Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

АЛТЫН ОРДА – МЕМЛЕКЕТ ЕМЕС ПЕ?

2057
АЛТЫН ОРДА – МЕМЛЕКЕТ ЕМЕС ПЕ? - e-history.kz
2017 жылдың наурыз айында Қазанда «Алтын Орда мен татарлар хандықтары тарихы» атты V Халықаралық Форумы өтті. Жақсылық Сәбитов алған әсері жөнінде NDH порталымен бөлісті

ТР ҒА-ның  Ш. Марджани атындағы Алтын Орданы және татарлар хандылықтарын зерттеу орталығы форумының бастамашысы және ұйымдастырушысы болды. Форумның тойлануы Алтын Орданы құрудың 750 -жылдығына ұштастырылды. Форум алтынордалық тақырыпта жұмыс істейтін ғылыми-зерттеушілердің өмірлеріндегі ауқымды оқиға болып табылды. Форумның географиясы кең ауқымды: V форумға қатысу үшін 113 ғалым, 18 елдің 64 ғылыми орталығы сұраным берді: Ұлыбританиядан, АҚШ-дан, Франциядан, Венгриядан, Сербиядан, Мысырдан, Италиядан, Казахстаннан, Моңғолиядан, Финляндиядан, Хорватиядан және тағы басқалардан. Осы форумда Жақсылық Сәбитов бірнеше мәрте рет Астананы ұсынып отыр.

– Сіздің есіміңіз ғылыми ортада белгілі танымал болды,  дегенмен, Сіз конференцияға қалай келдіңіз?

– Осындай конференцияларға түсу тәртібі қалыпты. Осындай дедлайн болу алдында конференцияға қатысу сұранымыңызды және де сөйлейтін сөзіңіздің негізгі тезистерін бересіз.  Мен барлығын уақтылы жасадым, осылайша мен конференцияға іліктім. 2009 жылдан бері екі жылда бір рет болатын барлық бес Алтынордалық форумдарда болғанымды айта кету керек. Сондықтан осы конференцияда менің қатысуым фактім ешбір таңқаларлық жайт емес.

– Конференция бағдарламасында қандай негізгі мәселелер, сұрақтар ұсынылды?

– Негізінде, конференцияның барлық жұмысы Алтын Орданың деректану мәселелерін, Алтын Орданың саяси тарихын, және де Алтын Орданың нумизматикасын талқылауға бағытталды. Алтын Ордадағы оба ауруы мәселелері мен Алтын Ордадағы Ұлы Жібек Жолы бөлек талқыланды.  Айта кету керек, «Алтын Орда» атауы шартты атау. Шынында осы мемлекет Жошы Ұлысы немесе Ұлық Ұлық деп аталатын, ал Алтын Орда – бұл Жошы ұлысы билеушісінің ордасы.

– Белгіленген мәселелер әлемдік тарихи ғылымдағы қазіргі заманғы тенденцияларды бейнелейді ме?

– Иә, әрине. Қазір, мүмкін, алтынордалық зерттеулер – бұл ғылыми білімнің орыс тілінде дамытылатын азғантай бір саласы. Сондықтан, Қазандағы алтынордалық форумы – бұл барлық алтынордалық зерттеуші ғалымдардың жолбасшысы.

– Қазақстандық тарихи ғылымы негізгі әлемдік трендтеріне сай келеді ме немесе фактілерді жинау мен тұлғаларды мақтаумен шектеледі ме?

– Алтынордалық форумға Қазақстаннан келген бірнеше ғалым болды: Назарбаев Университетінен Юлай Шамильоглу және Нұрлан Кенжеахмет, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ж. Сабитов и А.К. Көшкімбаев. Қазіргі уақытта осы тарихшылар және осыншама шығыстанушылар  – Жошы ұлысының тарихының осындай немесе басқа да аспектілері жөнінде жоғары ғылыми деңгейде пікірталастарға қатысуға мүмкін. Жалпы, бізде жақсы ғалымдар-медиевисттер бар, тұрақтанған ғылыми жұмыс жоқ. Татарстанмен салыстырғанда, Қазақстан тарихи зерттеулерге жүздеген ақша қаражатын көптеу жұмсайды, алайда біздің пайдалы әсер коэфициентіміз ондаған сан есе төмен. Ал енді, Қазақстандағы тарихи ғылымды жалпы алғанда, менің ойымша, стратегиялық жоспарлау болмауына, тарихшы мамандығы абыройлы болмауына және ғылыми ортаның әлсіздігіне  байланысты, ғылым терең дағдарыста болуда. Бұған қоса, ғылыми ортаның әлсіздігі жалпы тарихшылар әлсіздігінің көрсеткіші емес, мықты тарихшылар бар, тіпті әлемдік деңгейдегі, алайда магистратуралар мен докторантураларда жаңа тарихшыларды даярлау жүйесі өте төмен. Бұның барлығы тарихи ғылымының тоқырап қалуына жетелейді. 

