Батыс Қазақстан облыстық Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығында келушілерді қабылдауға арналған визит орталық ашылды.
Хан сарайымен үйлесімді салынған, келушілерге жайлылық сыйлайтын жаңа технологиялармен жабдықталған визит орталығының мақсаты – өлкеміздің мәдени мұрасын еліміз бен шетелге насихаттау, Хан Ордасы музей-қорығында, ауданымызда орналасқан тарихи ескерткіштерді қорғау және олардың сақталуың қамтамасыз ету, келушілерге толық ақпарат беретін және заманауи талаптарға сай туристік орталық қалыптастыру.
Мұндағы қызметкерлердің айтуынша, келушілер алдымен ресепшннен музей-қорық музейлері туралы сұрақтарына толықтай жауап алса, музей-қорық төлқұжатынан, электрондық киоскіден әрбір келуші өз бетінше мәлімет алуына болады.
"Музей-қорыққа балалар мен сәби бар ата-аналар да көп келеді. Музейлер бірнеше ғимаратта орналасқандықтан, ата-аналары бұрын бөбектерін ғимараттан ғимаратқа алып жүретін. Енді міне арнайы “Балалар бөлмесі”жасалып отыр. Балалар теледидардан танымдық мультфильмдер көріп, ұнатқан ойыншығымен ойнайтын болады. Сондай-ақ осында ақпараттық бөлімдер, фотостудия, кафетерий орналасқан"-дейді музей-қорығының ақпарат бөлімінің басшысы Г. Нұрболатқызы
Сонымен қатар “Ақпараттық бөлімінінің” жұмыс кабинетінде көпшілікке ұсынатын ақпараттар дайындалады.
Ақпараттық зал өнер қайраткерлерінің, ақындардың өз даусымен жазылған таспаларды тыңдауға, олар туралы мағлұматтар алуға және әртүрлі шаралар ұйымдастырылады.
Хан Ордасы музей-қорығының ақпарат бөлімінің басшысы Гүлзада Нұрболатқызының айтуынша, визит орталықпен қатар 2 музей және әкімшілік ғимарат ашылған. Оның бірі – Алма Оразбаева атындағы мемориалдық музей болса, екіншісі – Сейітқали Меңдешев атындағы мемориалдық музей.
Фотостудия залы келушілердің ұсыныстарымен осы залда не болмаса музей-қорық ауласында, музей экспозициясында суретке түсіріп, сол сәтте шығарылып береді. Бұған қоса түрлі тақырыптағы буклеттер, жолсілтемелер, т.б. бастырылады екен.
Бір қуанарлығы, мұнда Музей қонақтарының ауқаттануына арналған кафетерий де бар екен.