Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ғалымдар Түркістанға қатысты тың деректер іздестіру үшін Ресейге аттанды

1375
Ғалымдар Түркістанға қатысты тың деректер іздестіру үшін Ресейге аттанды - e-history.kz

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері «ХІХ ғасырдың ортасы – ХХІ ғасыр басындағы Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени тарихын кешенді зерттеу» ғылыми бағдарлама тақырыбы аясында Мәскеу қаласындағы архив материалдарымен танысуға аттанды.

Осы орайда алғашқы күнді Ресей Федерациясының мемлекеттік архиві құжаттарымен танысудан бастады.

WhatsApp Image 2021-10-11 at 16.51.24.jpeg


-"Ресей Федерациясының мемлекеттік архиві ХІХ - ХХІ ғасырлардағы Ресей тарихына қатысты 7 миллионнан аса іс-құжаттары бар ең үлкен архив саналады. Қойнауы тарихи деректерге толы бұл орталық өз жұмысын 1992 жылы кеңестер одағы мен кеңестік Ресейдің мемлекеттік архивтері негізінде бастаған. Түркістан қаласының тарихы туралы тың деректер Ресей патшалығы кезеңі және кеңестік кезең материалдарынан табылады деп ойлаймыз",- дейді "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Мұрат Тастанбеков.


WhatsApp Image 2021-10-11 at 16.51.25.jpeg


Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «ХІХ ғасырдың ортасы – ХХІ ғасыр басындағы Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени тарихын кешенді зерттеу» ғылыми жобасы аясында түркістандық ғалымдар рухани астана жайлы тың деректер іздестіру мақсатында Алматы, Шымкент қалаларында және Өзбекстан Республикасындағы мұрағат құжаттарымен танысып шықты. Жоба аясында ғылыми айналымға енбеген жаңа деректер топтастырылатын болады.

                                                      "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?