Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Сәдуақас Ғылманидың ағартушылық еңбегі

1178
Сәдуақас Ғылманидың ағартушылық еңбегі - e-history.kz

Не десек те адам баласы үшін өмірдің мәні білім мен ғылымда жатыр. Ал өзінің үйрегненін өзгеге үйретпеген адамның білімділігінен еш пайда жоқ дейді ғұламалар. Себебі адамның әу баста жаратылыс мақсаты- көріп білу, үйренгенін басқаларға үйрету. Адамның өмірде қабылдаған шешімдерінің дұрыс болуы оның ақыл – ой мен қисынға қаншалықты сай келетіндігіне байланысты. Бұл ретте ақыл мен ойдың толысуы ғылым- біліммен тікелей байланысып жатқанын түсіну еш қиын емес. Ендеше ғылым – білім болмаған жерден ақылдың- пайдасыз, қисынның- алдамшы, шешімнің келте болып жататыны айдан анық.

Ғылыммен шұғылдану сауабы жөнінен нәпіл амалдарданда жоғары тұрады. Өйткені ерікті түрде сауап жинау мақсатында орындалған амалдар тек иесіне ғана пайда келтірсе, білім барша адамзат баласына пайда келтіреді. Білім құлшылықтарды дұрыс атқаруға мүмкіндік береді. Ғұламалар Пайғамбарлардың мұрагері болғандықтан, оларға бойсұну – уәжіп. Ғалым дүниеден өткеннен кейін артында қалған білімі өзіне де, баршағада үзілместен пайда береді. Білімнің үзілмеуі нәтижесінде шариғат жанданады. Әрі Исаламның ерекшеліктері де сақталады. Ислам ең алдымен білімді қажет етті. Оны иманның серігі етіп қадірін көтерді. Сондай- ақ ғалымдарды ардақтауға бұйырды.

Қандай жағдайда да білімнің қай саласы болсын адамзат үшін аса маңызды. Қарапайым мысалмен қарастырсақ, бүкіл адамзат тек имандылық мәселесімен шұғылданса, онда жер бетінен зұлымдық, надандық атаулылар жоғалып, үлгілі қоғам құрылар еді. Бірақ тұрмыстық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін еңбек күштері бәрібір де қажет.

Ғылым адам болмысында таным қабілетінің мардымсыздығын көрсетеді, бұл ғылымның негізгі ерекшелігі. Шындығында адам дүниенің түбіне әлі жете алған емес. Сол ұшы қиыры жоқ шексіздік – Жаратушының сан қасиеттерінің бірі. Салдарынан ғалым мәселенің алдында сенімсіздік күйін басынан кешіріп, жеңіл үрей күреске ынтаны оятады. Егер ғылым баланың арманындай ақ оңай жететін мақсат болса, ақиқат мазмұны анық болып тұрған жағдайда адамның өмірге деген мотивациясы болмайтыны анық. Құдыретті жаратушының адамзатқа айтпағының бірі де осы болар. Адамның психологиялық ерекшелігінің өзі Құран аяттарынан сай көрініс тапқан. Білімі жоқ надан еш уақытта қорпайды, олардың тасжүректі болуының өзі сол білімнен мақұрым болуында.

Ал Сакен халфенің шығармаларының көпшілі осы ғылым- білім турасында жазылған. Соның бірі «Зейін ашу бәйіті» өлеңінде:

Дүниеде бақыт – бұл оқу,

Қияметтікі тағы оқу.

Екеуі бірдей қажетің,

Ескерсең толық замани дей келе оқу екітүрлі, дүние оқу және дін оқуы, екі оқудандан үлесің болсын. Мұсылман екі дүниенің бақытына иманмен, пайдалы біліммен ғана жете алатындығын меңзейді.

Осындай арналы бағыт беретін өлең жолдары арқылы ақын оқу, білімсіз надандық пен қараңғылық түнегінде қалған халқын оятып,оның мәдениетті көзашық көкірегі ояу ел болуына үндейді.

Оның негізгі түп мақсаты Ресей үкіметінің соқыр саясатының соқпағы тиген халықты ағарту, қоғамды ізгілендіру, ұлттың рухани құндылықтарын дәріптеп, діннің түпкі таза негізі жер мен көктің әміршісі Алланың ғажайып мұғжизасын, Құранның керемет аяттарын, Мұхаммед пайғамбардың теңдесі жоқ сахих хадистерін түсіндіріп ұғындыру болды.