– Конференцияға қандай ғылыми жетістіктермен бардыңыз?

– Мен конференцияға екі баяндама апардым. Жеке өзімдікі және ортақ баяндама. Менің жеке баяндамам XIII-XIV ғасырлар аралығындағы Тоқа-Темір (Жошы ұлы) және оның ұрпақтары иелігіне арналған болатын.  Осы тақырып қызықты, өйткені Тоқа-Темір казақ хандары Жәнібек пен Керейдің тікелей ата-бабасы болып табылады. Алғашта оның иелігі Қазақстан аймағында болған, бірақ менің болжамым бойынша, Тоқа-Темір Батысқа аударылған, онда ол Қырымды иелігіне алды. Атақты нумизматтар Константин Хромов пен Владимир Настичтің пікірі бойынша, Жошы Ұлысында (Алтын Ордадағы) өз алғаш дербес монетасы болған, олар 1260-1262 жылдарында соғылған. Одан соң, Қырымды басқарған оның ұлы Ұран-Темір, ал түменбашы Ноғай кезінде -Ұран-Темірдің баласы және қазақ хандары әулетінің негізін салушысы – Орысханның ата-бабасы Ашық Қырымды басқарды. Сонымен, қазақ хандары белгілі уақытта Қырымды басқарды. Тоқа-Темірдің басқа ұлы түрікмен арасында Маңғыстауда басқарды. Жалпы алғанда, 1359 жылы Тоқа-Темірліктер үлкен әулет болды, ол  Жошы Ұлысының түрлі бөліктерінде билік үшін күрескен.

Менің екінші баяндамам атақты шығыстанушы Қамбарбекова Ғалия Әмзейқызының қатысуымен жасалды. Ол Хондемирдің Мұхаммет Шейбани туралы деректерін аудару еңбегін өзіне алды, біздің бірлескен мақаламызда осы мәліметтерді басқа дереккөздерімен салыстырдық. Нәтижесінде, тарихи бағалауда Орта Азияның дереккөздерінен гөрі ирандық дереккөздер үстемдігі барабар болды. Қазіргі кезде Мұхаммет Шейбани Орта Азияны жаулап алуда қазақтар зор қатысушылық көрсетті.

– Алтын Орданың мұрасы тақырыбы аса өзекті болып табылады. Көптеген халықтар көрпені өзіне қарай тартады. Тек қазақстандық тарихшылар тартпайды. Онымен қоса, мұрагердің бірі ретінде Қазақстанның мәртебесімен келіспеушілік білдіру қиын, қалай ойлайсыз?

– Иә, Қазақстан басқа елдермен қатар «Алтын Орданың» бас мұрагері болып табылады.  Бұны біздің елбасыларымыз және халық өзі түсінеді, алайда көптеген кеңес кезіндегі қазақстандық тарихшылар Қазақстанның «Алтын Ордаға» қатысы жоқ екеніне, «Ақ орда» елес мемлекетінен пайда болғанына сенім білдіреді. «Алтын Орданың символдық мұрасы» үшін «саяси жарысуға» Казақстан қатыспайды. Мұнда, «Алтын Орданы» жекешелендіруге тырысу және қазіргі заманғы ұлттың біріне жатқызу -ғылыми қарсылық болады деп айтқым келеді. «Алтын Орда» – бұл біздің жалпы мұрамыз.  Ноғайлар, қазақтар, қазандық, сібірлік, қырымдық, польдік-литовтық татарлар, қарақалпақтар, өзбектер және тағы басқалары үшін «Алтын Орда» – орыстарға, украиндарға және белорустарға Киевтік Русь тәрізді болады. «Алтын Орда» – бұл біздің жалпы өткен-кеткеніміз және жекешелендіріп алуға немесе «ұлттандыруға» ғылыми қарсылық болады. Сонымен, осы мәселені саясаттандыруға керек емес. Бұл жерде басқа шектен, нақтылап айтқанда символикалық датаны толық елемеушіліктен қашық болу керек. Бізде «Алтын Ордаға» қатысы бар символикалық даталарды жиі елемейді.  2013 жылы Татарстан «Алтын Ордада» исламды қабылдаудың 700 жылдығын тойлайды.  Қазақстанда осы датаны тойламай, өткізіп алды. 2019 жылы Татарстан «Алтын Орда» тәуелсіз мемлекет ретінде құрылғанының 750-жылдығын тойлайды. Бұл бесінші алтынордалық форумда Қазанда ресми түрде жарияланды. Егер Қазақстан биыл бұл мерейтойды қайта өткізіп алса, өкінішті болады. 1269 жылғы Талас құрылтайының оқиғалары Қазақстан жерінде, қазіргі Жамбыл облысында болған.

