Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Каспий теңізінің көне атаулары

10153
Каспий теңізінің көне атаулары  - e-history.kz

Каспий теңізі – Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан су айдыны. Бұл теңіздің де Жерорта мен Қара теңіз сынды терең тарихы бар. Сақ пен сармат тайпаларының қонысы болған мекен кейін түркі мен моңғол ұлыстарының, қазақ пен түркімен, әзірбайжан халықтардың отанына айналды.

Осынау бес мың жылдық тарихта Каспий теңізінің атауы қанша мәрте өзгеріп, қанша мәрте түрленді. Ендеше көне тарихта қазір Каспий атанып кеткен теңіздің төркін атаулары қандай болған екен, соны қарастырып көрейік.

Гиркан. Көне тарих пен көне атауды іздеген ең алдымен грек және рим тарихшыларының қолжазбаларына сүйенетініміз бар. Сол дәуірлерден жеткен деректерде бұл теңіз екі түрлі – "Каспий" және "Гиркан" деп аталады. Біздің қолға жеткен алғашқы тарихи деректерге сүйенсек, б.д.д. 300-жылдары бұл маңда Гиркания атты патшалық өмір сүрген. Теңіздің атауы сол патшалықтың атымен байланыстырып аталса керек. Парсы тілінде Гиркания "қасқырлар мекені", "қасқырлар жері" деген мағына береді.

Македон билеушісі Ескендір Зұлқарнайын да бұл маңды Гиркания тауларымен жалғасып жатқан өлке деп таныған. Әрі Орта Азияға жорыққа шығарда "орман ағаштарын кесіп, палубалары жоқ ұзын кемелер мен грек үлгісіндегі палубасы бар кемелерді жасауды" бұйырған.

Каспий. Ал "тарих атасы" атанған грек ғалымы, біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда өмір сүрген Геродот бұл теңізді "Каспий" деп атайды: "Каспий теңізі – басқа теңізбен жалғаспайтын, өзінше бөлек, дербес теңіз. Ескекті кемемен жүзгенде оның ұзындығы 15 күндік, ені ең кең жерінде 8 күндік", – деп мәлімет келтіреді.

i_012.jpg

Геродоттың еңбегінде Каспий теңізінің шығыс жағалауында массагеттер тайпасы өмір сүргені айтылған. Бұл тайпаның сол дәуірдегі даңқты көсемі – Тұмар патшайым екенін білеміз. Ғалым ары қарай Томирис пен Кир патшаның арасындағы қанды айқасты суреттеп, теңіздің түпсіз тұңғиығында жатқан жауынгерлер жайлы аңыздың тарауына түрткі болады.

Б.д.д. ІІ мыңжылдықта теңіздің оңтүстік-батыс жағында каспи тайпасы өмір сүргенін айтады. Кейде бұл жұртты "Каспиана" деп те атаған. Сол кездің аңыздарына сүйенсек, каспи тайпасы өте жауынгер, айбынды жұрт болған деседі. Көне тарихшылар бұл халықтың Ксеркстің парсылар әскері құрамында (б.д.д. V ғ.) соғысқаны туралы жазған. "Каспий" атауының тууына да әу баста осы тайпалардың атауы себеп болса керек.

Кейін бұл халықтың мемлекеттік күші әлсіреп, албан және әзірбайжан халқымен араласып, соларға сіңіп кеткен.

Теңіздің тарихи, картографиялық деректерде түрлі атаумен алғанымен, "Каспий" сөзі өмір бойы ілесіп жүрді. ХVIII ғасырда толықтай географиялық терминге айналды. Содан бастап географиялық карталардың бәрінде "Каспий" деп қолданыла бастады. 

Хазар. Орта ғасырда Каспий мен Арал теңізі аралығында Хазар атты қуатты мемлекет (650-969 ж.ж.) өмір сүрген. Сол дәуірлерде теңізге Хазар деген атау ілеседі. ІХ ғасырдағы араб ғалымдары мен саяхатшылары теңізді Хазар деп атаған.

Әзірбайжан, Иран мен Түркіменстанның кейбір жұрты әлі күнге дейін "Хазар денизи" деген сөзді қолданады.

Ал Х ғасырда Хазар қағанаты құлап, басқа халықтарға сіңісіп кетеді. Бірақ Хазар теңізі атауы тарихта сол күйі сақталып қалды.

Хвалын (Дербент). Бұл атауы кейінгі ортағасырларда пайда болған. Бірақ қайдан шыққаны белгісіз. Алғаш кездескен дерек – орыс көпесі, саяхатшы Афанасий Никитиннің (1466-1472 жж.) "Үш теңіздің арғы жағына саяхат" атты жолжазба күнделігі. Саяхатшы: "Мен өзімнің үш теңіздің арғы жағына саяхатымда Дербент-Хвалын теңізі арқылы, үшінші Қара теңіз-Ыстамбұл теңізі арқылы жүзгенімді жаздым", - деп дерек келтіреді.


Хвалын атауы ХІХ ғасыр да кездеседі. Мәселен, Пугачев көтірілісі кезінде айтылған орыс халқының әндерінде де "даңқты Хвалын теңізі" деп шырқалыпты.

Бұл атау орыс карталары мен кітаптарында бергі ХVIII ғасырдың басына дейін қолданылған. Мәселен, XVІ ғасырда жарық көрген "Үлкен Чертеждің кітабы" жазылды. Онда: "Хвалын теңізінен Көк теңізге дейін тура күн шығысқа қарай  250 шақырым" деп көрсетілген. Мұндағы "Көк теңіз" деп отырғаны – Арал теңізі.

Ақ теңіз. Каспий теңізінің маңын атам заманнан бері көпшелілер мен түркітектес халықтар мекендегені белгілі. Бұлар теңізді өздері бөлек "Ақ теңіз", "Ақ дениз" деп атаған. Сондай-ақ, Қара теңіз, Қызыл теңіз деп те атаған.

Ең қызығы да сол – бұл алып көлді әр кездің, әр елдің тарихшылары мен саяхатшылары, халықтары әртүрлі атай берген. Өзіне жақынын қолдануды құп көрген сынды. Мәселен, Венециялық зерттеуші Марко Поло Χ ғасырдың басында теңізді "Глевешелан", Амстердам географы және зерттеушісі Р.Оттенс "Богар-Карсунский" теңізі, зерттеуші Марино Сануто "Георгиев" теңізі, ал Махмұд Қашқари "Бұлғар теңізі" деп атайды.

Алтын Орда хандығы орнаған кезде теңіз "Сарай теңізі" (астана атауына орай), оған дейін қыпшақ тайпалары тұсында "Дербент теңізі", "Темір қақпа", "Астрахан" деп аталған.

Осы сияқты қала атымен, жер, халық атымен байланысты қойылған Каспийдің Хорасан, Глиян, Ширван, Табристан, Йберий, Апшерон, Турган, Көк теңіз, Мазандаран, Абескун, Дайлам, Кользум, Сихай, Күшік теңіз, Муган, Албан, Казвин, Сирия, Парсы, Пехливан, Баку сияқты толып жатқан аттары бар.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/tarih/67172/
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?