Халқымыздың тұрмыста қолданған ою-өрнектерін оның интеллектуалдық эстетикалық дүниетанымынан туған, ешкімге де ұқсамайтын көркемөнер туындысы деуге болады. Көптеген зерттеушілер ежелгі ою-өрнектердің астарында халқымыздың табиғаттан алған әсерін дәлме-дәл түсіруге ұмтылған ұмтылысы жатқанын айтады. Көшпелі бабаларымыз космогониялық, геометриялық ою-өрнектерден басқа зооморфтық элементтер тұрмыста түрлі мәнерде көп қолданған.
Сонымен қатар, ою-өрнек өнері халқымыздың ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіресінің бір түрі деген пікірлер де бар
Белгілі зерттеуші Зейнолла Сәніктің еңбектерінде әрбір өрнектің астарында құпия белгі жатқаны айтылады. Мәселен, айбалта - күш-қайраттың, торсық - тоқтықтың, әртүрлі аң - таулы өңірдің, ағынды су - егістік өңірдің, қарға тұяқ - қыстың, мал - жайлаудың, жарқанат, жұлдыз арадағы құпия белгілерді білдірген.
«Сонымен бірге ою-өрнекті тендеме ою, жүздеме ою, сыңар ою деген сияқты түрлерге бөліп, оның бірінен-бірін туындатып, байытып, дамытып отырған», - деп атап өткен ол өз зерттеулерінде кейбір ою-өрнектердің жеке түрлеріне тоқталып өткен.
Құсмұрын
Жас қыздар мен жігіттердің киімдеріне, жаңа отаулардың жасау-бұйымдарына, иір-иір оюлардың араларына осындай құсмұрын белгілер көп түсіріледі. Құсмұрын ұшқан құстай самғай беруді, ерікті, бақытты болуды меңзейді.
Түйетабан
Түйетабан оюы алыс сапар белгісін білдіреді. Мұндай ою-өрнектер көбінде түйенің қомына, жабуына, керуенге қажетті басқа бұйымдарға көп түсірілген. Әсіресе, ұлы «Жібек жолы» бойынан табылған қазындылардан көп табылуына қарағанда, сол кезде мұндай оюлар жалпыласқан тәрізді.
Итқұйрық оюы жақын аралықты білдірген. Өйткені ит алыс сапарға ілеспейді, ұзаса күндік жерге ғана барады. Сондықтан өгіздің шомына және басқа жақын аралықты білдіретін бұйымдарға итқұйрық белгісі түсірілген.
Қошқармүйіз
Қошқарды қазақ қатты қадірлейді. «Бурада айдаһардың екі түгі, қошқарда бір түгі бар, сондықтан адамға айбарлы көрінеді» деп есептейді. Қошқар мүйізді өрнектер қазақ ою-өрнектерінде өте көп кезігеді. Ол қуаттылыктын, жақсылықтың, молшылықтың белгісін білдірген. Ұрпақтарының осындай болуын арман еткен адамдар! бала-шағаларына арнап жасаған бұйымдарына қошқармүйіз өрнегін көп түсірген.
Омыртка - кайраттылыктын, ерліктің белгісі. Ер азаматтарға арналған бұйымдарда, батырдын киімдерінде омыртқа тәрізді ирек белгілер көп нақышталған. Өйткені бел-омырткасы мыкты адамнын кайратты болатындығы, белдескенге бой бермейтіндігі жалпы жұртка мәлім.
Кұстаңдай
Шешендердің, ақындардың шапандарында және басқа да киім-кешектерінде кұстаңдай белгілері көп кестеленген. Мұның өзі - тілді-жақты бол, үнің бұлбұл құстың үніндей жағымды, жан сүйсінтерліктей ләззатты болсын деген тілек жатыр.
Қолтық ою
Қазақ халқы текеметке, от киізге көбірек «қолтық ою» белгісін салған. Мұнысы «келініз,өз үйініздей аунап-қунаныз, кұшағымыз ашық» деген кен колтык белгіні, ақ көңіл, қонақжайлықты білдіргендік болып табылады.
Әшекей тәрбие-тəртіпке, әдет-ғұрыпка, салтанат-сәндікке лайық туындаған. Көшпелі тұрмыс жағдайында «адамгершілік», «ибалылық», «мейірімділік», «әділеттілік» деген ұғымдарды халқымыз өз ұрпақтарына осындай дүниелер арқылы түсіндіріп отырған.
Сыңар білезік - халқымыз Күнге, Айға, аспан денелеріне табынып жүрген сонау бағзы заманда туындаған белгі. Өзі ұнатқан қыздың қолына жігіт сыңар білезік салған. Мұны лайық көрген қыз ас-тойларда сыңар білезікті қолынан тастамай салып жүрген. Бұл сол кыздың сүйген жігітінін бар екенін білдірген.
Қос білезік
Қыз бен жігіт үйленгеннен кейін жігіт келіншегіне «шебер, ұқыпты бол» деген ниетті білдіріп, қос білезік сыйлаған. Оң қол білезігі «бес білезік» деп аталып, бес бөлек заттан - бір білезік, бір бекітпе, екі жүзік, бір оймактан құралған.
Алқа сыпайыгерлiктiн, сәндіктің белгісі болған. Қызы он жасқа келген соң ата-анасы оған екі алқа тағады. Екі алка (қос алқа) «енді үлкейдің, секектемей сыпайы жүр, сонда ғана алка-моншағын өзіне жарасып, жүріс-тұрысына сән береді» деген ақыл-кеңестің белгісі. Дәулеткерейдің «Қос алка» күйі - осындай өмірдің суреті.
Бір дөңгелекті жүзік
Бір дөңгелекті жүзік Күн белгісін білдіреді. Халкымыз ертеде Күнге табынған. Өз билеушілерін «Күн тәңірінің жіберген елшілері» деп біліп, «Күнби» деп атаған. Сондықтан өзі тілеулес адамдарға бір дөңгелекті жүзік сыйлаған. Бұл «сізге жаратқаннан амандық тілеймін» деген ұғымды білдіреді.
Қос дөңгелекті жүзік пен мөр жүзік мейірімділік және Әділет белгісін білдіреді. Қалың қос дөңгелекті жүзік, әдетте, қолбасшы адамдарға арналып жасалады. Мұндай жүзіктер мөр орнына да жүрген. Тас көздің бетіне кейде адам аты да жазылған. Ал мөр жүзіктің кішкене түрін «құдағи жүзік» деп атаған. Ұзатқан қызын іздеп барған анасы қызының ол жерде өте көңілді екеніне көзі жетсе, қыз енесінің қолына «құдағи жүзік» салған.
Ертеректе адамдар осыған қарап-ақ ондай ененің келінге жайлы екенін білген.
Пайдаланылған әдебиет:
Зейнолла Сәнік. Көптомдық шығармалар жинағы/ VII том. –Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2017.