Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мәдени серуен: М.В. Фрунзе атындағы Қырғыз Мемлекеттік мемориалдық музей-үйі

1593
Мәдени серуен: М.В. Фрунзе атындағы Қырғыз Мемлекеттік мемориалдық музей-үйі - e-history.kz
Қырғыз жерінде дүниеге келіп, осы елдің мемлекет тарихында өлшеусіз үлес қалдырған М.В. Фрунзенің есімі қырғыз ағайындарға таныс. Көп жылдар бойы ел астанасы Бішкек қаласы Фрунзе аталып келді

XX ғасырдың аса көрнекті әскери қайраткері, кеңес үкіметінің саяси тұлғасы, революционер, соғыс теоретигі М.В. Фрунзе – шын мәніндегі халықтың өз ортасынан шыққан, орыс және қырғыз халқының ыстық ілтипаты мен үлкен құрметіне бөленген тарихи тұлға. Бүгінде бұрынғы Кеңес өкіметі тұсындағы елдердің әскери саласында Фрунзенің есімі жиі айтылып, оның соғыс теориялары білім институттарында оқытылып келеді. 

b8714131c0317f79fe530d8ca7997b24.jpg

Қырғыз жерінде дүниеге келіп, осы елдің мемлекет тарихында өлшеусіз үлес қалдырған М.В. Фрунзенің есімі қырғыз ағайындарға таныс. Әйгілі фельдшер отбасында дүниеге келген Михаилдің әкесі Василий қырғыз халқын түрлі аурулардан емдеп, оларды сауықтырып жазған. 

1925 жылы әйгілі соғыс теоретигі дүние салып, кейін өзі туған топырақта музей құрылады. Сол тұстағы КСР Одағына кіретін Қырғыз Советтік Социалистік Республикасы ұлы қайраткердің есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында тұңғыш Мемлекеттік М.В. Фрунзенің мемориалдық музей-үйін ашады. 

f15b0afb1d6b9cdf482b9414548265a2.jpg

Алғашында М.В. Фрунзенің дүниеге келген үйін музей етсе, кейін 1967 жылы Мемориалдық үйдің сақталып қалуы үшін оған көрікті монументалды ғимарат салады. Ол бүгінде Қырғызстан астанасы Бішкек қаласындағы Фрунзе даңғылында орналасқан заманауи көрікті музей кешеніне айналады. 

Бүгінде М.В. Фрунзе атындағы Қырғыз Мемлекеттік мемориалдық музей-үйі Қырғызстан мәдениет саласының үздігі, тарихшы Бақытбек Бакчиев басқарады. Директордың айтуынша, мемориалдық музей кешені 90 жылдық мерейтойын атап өткен. Концерттік бағдарлама әзірленіп, өзге Қырғыстан қалаларына мәдени серуен ұйымдастырылған. 

063ad92a4f6464fa05d1d7667d9ebf66.jpg

«Бұл мемориалдық үй музейі болғандықтан ол тікелей М.В. Фрунзеге қатысты және оның өміріне қажетті жәдігерлерден тұратыны анық. 1925 жылы Фрунзе қайтыс болғаннан кейін, бір ай уақыт өтпестен Қырғыз АКСР жетекшілігімен әйгілі қайраткер өмірге келген жерге, өзіңіз көрген ғимаратта музей жасайық деген шешімге келген. Ол Қырғыз елінде үлкен қызметтер атқарды. Биыл музейдің 90 жылдық мерейтойы аталып өтілді. Соған байланысты мерекелік концерттер ұйымдастырыдық. М.В. Фрунзе музейінің құнды жәдігерлерін халыққа таныстырып, мәдени серуендер ұйымдастырдық. Енді М.В. Фрунзе Қырғыз халқы үшін не істеді дейтін болсақ. 1916 жылы Қырғыз жерінде ұлт-азаттық көтеріліс болады. Ол Қазақстанда да болған. Амангелді Иманов бастаған. Ол біздің елде де болды. Сол уақытта қаншама қырғыз халқы Қытайға және т.б. көрші елдерге қашқан. Қаншамасы қырылды. Ал, М.В. Фрунзе Қытайға қашқан қырғыздарды қайта елімізге қайтаруға үлес қосты. Сондай-ақ азаматтық соғыс тұсында да ол кісінің рөлі зор болды. Түркістан майданына қолбасшылық жасап, қырғыз жауынгерлеріне көп көмегін тигізді», – деді мекеме басшысы Б. Бакчиев. 

76158059f97e26840d295e27428bc26d.jpg

М.В. Фрунзе атындағы Қырғыз Мемлекеттік мемориалдық музей-үйі үш этажды ғимаратта орналасқан. Бірінші этажда революционердің мемориалдық музей үйі орналасқан. Екінші және үшінші этаждары арнайы залдармен безендірілген. Онда «Жас кезең және балалық шақ» залынан бастап «М.В. Фрунзе үш революция уақытында», «М.В. Фрунзе азаматтық соғыс фронтында», «М.В. Фрунзе – КСРО Революциялық Әскери кеңес төрағасы», «М.В. Фрунзе және қазіргі өмір» залдарынан тұрады. 

d5fa5edbe41d3d4dbd19fa3083875ca0.jpg

М.В. Фрунзе мемориалдық музей-үйі – саман кірпіштен салынып, төбесі қамыспен қапталған. Ғимарат іші іргелес екі бөлмеден және ас үй, дәлізден тұрады. Мемориалдық тұрғын үй кешені күрделі жөндеуден өтіп, М.В. Фрунзенің туысқандарының жәрдемімен сақталып келген. Үй өңделмеген кірпіштен салынып, қамыспен қапталып, қабырғасы әкпен, ақталған. Қонақ бөлмесі, жатын бөлме, ас бөлмесі, дәліз және тамақ сақтайтын қоймадан тұрады. 

a19478ae5e27c7c0a56a9e3d600e88d2.jpg

Дәліз бөлмесінде М.В. Фрунзе қолданған киім ілгіш пен медициналық қобдиша сақталған. Қобдиша атақты фельдшер отбасының әжесіне тиесілі болған. Оны 19 ғасырдың аяғында жасаған. 