Бүгінгі таңда Ғылмани мұрасына зер салсақ көкейді мазалаған көптеген сұрақтарға жауап ала отырып, жанымызға рухани азық табар едік. Қасиетті сөз қадірін білгендерге көкірегін сәулелендіреді. Ғұламаның бағасын білген халық, кеменгерін ерекше ардақтайды, атын аялайды, оны білген сайын тағыда тереңірек тануға үңіле түспек. Үңілген сайын ақынды жаңа қырынан ашып, одан да артық тың қазынаға кенелері анық. Ғылмани – діндар, ақын. Ақиқатты ақылмаен тануға талап қылған дананың негізгі қаруы- өлең. Жалпы исламды насихаттап таратуда әдебиеттің орыны ерекше. Сондықтан ғұлама осы өлең жолдары арқылы қалдырған өсиеттері ұтымды болып келеді.

Әр бір ісі имандылықты насихаттайтын ғұламаға тән қасиет, ол Пайғамбар хадистерін өз шығармаларында кеңінен пайдалану болған . Сол сияқты Ғылмани шығармаларын парақтағанымызда көптеген түйінді тұжырымдарының хадистер өзегінен нәр алғанын аңғарамыз.

Пайғамбардан көшірілген мына хадис

Білгендерге мәнісі айқын, таныс.

Даңқың шығу адамға үлкен апат,

Сөйтсе де түгел жанға бір құмар іс.

Ауыз-сөздің, ақыл-істің орыны,

Ылайықты жасалған мүше, форымы.

Төменгінің қызметін жоғары істеп,

Мәз болғанның адамдық қалдыма орыны – дей келе, осы Пайғамбар хадистерінің мағанасын халыққа жалпақ тілмен өлеңдерінде түсіндіру арқылы жеткізіп отырған. Бұл Ғылманидың арабша және хадис бойынша сауатты болғанын әрі өлеңмен дінді түсіндіре білгенінің көрінісі. Бұл ақынның бір ерекшелігі болмақ керек.

Адамдарды әрдайым еңбек қылып, маңдай терімен адал табыс табуға шақырған. Өзгелерге қол жайып күн көруді еш қолдамаған. Ол: «Шамаң келгенше ешкімнен еш нәрсе сұрама», «Жоғарғы қол төменгі қолдан жақсы. Жоғарғы қол - берген қол, төменгі қол – алған қол» Пайғамбардың осы сөзін ту еткен қазақ халқы «Сұрағаннан берген артық» деп бұл хадисті мақалға айналдырған. Халық ауыз әдебиетінің бір саласы – мақал – мәтелдерде діни уәждердің орын алуы осының айқын дәлелі. «Кәсіптің ең жақсысы – әркімнің өз қолымен істелген ісі және адал сауда.» Пайғамбардың осы хадистеріне сай Сакен қалпе былай деген:

Адамның пайдасына еткен кәсіп,

Тересің ырыздықты қойған шашып.

Тер шығармай тапқан мал кен болмайды,

Мал таппақсыз еңбексіз текке адасып.

Діндар ғұламаның шығармалары сан қырлы, «оның қаламынан туған әрбір шығармасы келер ұрпаққа берері мол құнды мұра»- деп жаза отырып профессор-ғалым Д.Қамзабекұлы ақын мұрасын шартты түрде бес топқа бөліп қарастырады. Біріншісі- көңіл -күй өлеңдері, екіншісі - сюжеттік немесе оқиғалық негізі бар шығармалар, үшіншісі -насихат өлеңдері, төртіншісі - арнау өлеңдері, бесіншісі -жауап - хат өлеңдері. Ақынның туындылары тақырып атауына қарай бір – бірін толықтырып отырады. Ғылманидың «Өлең жырды қолдану себебім», «сөз құрлысы», «Ана тілі», «Календар сыртына жазғаным» осы туындыларының тақырыбы, мән – мағанасы ғылым мен танымға жақын. Жалпы өлеңдерінде ол өз заманының барлық болмыс бітімін, тұрмысын, рухани –мәдени деңгейін, кем - кетік тұстарын кеңінен жазады. Ақынның өлеңдер жинағындағы негізгі мазмұнына үңілер болсақ, өмір сүріп жатқан барша адамдардың міндеті ретінде келешек ұрпақтың қамы, олардың адамдық, рухани тәрбиесі, діни ағартушылық мәселесі халықтың көсегесін көгертуді секілді тақырыптарды өткір қозғалған. Оның діни тақырыптағы өлеңдерінен терең философиялық ой – толғам, өмірге деген құштарлық байқалады. Қазақ халқы ежелден Алланы танып, Мұхаммед Пайғамбарды біліп өскен халық. Себебі қазақтың кез келген жыры, мақалы, аңыз әңгімелері шариғаттан бастау алады. Барлық болмысы дүниетанымы, мәдениеті, тарихы Исламмен біте қайнасып жатыр. Баурмалылықты, отансүйгіштікті, бойына сіңіре білген бабаларымыз алауыздыққа, іріткісалушылыққа жол бермеген. Сакен қалпе де шығармаларында осыны жырлап, халықты дін Исламға, адамгершілікке, бірлікке, рухани тазалыққа дәріптейді.