– Қазақстан, Татарстан және әлемдік ғылыми тұтастай бірлестік үшін конференцияның маңызы қандай?

–Бұл «Алтын Орда» бойынша әлемдегі өте күшті конференция. Онда сіз еститін көптеген мәселелер онжылдықтар соң, мектептің тарих оқулықтарына немесе бұқаралық мәдениеттің бөлігі болады. Сондықтан, жаңа бастап келе жатқан тарихшыларға осындай конференция – «келешек көлігімен» болашаққа ұшып барып келгендей. Жас тарихшыларға осы конференция бір жағынан өз құзыреттілік деңгейін жоғарылатуға, екінші жағынан – басқа тарихшылармен әлеуметтік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

– Қазанда өзіңіз үшін қандай қызықтар білдіңіз?  

– Мен үшін Қазанда ғылыми баяндамалар қызықты болды. Булгарға экскурсия қызықты болды.

– Татар халқы мәдениетінде, дәстүрінде не таң қалдырды?

– Мен 2009 жылдан бастап жыл сайын конференцияға Қазанға барамын, сондықтан мені таң қалдыру өте қиын. Татарлардың қонақжайлығы мен бірлігін көзге түсетіндей.

– Алтын Орда тақырыбы бойынша ғалымдардың негізгі жетістіктерін ашуды сұраймын.

– Мен 10 жыл ішінде Алтын Орданы зерттеп келе жатқан тарихи ғылымның жетістіктерін бес тармақта атап берейін.

1. Жошы Ұлысының (Алтын Орданың) бірінші ханы Жошы емес немесе оның ұлдары Бату немесе Берке емес, олар Жошы Ұлысының билеушілері болған – хандық титулын алған емес, өздерін дербес және  егемен билеуші деп санамаған, ал Мөңке-Темір – Батудың немересі Жошы Ұлысының (Алтын Орданың) бірінші ханы болғаны дәлелденді.

2. Жошы Ұлысы билеушілердің тиындары, жаңа хандар аттарын тауып және Жошы Ұлысы хандардың билеу хронологиясы мен географиясын айқындау жолмен, көптеген жаңашылық жасауға мүмкіндік берді.

3. 1313 жылы Өзбек ханның Әкімшілік реформасы өз саясатының сәтті болуына негізгі роль атқарды. 1313 жылы Өзбек хан Жошы Ұлысты орталықтандырды және бұрын облыс билеушілері Жошылар болса, және ұлыс (облыс) билеуші лауазымын мұра етсе, Өзбек хан кезінде ол ұлыс билеушілерін өзі тағайындай бастады. Осындай саясатқа наразылық білдірген Жошылар өлтірілді, тірі қалғандары қамауға алынып, Сығанаққа айдалды. 

4. Қазақ хандары әулетінің пайда болуы. Кеңес кезінде қазақ хандарының арғы атасы Орда Ежен - Жошының ұлы болды деп есептелетін. Қазір қазақ хандарының арғы атасы Жошының басқа ұлы –Тоқа-Темір болғаны дәлелденді.

5. Ақ Орда, Алтын Орда, Көк Орда. Кеңес кезінде осы атаулар басқа бір мемлекеттер атаулары ретінде қолданылатын. Қазіргі кезде Ақ, Алтын, Көк ордалар – мемлекеттер атаулары емес, Жошы Ұлысы билеушілері резиденцияларының атаулары екендігі дәлелденді. Біздің Президентіміздің резиденциясы «Ақ Орда» Бату резиденциясының атауын және Жошы Ұлысының басқа да хандары резиденцияларының атауларын алған екен.

– Жақсылық, мазмұнды сұхбатыңыз үшін рақмет.

Алтын Орданың тарихы қазақ халқының тарихына едәуір жақын бола түсті.  Бас фотодағы: Жәнібек ханның суреті бар, 1375 жылғы Каталондық атласы.

Көшірме жасау және материалдарды жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша не ауызша рұқсаты қажет. Міндетті түрде National Digital History порталына гиперсілтеме жасау қажет. Барлық құқықтар ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңымен қорғалған. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі. – 111)

Автор: Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?