Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Мұражайдың ашылуы жүз жылдықтың мәдени тарихындағы құбылыс

2146
Мұражайдың ашылуы жүз жылдықтың мәдени тарихындағы құбылыс - e-history.kz
Бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай осылай деп мәлімдеді.

-Елбасы ашылу салтанатында «ҚР Ұлттық музейі ғылыми-рухани орталық болады. Қазақстандық жолдың барлық озық жетістіктерін көрсетеді» деп атап айтты. Енді біз сол мақсатта жұмыс жасаудамыз. 2 шілдедегі тарихи оқиға мұражайдың ашылу болды.

Қазақстанның Ұлттық мұражайы Елорданың тарихи-рәміздік жерінде орналасқан, егемен мемлекеттің рәмізі — «Қазақ Елі» монументі Тәуелсіздік сарайын, Бейбітшілік және келісім сарайын, Ұлттық өнер университетін және «Әзірет Сұлтан» мешітін біріктіріп тұрған Тәуелсіздік алаңының бүтін бітімімен табиғи үйлесім тапқан. Шын мәнінде бұл архитектуралық ансамбль жетістігінің көрінісі.
Жобаға сәйкес музейдің жалпы аумағы 74 мың шаршы метрді құрайды, соның ішінде экспозициялық алаң 14 мың шаршы метрден асатын жерді алып жатыр, ал мұражайлар ауқымы 5 мың шаршы метрдей.

Мұражай экспозициялары барлық принциптерге сәйкес, кезең-кезеңдерімен қойылған. Этнография залының экспозициялары қазақ халқының әртүрлі зергерлік бұйымдарымен, ұлттық киімдерімен, қазақтардың киіз үйімен, сол сияқты тұрмыстық заттарымен таныстырады. Ең маңызды әрі ауқымды залымыз Тәуелсіз Қазақстан залының экспозиялары егемен еліміздің қалыптасу және даму тарихына арналған. Залда тарих, саясат, экономика, мәдениет және өнер салалары туралы мәлімет кеңінен әрі жан-жақты берілген. Экспозициялардың тақырыптары мұрағат құжаттары, бейне және аудиоматериалдар арқылы ашылады. Астана залының экспозициялары залы Елордамыз — Астана қаласының даму тарихын ашып көрсетеді. Ең жаңа тарих сурет, жоспар, сызба, макет, мұрағат құжаттары және бұйымдар тілімен сөйлейді.

Тәуелсіздігіміз болмаса осындай керемет мұражайымыз болмас еді. Көптеген елдерде осындай мәдениет ошақтары қирап, қаржылық дағдарыстан мұражай жұмыстары, ақсап жатқан тұста елімізде осындай ұлттық мұражайдың бой көтеруі еліміздің экономикалық тұрақтылығының, өткенге құрметпен қарай отырып, болашаққа нық қадам басарымыздың кепілі болса керек. Мұражайдың алар асуы әлі алда.

Мұражайлардың классикалық, жаңа технологиялық, аудандық, облыс-деңгейлерге бөлінуі қоғамдағы «Мәдени мұра» бағдарламасының жетістігі деп айтуымызға болады.
Экспозициялық залдардан бөлек уақытша көрмелер өткізетін, «Ұлттық мирас» ғылыми-зерттеу институтын ашу жоспарлануда. Осы бағытта еліміздің тарихшы ғалымдарымен қызу жұмыс жүргізілуде.

Олжас БЕРКІНБАЕВ,
Суретті түсірген — Азат ЕСЕМБЕКОВ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?