Сакен қалпенің ой пайымы қандай мәселені қозғаса да Пайғамбар хадистер өзегінен өріліп отырған. Пайғамбардың   бір хадисінде: «Сендерге бірге болуларыңды өсиет етемін. Бөлініп шығудан өте қатты сақ болыңдар. Себебі, шайтан жеке басына өмір сүрген кісіге жақын болады. Бірге болған екі адамнан алыс тұрады. Кімде кім жәннәттің дәл ортасында өмір сүргісі келсе, бірге болуға мән берсін»,– деген ұлағатты өсиетін көңіліне түйіп, тіршілігінің заңына айналдыра отырып насихан өлеңдеріне арқау етеді.

Ақынның шығармаларындағы бірлік мәселесін «Бірлік туралы үгіт», «Ертегіден үлес», «Бір ертегі», сюжеттік немесе оқиғалық негізі бар шығармаларында терең ашып көрсеткен. Бұл шығармалары ертегі, оқиғалық желісте жазылсада, «Бір ертегі» өлеңіндегі:

«Оқыдың үш өгіздің әңгімесін,

Тұрмыста ойлап тұрсаң үлгілі сын»- деп ондағы алауыздық пен аңқаулықтың ақыр соңы қандай орыны толмас қателіктерге ұрындыратынын ашып көрсетеді. Бұл жерде қазіргі қоғамдағы алауыздық, тойымсыздық, өз қара басының қамын ғана ойлап, бөлінушілік мәселелері еріксіз ойға келеді. Мәселен дана бабаларымыз «Бөлінгенді бөрі жейді» «Бірлік бар жерде тірілік бар» деп өнеге етіп кетсе, ақын өсиетінің тұп тамырыда осында жатыр.

«Бірлік туралы үгіт» атты шығармасында- адам баласы бір бірімен туысқан, дегенмен ар ұяттан безгендер бір бірлерін күндеп дұшпандасқан, бірақ иманына берік жандар ғана бір бірімен жуысып, жақсы мен жаманда, бар мен жоқта, қуанышпен қайғыда «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара біледі». Кең заманда жасаған жақсылыққа қарағанда қиын қыстау кездегі жасалған жақсылықтың салмағы ауыр тартатынын егжей тегжей сөз етеді. Мәселен:

Бірлік болса тірлігің көркейеді,

Тірлік оңған адамға көрік енеді.

«Ғаракатқа - баракат»- мәтелде бар,

Әр істе үйлесімді ерік береді.

Ақылдасып шешеді не іс болса,

Ауыр, жеңіл не түрлі жұмыс болса – деп жазады.

«Ертегіден үлес» атты өлең

Бірлік болмай- тірлік жоқ, -жақсы ұғын,

Бірлік жағы қайтседе бір күн жеңбек.

Ала болсаң алданып таяқ жейсің,

Жалынып бөгде жанға әке дейсің.

Көрінген жан әкімсіп қожалық қып,

Деп айтар «Міне мені көрмеймісің»

Садуақас қажы Ғылманидың бұл өлеңдеріне арқау еткен тақырыбы, тарихтағы қай қоғамда болсада көрініс тауып отырған.

Әрине демократиялық мемлекеттердің діни қағиданы «миға шегедей сіңіруге» хақысы жоқ. Бұл Қазақстанның бүгінгі басшылығының байламы. Тарихи дәстүрлерімізді де еске алуға болады. Түркілер өзі жаулап алған халықтардың дәстүріне тиіспеген. Тіпті көшпелі халықтардың Руське үш жүз жыл бойы үстемдік етуі өзінің дінге деген еркіндігімен ерекшеленген. Былай айтқанда, біздің ата- бабаларымыз және туысқан түркі халықтары дінге оспаларлық жасамаған, өзге халықтардың рухани бостығына құрметпен қараған» дейді Д.Қамзабекұлы.

