Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жаңа әскери-саяси одақ

3019
Жаңа әскери-саяси одақ - e-history.kz
Осыдан 25 жыл бұрын Ташкентте алты ТМД мемлекеттерінің – Ресей, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан басшыларымен – Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қойылды

1992 жылы 15 мамырда Ташкентте (Өзбекстан) Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қойылды. 1993 жылғы қыркүйекте оған Әзірбайжан, сол жылдың желтоқсанында – Грузия мен Белоруссия қосылды. 

Барлық тоғыз мемлекет үшін Шарт бес жыл мерзімге 1994 жылдың сәуірінде күшіне енді. Шартқа сәйкес, қатысушы мемлекет өз қауіпсіздігін ұжымдық негізде жүзеге асырады: «Бір немесе бірнеше қатысушы мемлекеттің аумақтық тұтастығына және тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне немесе халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда қатысушы мемлекеттер өз ұстанымдарын үйлестіру және туындаған қауіпті жою мақсатында бірлескен кеңес механизмін кідіріссіз іске асыратын болады». Сонымен қоса «Қатысушы мемлекеттердің біріне қандай да бір мемлекет немесе мемлекет топтары тарапынан қарсы шапқыншылық акт жасалған жағдайда, басқа қатысушы мемлекеттер мұны қатысушы мемлекеттердің бәріне қарсы шапқыншылық деп қарайды» және «барлық басқа қатысушы мемлекеттер оған әскери көмекті қоса алғанда, қажетті көмекті көрсетеді, сонымен қатар БҰҰ-ның Жарғысының 51-бабына сай ұжымдық қорғану құқығын жүзеге асыру ретінде өзінде бар құралдармен қолдайтыны» қарастырылған.

ҰҚШҰ мүмкіндіктері алғаш рет 1996 жылы күзде және 1998 жылы жазда орталық азия мемлекеттерінің – ҰҚШҰ қатысушылары шекараларындағы жағдайды тұрақсыздандырмақшы болған ауған экстремистері әрекеттерінің алдын алу үшін қолданылды. 1999 және 2000 жылдары ҰҚШҰ қатысушы мемлекеттерінің жедел іс-шаралары нәтижесінде Қырғызстанның оңтүстігі мен басқа да Орта Азия аудандарында халықаралық террористердің қаруланған топтарының кең ауқымды әрекеттерінен туындаған қауіп бейтараптандырылды

1999 жылдың сәуірінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартты ұзарту туралы Хаттамаға алты ел қол қойды (Әзірбайжан, Грузия мен Өзбекстаннан басқа).

2002 жылы 14 мамырда Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы (ҰҚШҰ) құрылды, қазіргі уақытта ол Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстанды біріктіреді.

2002 жылғы 7 қазанда Кишиневте ҰҚШҰ Жарғысы қабылданды, оған сәйкес Ұйымның негізгі мақсаттары бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты күшейту, қол жеткізуде саяси амал-тәсілдерге басымдық беретін, ұжым негізінде мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау болып табылады.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы  қызметінің негізгі бағыттары саяси ынтымақтастықты жан-жақты дамыту, әскери күштерді дамыту мен жетілдіру, халықаралық терроризммен және экстремизммен, есiрткiлiк заттар мен қару-жарақтың заңсыз айналымымен, мүше-мемлекеттер қауiпсiздiгiне төнетiн басқа да қатерлермен күресу болып табылады.

Ұйым қызметінің қағидатты мәселелерін қарастыратын ҰҚШҰ жоғарғы органы – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі (ҰҚК), оның құрамына мүше мемлекеттердің басшылары кіреді. Ұйымда төрағалық ететін мемлекеттің басшысы ҰҚК төрағасы болып табылады.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі қызметінің негізгі үлгісі болып сессиялар табылады, олар қажеттілігіне қарай өткізіледі, бірақ жылына бір реттен жиі емес. Кезектен тыс сессиялар екіден кем емес мүше мемлекеттеің ұсынысы бойынша шақыртылады. Жекелеген маңызды мәселелерді талқылау үшін ҰҚШҰ мүше мемлекеттері президенттерінің бейресми кездесулерін өткізу тәжірибесі бар. Мемлекет басшыларының келісім бойынша 2008 жылдан бастап ҰҚК барлық сессиялары Мәскеуде өтеді. ҰҚК отырыстарына сыртқы істер министрлері, қорғаныс министрлері, мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесінің хатшылары, Ұйымның бас хатшысы және шақырылған тұлғалар қатыса алады.

