Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Көне ғимараттар. «Жасыл» мешіті

2283
Көне ғимараттар. «Жасыл» мешіті - e-history.kz
Ақмола бекінісінің салынған алғашқы жылдарында ағаш мешіт бой көтерген. 60 жылдан кейін қалада «Жасыл» мешіті салынған. Міне, бүгін бұл туралы толығырақ айтып береміз.

«Жасыл» мешіті атауын естігенде, Түркияның Жасыл мешітінің бейнесін көз алдымызға елестетіп отырмыз. XV ғасырда Бұрса қаласында бірегей діни кешен салынған еді. Оның құрамында мешіт, медресе мен сағана бар. Ақ оюлы мәрмәрден қаланған мешіттің сырты әдемі болып көрінеді, ал ғимараттың іші зеңгір көк, жасыл, көгілдір түсті фаянспен қапталған. Ал ғибадатхана жасыл бояумен сырланған екен, сол себептен көпшілік «Жасыл мешіт» атап кеткен. 

Қызығы сол, бір кезде Астана қаласында да «Жасыл мешіт» болған. Ол Республика мен Абай көшелерінің қиылысында орналасқан еді. Біздің уақытымызға дейін тек мешіттің ақ түсті дуалы сақталып келген, ал мешіттің өзі бұзылған. «Жасыл» деп аталып кеткен мешіт 1895 жылы ақмолалық бай татар көпес Н.Зәбировтың қаражатына салынған. Ол Орта Азия және Оралмен ірі сауда жасаған. Үрбіт жәрмеңкесіне қатысып, Ақмола қаласында орналасқан «Айырбас ауласында» көпес меншігінде қоймалар болды. Тарихтан білетініміздей, көпес керуендердің бағытына кедергі жасамаймын деп, өзендер мен жыралардың үстіне көпірлер салғызды. 

692835536a733477a8b79ef21fa68a32.jpg

Мешіт халық арасында «жасыл» немесе «татарлық» деп аталып кеткен. Көпес Зәбировтың әдеті сол, қандай да құрылыс тұрғызса да жасыл бояумен сырлайтын болған екен. Сол себептен көпшілік «Жасыл мешіт» атап кеткен. 

Алайда басқа дереккөздерге қарағанда, ғимараттың өзі жасыл түсті болған, ал кейбір деректер бойынша, құрылысты қоршаған дуалдың түсі жасыл болған. Сол себептен Астана қаласының мұрағатына барып келіп, мешіттің жалғыз фотосуретін тауып алдық. Фотосуреттегі ғимараттың түсі — ақ (сұр түсті деуге болатындай), ал мешіттің түсі жасыл болуы мүмкін. 

7b14387f3e5d07363b3df2b8188c3f1a.jpg

Қайта құру кезеңінде мешіт адам қолымен құлатылған, ал оның орнында Цилиноград қаласындағы облыстық комитеттің бай үйі пайда болды. Мешіттің дуалы сақталған. Қазіргі кезде де мешіттің дуалы жаңа Астанада ең алғаш болып салынған ғимараттардың бірі — «Интерконтиненталь» қонақ үйінің қасында, халқы көп көшлердің қиылысында тұр. 

78f947b0107e73512fb32ac57ad8569c.jpg

Металдан жасалған, қақталған шарбақтар қазіргі уақытымызға дейін сақталған. Кірпіш бағаналар мен бас кірудің қақпалары бір-бірімен аркалар арқылы байланысып жатыр.

37adf256991b93e98f432cc5462f8ae0.jpg

«Жасыл» мешітін Ақмола қаласында бір жарым ғасыр бұрын салынған басқа бір ағаш мешітпен шатастыру оңай, бірақ екіншісі мүлдем басқа жерде орналасқан. Аталмыш мешіт орталық алаңның қасында, қазіргі Конгресс-холдың артында, тұрған еді. Бұл қаладағы алғашқы мешіт болған. 1838 жылы жергілікті тұрғындар үшін аға сұлтан Қ.Құдаймендінің жеке қаражатына мешіт тұрғызылған. Діни мереке күндері оған таяу маңдағы ауылдардың қазақтары жиналып келетін болды. Осында намаз оқып, Аллаға құлшылық етті. Ақмола мешітінің жанында қазақ медресесі болды. Онда молда Қарабек Байбеков балаларға ислам ілімін үйретті. 1838 жылдан бері мешіт қаланың көрікті орындарына айналып кеткен. 

 Өкінішке орай, 1920 жылы мешіт өртке ұшырады.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?