.kz
Алтын Орданың 750 жылдығы мен Тұғұрұл ханның 890 жылдығы аясында «Қазақ даласы мен Сібір: көрнекті тұлғалар бейнесі» атты тарихшы-ғалымдарға арналған Халықаралық байқау басталды.

Халықаралық байқауды ұйымдастырушылар Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесі, «Tugurul han on-han» корпоративтік қоры (байқаудың демеушісі) және «Қазақстан тарихы» порталы.

Байқауға қабылданатын жұмыстардың негізгі тақырыптары Шыңғысхан дәуіріндегі әйгілі тұлға Тұғұрұл хан және оның ұрпақтары – Сібір хандары Тайбұға, Сейдақ хандарға және Сібір, Касимов және Қазақ хандығының тарихи тұлғаларына арналады.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, байқаудың басты мақсаты Дарынды жас тарихшылар мен жетекші ғалымдарды, зерттеушілерді іздестіру, олардың ғылыми және шығармашылық жұмыстарына қолдау көрсету. Сонымен қатар Тұғұрұл хан, Тайбұға хан, Сейдақ хан туралы деректерді жинау, зерттеу жұмыстарын жүргізу және олардың ел басқару саясаты мен ерлік-батырлықтарын насихаттау.

Байқауға Алтын Орда және Сібір хандығы мұрасына қызығушылық танытып, осы тақырыпта   ғылыми зерттеулер жазып жүрген тарихшы-ғалымдар, жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен PhD докторанттары, ғылыми-зерттеу институттарының және орталықтарының, музей мен архив  қызметкерлері қатыса алады. Жоғарыдағы аталған бағыттар бойынша қабылданатын ғылыми жұмыстар байқауы 2 номинация бойынша жүргізіледі:

  • 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар;
  • 35 жастан жоғары жетекші ғалымдар.

Байқау 2020 жылдың 10 наурызына дейін жалғасады. Байқаудың қорытындысы ағымдағы жылдың 2 сәуірінде шығарылады. 

«Қазақ даласы мен Сібір: көрнекті тұлғалар бейнесі»  атты тарихшы-ғалымдарға арналған Халықаралық байқаудың шарттарымен мына жерде танысуға болады. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?