Ұйымның бас хатшысы Ұйым Хатшылығын басқаруды іске асыратын жоғары әкімшілік лауазымды тұлға болып табылады. Мүше мемлекеттердің азаматтары санынан ҰҚК шешімімен тағайындалады және ҰҚК-ге есеп беруге міндетті.

2003 жылғы 28 сәуірден бастап бұл лауазымды Николай Бордюжа атқарып келеді. ҰҚШҰ консультативтік және атқарушы органдары болып табылады: ҰҚШҰ мүше мемлекет елдердің сыртқы саяси қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын Сыртқы істер министрлері кеңесі (СІМК); әскери саясат, әскери құрылыс және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылын жүзеге асыратын Қорғаныс министрлері (ҚМК); мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының комитеті (ҚКХК). ҰҚК сессиялары арасындағы кезеңде ҰҚШҰ органдарының шешімдерін жүзеге асырудағы үйлестіру Ұйым жанындағы Тұрақты Кеңеске жүктеледі, ол мүше мемлекеттердің уәкілетті өкілдерінен тұрады. Оның отырыстарына ҰҚШҰ бас хатшысы қатысады. Хатшылық пен Ұйымның Біріккен штабы ҰҚШҰ тұрақты әрекет ететін жұмыс органы болып табылады.

ҰҚШҰ өз қызметін түрлі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта жүзеге асырады.

2004 жылғы 2 желтоқсаннан бастап Ұйым БҰҰ Бас Ассамблеясының бақылаушысы мәртебесіне ие.  

2010 жылғы 18 наурызда Мәскеуде БҰҰ мен ҰҚШҰ Хатшылықтары арасында Ынтымақтастық туралы Бірлескен декларацияға қол қойылды, ол екі ұйым арасында, атап айтқанда бітімгершілік саласында өзара іс-қимылдарды жолға қоюды қарастырады. Халықаралық ұйымдармен және құрылымдармен табысты байланыстар орнатылған, оның ішінде БҰҰ ҚК Терроризмге қарсы комитеті, Есірткі және қылмыс бойынша БҰҰ Басқармасы, ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы), Еуроодақ, Ислам Конференциясы Ұйымы, Көші-қон бойынша халықаралық ұйым және басқалары. ҰҚШҰ ЕурАзЭҚ-мен (Еуразиялық экономикалық қауымдастық), ШЫҰ (Шанхай ынтымақтастық ұйымы) және ТМД-мен тығыз өзара іс-қимылдар орнатылған. Мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне төнетін қатер мен қауіптердің барлық спектріне қарсы әрекет ету мақсатында ҰҚШҰ ҚКК Бітімгершілік күштер, төтенше жағдайлар, заңсыз көші-қон және заңсыз есірткі айналымы бойынша үйлестіруші кеңестер құру туралы шешім қабылдады. ҰҚШҰ СІМК жанында Ауғанстан бойынша Жұмыс тобы қызмет етеді. ҰҚШҰ ҚКХК жанында терроризммен күрес және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл, ақпараттық саясат және қауіпсіздік мәселелері бойынша Жұмыс топтары әрекет етеді.

Әскери ынтымақтастық шеңберінде ҰҚШҰ форматында Орталық Азия өңірлерінің жылдам әрекет ететін ұжымдық күштері (ОАӨ ҰҚЖҰК) құрылды. ОАӨ ҰҚЖҰК оқу-жаттығулары ұдайы негізде, оның ішінде терроризмге қарсы тапсырмаларды пысықтаумен өткізіліп тұрады.

2009 жылғы ақпанда Жедел жауап беретін ұжымдық күштері (ҰҚШҰ ЖЖҰК) құрылды. Келісімге кейінірек қосылу мүмкіндігінен резервтеу арқылы, құжаттар пакетіне қол қоюдан Өзбекстан қалыс қалды.

ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің жедел топтары мен контингенттерінің қатысуымен бірлескен кешенді іс-шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. ҰҚШҰ қамқорлығымен жыл сайын есірткіге қарсы халықаралық кешенді «Канал» операциясы және заңсыз көші-қонмен күрес бойынша «Нелегал» операциясы өткізіледі.

2009 жылы алғаш рет «ПРОКСИ» (ақпарат саласындағы қылмысқа қарсы іс-әрекет) шартты атауымен ақпараттық саладағы қылмыстарға қарсы іс-әрекет бойынша бірлескен іс-шаралар операциясы жүзеге асырылды.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?