Ас бөлмесінде ас дайындайтын ыдыстар мен ауқаттанатын заттар орналасқан. Орыс пеші орналасқан ас бөлмесінде ыдыс-аяқтан бастап, үй тазалайтын құрал-жабдықтың бәрін көруге болады.

453678a6fb7c0a49735bfacd3bd95832.jpg

Дәліз арқылы қонақ бөлмесіне кіреміз. Онда арнайы жасақталған үстел мен орындықтар, үстел үстінде шыны вазада әр түрлі тағамдар мен жеміс-жидектер орналасқан. Ағаштан жасалған нан салғыш орналасқан. Фельдшерлік отбасы қонақ бөлмесінде кешке жиналып, кешкі астарын ішкен. Бұл бөлме Фрунзенің оқуға ден қойып, сауатын ашқан бөлме ретінде есте қалатындай. Өйткені арнайы оқу үстелі мен кітаптар сөресін байқауымызға болады. 

Михайлдің отбасы қолданылған жиһаздар қатарында: қоңырқай түсті шкаф, жұмыс үстелі, кітап сөресі. Кітап сөресінде медициналық кітаптар, журналдар және де Фрунзе сауатын ашқан кітаптар жиналған. 

9bae0cf4cb93dc26221b1377f09845c7.jpg

Қонақ бөлмесінде сондай-ақ Фрунзенің анасы қолданған музыкалық аспап гитара ілулі тұр. Фрунзенің анасы Мавра Ефимовна Бочкарева-Фрунзе гитарада жақсы ойнап, орыс әндерін тамылжыта орындаған. Ол өнерін балаларына да үйреткен. Үлкен ұлдары скрипкада жақсы ойнап, музыкалық аспаптарды ойнаған. 

Жатын бөлмесінде М.В. Фрунзенің анасы Мавры Ефимовнаның шкафы, өзбек кілемшесі орналақан. Әке-шешесінің жатын төсегі. Балалардың тербететін төсек жайы және бар. Бұл бөлмедегі ең басты жәдігер М.В. Фрунзенің әкесінің аңшылық мылтығы қабырғада ілулі тұр. 

64c87ad20741811909db0d12080add30.jpg

Жоғарыда айтқан бес арнайы залдарда М.В. Фрунзенің өміріне қатысты құнды жәдігерлер мен фотосуреттерден құралған. Оның қазіргі Алматы қаласы, бұрынғы Верный гимназиясынан басталған оқу тарихы, партия қатарындағы қызметі, Петербургтегі политехникалық институтқа түсуі жоғары залдардан анық көрінеді. 

6eaf1c226149ab380238ede89a940780.jpg

«М.В. Фрунзе үш революция уақытында», М.В. Фрунзе азаматтық соғыс фронтында», «М. В. Фрунзе КСРО Революциялық Әскери кеңес төрағасы» залдарынан Батыс майданындағы револбциялық жұмыстары, Минскідегі большевиктік ұйымды басқарғаны, Түркістан майданындағы қолбасшылық әрекеттері анық көрсетіледі. Және сол уақыттарға қатысты құнды жәдігерлерде залдардан орын тапқан. 

cadf770581d7943c92611d8dc07c994a.jpg

Михаил Васильевич Фрунзе туралы қысқаша айтып өтсек. М.В. Фрунзе 1885 жылы Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласында әскери фельдшер отбасында дүниеге келген. Фрунзе 1904 жылы Верный қаласындағы (қазіргі Алматы) ер балалар гимназиясын алтын медальмен бітіріп, Петербургтің политехникалық институтына оқуға түседі. Көп кешікпей РСДЖП қатарына кіріп, астыртын партиялық қызмет атқарды. 

14f5b929449c1bec8b22f7d0a6c408b7.jpg

М.В. Фрунзе 1919 жылы 15 тамыздан Түркістан майданына қолбасшылық етіп, Оңтүстік Оралды алып, Түркістанға жол ашты. Кешікпей анненковшылар мен дутовшылардың қалдығы Жетісудан түгелдей қуылып, тазартылды. 

1ae5e7ab18165b5d587bb2fdf68f4ef1.jpg

1920 жылы 21 қыркүйекте ол Оңтүстік майданның қолбасшысы болып тағайындалды. 1920-1924 жылы М.В. Фрунзе Украина және Кырымдағы әскерлердің қолбасшысы, УКСР Халкомсовы председателінің орынбасары, УК(б)П ОК Саяси Бюросының мүшесі. 

1924 жылы наурыздан КСРО Революциялық-Әскери Кеңесі төрағасы орынбасары және Соғыс-Теңіз істері халкомының орынбасары, ал апрельден Жұмысшы-Шаруа Қызыл Армиясының штаб бастығы, кейіннен Әскери Академияның бастығы болды. 

16d6f17c1f79acc2fbb4e62203ffdb38.jpg

1925 жылы 26 қаңтардан КСРО Революциялық-Әскери Кеңесі төрағасы, ал, ақпаннан Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің мүшесі. Қырғыз КСР-інің астанасына, Әскери академияға, Совет Армиясының Орталық Үйіне, тағы басқаларға Фрунзе есімі берілген.

Алтынбек Құмырзақұлы

Бішкек қаласы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?