Ал бүгінгі қазақ қоғамындағы көрінісі айрықша. Рас, қазақ қашанда дархан көңілді, құшағы кімге болсада ашық, қонақжай халық. Бауырмалдылық, кеңпейілділік қасиеттерін бойына дарытқан қазақ ұлты өзге елден келген түрлі ұлт өкілдерін өзегіне теппей бауырына басқан. Елімізде жүзден астам ұлт мекен етеді. Олaрдың мәдени орталықтары да бар, өзге ұлттардың діндерін сыйлaп құрметтейміз. Солармен бірлікте, татулықта өмір сүреміз. Алайда қазақты өз ішінен діни дүрдарaздыққа, түсініспеушілікке әкеп соғу қауіпі, Ислам арасында жат пиғылды діндердің кеңiнен қанат жайуында болып отыр. Бұндай ел арасына іріткі салатын зиян ағымдарды Үкімет дер кезінде ауыздықтап белсенді күреспесек, онда ұлттық тұтастығымызбен бірлігімiзге, мемлекеттілігімізге зор қатер төнерi хақ.

Алтау ала болғанда аузың босар,

Қанша сақтап жиғанын түгел құсар.

Төртеу түгел болғанда аймақ шұлғып,

Нендей өрен жүйріктің бәрін тосар – деп ой түйген ғұлама қашанда ынтымақ пен бірлікті жалау еткен. Бірлігі жарасқан ел ғана биік белестерді бағындыра алатынын түсінген.

Қазақ халқының «бірлік түбі – береке» дейтіні содан. Бүгінде Дүние жүзі елдері Қазақ елін бірлігімен ынтымағы жарасқан ел ретінде таниды. Ендеше Садуақас қажы Ғылмани сынды талай ғұламаларымыздың жүрек жарды жырларына арқау болған, Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа биіктерге жеткізетінде біздің ауызбірлігіміз болмақ.

Біз бұхара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы, дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңеге үйретпейді. Жалғыз –ақ бізге қауіп төндіретіні діни білімдеріміздің онша жоғары болмай отырғандығы. Әрине бұл мемлекеттің ісі емес. Алайда бір елде өмір сұріп жатырмыз, сондықтан шынайы сенімнің жарық сәулесі дүмшелердің кесірінен көмескі тартпаса екен дейміз. Діни фанатизм нанымның молдығынан емес, шынайы білімнің кемдігінен шығады.

Бүгінгі күні жастардың дінге зейін қойа бастағаны байқалып отыр. Мешіттер қабырғасын қазақ жастары толықтыруда. Қазіргі ақпараттық технологияның қарыштап дамуы кезеңінде, әсіресе жас буынды рухани тұрғыда тәрбиелеуде ислам ілімінен өзекті ақпараттар беріп, сауаттандыруға назар салу қажет. Өйтпеген күнде бұл істі өзге діни құрылымдар өз мүддесіне пайдаланып қалу мүмкіндігін жібермес. Ғылмани шығармалары бүгінгі заман талабына сай ақпараттарды қамтамасыз ете отырып ғылым негізіне айнала алады деп ойлаймын. Садуақас Ғылмани дүниетанымындағы құндылықтарды білу, бүгінгі күнгі қоғамның дамуына өзіндік үлесін қоса алады. Ғұламаның өмір сүрген заманынан біраз уақыт өтседе, оның көптеген идеялары дәл қазіргі заманда өз мәнінен ажырамаған деуге болады.

Садуақас Ғылмани өз өлеңдерінде әлеуметтің хал-жайын, қоғамның өзгерісін, дін мен тілді, адамшылық пен имандылықты, аңыз, ишарат, сын, айтыс нақыштарын беру арқылы, шынайы, тиянақты ой-байламдар жасайды. Ғылмани адамгершілікті, гуманизмді, ар-намысты ту етіп көтерген ақын ағартушылық идеясын жарнамалаған, оқу оқып, білім алу, жан-жақты өнерлі болу адам жанын тазартып, биік мұраттарға жетеді деп насихаттаған азаматшыл ақын. Өзінің бұл идеяларын дінмен байланыстырып уағыздайды, және бұл ізгі амалдар тек дінге негізделе отырып кемелденбек.

Діндар ақын - бірлік пен ынтымаққа, жасты - білім мен еңбекке, адамды - ақыл мен парасатқа, имандылыққа шақырып өткен . Сол себепте оның сырлы сөздеріне бүгінгі қоғамымыз зәру. Бүгінгі өмірдің ой тәрбиесіне, оймен өмір сүру формуласына Ғылманидың айтқандарын, оның сөз жеткізу әдісін пайдалану ұтымды тәсіл болары хақ. Алдағы уақытта өз заманынан асып туған дін өкілінің өнер шеберлігі, оның ақындық жүрегі деңгейінде үңіліп қазақ қана емес, азия, жалпы ислам әлемі, тіпті, әлем данагөйлері деңгейінде зерттеуіміз қажет.   

 

 

 

 

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?