Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Отырарда шеберлердің өнері насихатталды

2076
Отырарда шеберлердің өнері насихатталды - e-history.kz

Қазақ өркениетінің алтын діңгегі, көне өркениет ошағы Отырарда «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен «Қолөнер – халық қазынасы» атты республикалық қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті.

Қазақ мәдениетінде байырғы, құнды саланың бірі - қолөнер. Кемеңгерлігі мен көсемдігін сөзге сыйғызған қазақ - өнерден де шет қалмаған. Қазіргі таңда елімізде қазақтың ұлттық қолтаңбалы өнерін жандандырып, оны дамыту жолында еңбек етіп жүрген хас шеберлер аз емес. Еліміздің бірнеше аймақтарынан хас шеберлер, ұлттық қолөнерді жалғастырушылар бүгін Отырардағы жәрмеңкеде бас қосты.

Жәрмеңкенің мақсаты — еліміздегі шеберлердің қолынан шыққан ұлттық бұйымдарды халыққа таныстырып, кеңінен насихаттау, шеберлер арасында тәжірбие алмасу болып табылады.

WhatsApp Image 2022-06-10 at 11.36.57.jpeg

«Қолөнер – халық қазынасы» атты республикалық қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесін ашып беру үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сейітова Күміс Қарсақбайқызына сөз беріліп, ол өз сөзінде қолдарынан бал тамған өнер иелеріне сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға министрдің атынан алғысын жеткізді. Одан соң, Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов пен «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы диркторының м.а Жангелді Махашов және Бүкіләлемдік қолөнершілер кеңесінің Азия-Тынық мұхит өңірі бойынша вице-президенті, «Біздің мұра» қоғамдық қорының Президенті, ҚР Қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұловалар құттықтау сөз сөйлеп, қолөнер шеберлерге сәттілік тіледі.

Құттықтаулардан соң, шеберлердің туындыларын сарапқа салып, баға беретін әділ қазылар таныстырылып, республикалық жәрмеңкенің лентасы қиылды.

WhatsApp Image 2022-06-10 at 11.36.58.jpeg

Жәрмеңкеде алуан түрлі сыйлықтар – зергерлік бұйымдар, керамика, былғары, ағаштан, тоқымадан жасалған бұйымдар қойылды. Ұлттық оюмен өрнектелген қазақи киімдер де жәрмеңкенің көркін ашты. Жәрмеңкедегі қандай да бір заттан қазақтың тарихы, тағдыры, тәлімі мен тәрбиесі, даналығы мен дала көңілі айқын көрініп, көздің жауын алды.

Сонымен, жәрмеңкеге қатысқан 60 шебердің туындылары бағаланып, шеберлер марапатталды. Барлық шеберлерге сертификаттар беріліп, бірнеше шеберлерге олардың өнерпаздықтарын дамытуға ынталандыра отырып, ынталандыру сыйлықтары табысталды. Әртүрлі номинация бойынша да үздіктер анықталып, оларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар берілді. Жүлдегі орын бойынша ІІІ дәрежелі дипломды отырарлық шебер Құттығыз Палмахат және семейлік Нулай Сұлтанова иеленсе, ІІ дәрежелі дипломды Ақтөбе қаласынан келген Атраубаев Болат, ал І дәрежелі дипломды Түркістан қаласының шебері Тасов Қалмырзаға бұйырды. Ең үлкен жүлде қорымен Бас жүлде Алматы қаласынан ат артып келген Абдуайт Айжан марапатталды.

Мерекелік шара соңында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы директорының м.а Жангелді Махашов тартымды да талғамды өткен іс-шараға қатысушыларға алғысын жеткізіп, музей қызметкерлерін министрдің марапаттарын табыс етті. Атап айтар болсақ, таныстырушы Әмзе Нұрсейіт Номанұлына «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталса, Бас есепші Айнұр Жүсіпқызы, ғылыми қызметкер Нұрлан Сералы, Гүлмира Арыстанбаевалар Құрмет граммотасымен марапатталды.

Бүгінгі жоғары деңгейде өткен республикалық жәрмеңке ұлттық қолөнер бұйымдарының ешқашан бағасы бәсеңдемей, құндылықтары сақталатыны тағы бір дәлелденді.

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы ұжымы атынан жәрмеңкеге қатысқан алтын қолды шеберлерімізге және іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барлық азаматтарға алғысымыз шексіз!

 

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының баспасөз хатшысы Ү.Жұмабайқызы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?