Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Мәдени серуен: ҚР темір жол көлігі музейі

2164
Мәдени серуен: ҚР темір жол көлігі музейі - e-history.kz
Музей Қазақстанның құрметті теміржолшысы, ардагер Бейсен Шормақовтың жеке топтамасы негізінде 1999 жылы құрылды.

Қазір бұл жерде ҚР темір жол көлігінің бүкіл құрылу тарихы мен дамуына куә болған жәдіргерлер сақталған.

Музейдің кіреберісінде келушілерді темір жолдың жүз жылдық ардагері – шойыннан құйылып, алтын-сұр тұспен боялған бекет қоңырауы қарсы алады. Ол осы күнге дейін өзінің дауыс күшін жоғалтқан жоқ: жіпті тарсаң болды бөлме қоңыраудың сыңғырлаған үніне толады.

fd444db3957730d2dfa3c438ec2407d2.jpg

Бір кездері ол Үштөбе бекетінде пойыздардың келуі мен кетуін хабарлап, өз қызметін толықтай орындады, енді музейде тұр…

Музейдің экспозициялары қазақ халқының тұрмысынан бастап, алғашқы «болат» тұлпарлар пайда болған кезге дейінгі аралықты және темір жол қатынасы бағыттары бойынша алғаш із қалдырған керуен сауда жолдарының пайда болуы туралы әңгімелейтін «Жібек жолы» залынан басталады. Айтпақшы, еліміздегі темір жолдардың қазіргі бөліктерінің көбі сол ежелгі жібек жолының бағыттары бойынша өтеді. Залда археологиялық олжалар қойылған: ғимарат қаптамаларының бөлшектері, тұрмыстық заттардың кесектері, күмістен жасалған зергерлік бұйымдар және суреттер.

ebc63050e69aabf370204aec32b91a54.jpg

e2dd233fe5b8f436d75ef9369b88b6cc.jpg

3d013bce9bcb525343b691230ef2dca5.jpg

Міне, барлық бастаулардың басы…

Музей экспозициясындағы бірегей заттардың бірі – 1894 жылы жасалған «Ресей империясының темір жол, пошта және кеме қатынастарының» түпнұсқа картасы. Бұл картада Қазақстан аумағында алғаш пайда болған темір жол -Покров слободасы мен Оралдың арасындағы темір жол бөлігі ерекше белгіленген. Оның құрылысы 1892 жылы басталды.

1ae5d89b5efa9ae4e0d7564b51a4c430.jpg

Қазақстанда алғашқы темір жолы 1901 жылы Қазақстанның батысында салына бастады, ал 1904 жылдың қаңтар айынан бастап Орынбор мен Күбек (Казалинск) бекетінің арасында бірінші пойыз жүрді.

c8e394531ab81f6dad011044933a7655.jpg

Музейдегі экспонаттардың басым бөлігі әйгілі Түрксіб темір жолымен байланысты екендігі таңғаларлық жайт емес. 1926-1931 жылдар аралығында салынған Түркістан-Сібір темір жолы жас Кеңес мемлекетінің ауқымды жобаларының бірі болған еді.

Музейде Түрксібті салған жұмысшылар пайдаланған құралдар сақталған, олар: қайлалар, күректер, май шамдары, топырақты тығыздауға арналған баспақтар, рельстерді кесуге арналған аралар. Осыған қарап отырып, елсіз далада, оның үстіне ауа райының қандай болғанына қарамастан, мұндай қарапайым құралдармен жұмыс істеудің қиын болғанын өзіңіз де түсінесіз. Түрксіб құрылысшылары нағыз ерлік жасады, олар темір жолды пайдалану үшін жоспарланған мерзімнен бір жыл бұрын тапсырды.

2de95e7194e02e8a058ea77a4fc4738f.jpg

364fce8984552ae8c414b0678f83f8fd.jpg

0ef4ee4f1b529bfd6075bbe09cc10416.jpg

Топтаманың басым бөлігі  локомотив пен вагондардың моделдерінен тұрады. Бұл жерде алғашқы паровоздардан бастап, заманауи жүрдек пойыздарға дейінгі аралықтағы техниканың дамуын тамашалауға болады. 

7d2f34b53eca48088dd523ac87d7a198.jpg

34561aa7f3616b14f29b623fa59d93fa.jpg

b7b8cd922bdde2bd02959078476b6d0f.jpg

Музейдің бөлек бір бұрышы станциялардың арасында байланыс құру жабдықтарына арналған. Бұл бұрышта Морзе телеграф аппаратының мәтінді басып шығару құрылғысының өте жақсы сақталған үлгісін, сонымен қатар Ұлы Отан соғысынан кейін пайдаланылған Бодо аппаратын көруге болады. 

aaad1b486c41fb05ba479af7a27d4a2e.jpg

21a2a93015e2ccc180957a1ac38fd97d.jpg

81b288b952ca338647eb2c9ef1c2b217.jpg

Темір жол жұмысының жылжитын макеті - музейдің қызықты экспозициялардың бірі. Макеттегі рельстердің үстінен пойыздар жүріп жатыр, сонымен қатар локомотивтердің гүрілдеген дауысын, дөңгелектердің тоқылын естисіз. 

c3c26b98deb10d58dc6939f2d2f26ddf.jpg

fddcf22222f644d787f88e43f8902800.jpg

Музейдің екінші қабатында еңбегі сіңген темір жолшылардың жеке заттары мен темір жол құрылысына қатысты мұрағат құжаттары ұсынылған. Бұл жерде Қазақстанның темір жолдарының алғашқы жетекшілері пайдаланған үлкен жұмыс үстеліне назар аудармау мүмкін емес. 

1935-1979 жылдар аралығында темір жолда жұмыс істеген құрметті теміржолшы Қабжан Мұхамеджановтың кителі.

e139544aab2160f640d6c6f20d3e8e5b.jpg

5187e8c8ef9e7b7e1b774d2335c55b65.jpg

f6e7204a757f6ef178d951610938b462.jpg

Тарихқа серуен жасап, өткеннің үнін есту үшін мекен-жайы төменде берілген музейді тамашалауыңызға болады: Фурманов көш., 127, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 10.00-ден  17.00-ге дейін.

Алена ДЕМЧЕНКО

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?